Синтетикалық каучуктер өндірісі – мұнай химиясының басты саласы



бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі21,26 Kb.
#85229
1   2   3
Байланысты:
Синтетикалық каучуктер өндірісі

Технологиялық қасиеттерi.
Негiзiнен синтетикалық изопрендi каучуктердi өңдеудiң технологиясы табиғи каучуктiкi сияқты. Дегенмен изопрендi каучуктердiң тұтқырлығы төмен, ал молекулалық салмағы жоғары “жалған” аумақтың болуы салдарынан ингредиенттерiн алдын-ала енгiзуге болады және олар нашар дисперсияланады. Бұл жағдайды изопрендi каучукердi пластикациялау және араластыру кезiнде ескеру қажет.
Қоспаларды дайында-ғанда изопрендi каучуктi иiлiмдетудi (пластикациялауды) 93-1070С темпера-турада химиялық пластификатор пентон 65 (каучуктiң 100 салм.б. 0,25 салм.б) қатыстыра отырып резина араластырғышта жүргiзуге болады, ал сосын қалған ингредиенттердi қосады. Бiлiктерде араластырғанда НК негiзiндегi қоспаларды араластырғандағыға қарағанда бiлiктер температурасын төмендеу ұстап тұру қажет, сонымен бiрге әрбiр вулкандаушы топ үшiн араластыру режимiн таңдап алу қажет.
СКИ-3 негiзiндегi резина қоспаларының когезиялық берiктiгi төмен, сондықтан оны арттыру үшiн СКИ-3 1:1 қатынаста НК қосады. Сонымен қатар изопрендi каучук пен НК жеке-жеке иiлiмдейдi, ал сосын араластырып, әдеттегiдей етiп ингредиентердi енгiзедi.Технологиялық және механикалық қасиеттерi жағынан СКИ-3 СКИ-ден асып түседi.
СКИ артықшылығы механикалық өңдегенде және күйемен араластырғандағы оның температурасының баяу өсуi болып саналады.
СКИ негiзiндегi резина қоспаларының желiмденгiштiгi, басқа СК негiзiндегi қоспалардыкi сияқты төмен. СКИ-3 негiзiндегi қоспалар жоғары желiмденгiштiгi және аққыштығымен сипатталады, сол себептi оларды пiшiндi бұйымдар жасауға, сондай-ақ шиналар жасауға қолдануға болады, бiрақ кейiнгi жағдайда НК қосып пайдаланған дұрыс.
НК сияқты изопрендi каучуктерде де созғандағы берiктiк шегi бойынша вулкадау оптимумы өте анық байқалады. Ұсынылатын вулкандау температурасы 1330С. Температураның өсуi процестi үдетедi, бiрақ сонымен қатар салыстырмалы ұзару мен берiктiк көрсекiштерiнiң абсолюттi мәндерi төмендейдi, бұған температура артқан сайын күшейе түсетiн бұзылудың өтуi себепкер.
СКИ мен СКИ-3 үшiн вулкандау тобын дұрыс таңдау және ның қоспада бiрқалыпты тарауы өте маңызды. Вулкандаушы заттардың бiртегiс таралмауы жергiлiктi артық вулкандануға немесе толық вулканданмауға апарып соғады, яғни бұл резиналардың механикалық қасиеттерiне керi әсер етедi.
Бұл каучуктердi вулкандауға арналған үдеткiштердiң мөлшерi күкiрттiң аз мөлшерiнде НК вулкандауға арналғанға қарағанда көп болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет