Сипаты: Арғы түркі – Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата25.09.2022
өлшемі73,39 Kb.
#40117
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
4 апта Тарих


Сипаты: Арғы түркі – Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Негізгі сұрақтар

  1. Ежелгі дәуірдегі дүниетаным мен табиғат пен адам арасындағы байланыстар мәселесі (зорастризм, шаманизм, анимизм, тотемизм, фетишизм, тәңіршілдік).



Зороастризм
Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан, қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні — Тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмнің, христиандықтың ықпалдары болды.
Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі —Заратуштрашылдық немесе зороастризм. Бұл діннің негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен.
Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы — от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Қазақтың не нәрсені отпен аластауы, отқа май құю рәсімі сол зороастризм қалдығы болса керек. Зороастризмнің екінші бір қағидасы — дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан тұратындығы туралы ұғым. Мысалы, рухани—тәндік, пайдалы—зиянкес, адал—арам, ақ—қара, жақсы—жаман, т.б. Қазақстан жерінен зороастризм орындары ашылған. Соның бірі — Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны. Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа күлін салып қоятын болған.
Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз — адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм — белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі.
Анимизм — бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия — жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет