Сипаты: Арғы түркі – Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата25.09.2022
өлшемі73,39 Kb.
#40117
түріСабақ
1   2   3
Бақсылық Бақсы ежелгі түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік, көріпкелдік, сиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері барадам .
Бақсы ертедегішаман дініне сақталған ұғым. Ол кезгі сенім-наным жан иесі тұрпайы денеден және нәзік болмыстан тұрады. Адам өлген соң жан денені тастап, рухқа айналады. Рух фәни дүниеде түрлі қалыпқа еніп, әрекет жасайды, бұлар табиғат құбылыстарына да әсер етіп отырады деп түсіндірілді. Бақсы тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам. Бақсы гипноздық өнер де көрсете алады. Бақсы бақсылық жасағанда қай жаққа қолын сілтесе, сол жақта 5-10 қадам жерде тұрған заттар қылышпен шапқандай кесіліп кете береді. Киіз үйдің туырлығы тілініп, кірпіш үйдің қабырғасы қақ айырылады. Көрермен жұрт мұның бәрі бақсының «керемет» әрекеті деп біледі. Қылыштың жүзімен жүреді. Шоқ темірді қолымен ұстап, тіліне қариды, өткір пышақпен өз мұрнын өзі «кесіп» тастайды. Ақыр аяғында денесінде бір де бір жара, не сызат, белгі қалмайды. Бақсыларға тән айрықша қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, «жынын шақырып» зікір салу немесе гипноздық, т.б. «керемет» көрініс, әрекеттер жасау арқылы науқастың жүйкесіне әсер ете емдейді. Табиғаттың құдіретті күштеріне иландырады, өзіне баурап алады. Ол үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да, кейін де сенді.
V ғасырдағы ғұн патшасы Еділдің (Атилла) айналасында көптеген даңқты бақсылар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бұрын болжап, патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген . Қазақта ең атақты бақсы бағаналы Қойлыбай – барлығының пірі, қорғаушысы. Одан соң бағаналы Балақай бақсы, Жанақ бақсы, Көкшетау даласында Шөмен бақсы, т.б. болған. Бақсыны басқа тілдерде: шаман, экстрасенс, мистик, йога, спиритуалист, т.б. деп атайды. Қазақ жеріне мұсылман діні ене бастағаннан кейін ел өмірінде бақсылардың алатын орны мен рөлі төмендеді.
Бақсылықтың нақты қай кезде қалыптасқаны белгісіз. Ислам діні енгеннен кейінде бақсылыққа оның ықпалы болмай қалған жоқ. Адамның науқастанарылуы, сәуегейліктің шынға айналуы бірінші Алланың, одан соң әулие-әнбиелердің, аруақтардың қолдауымен жүзеге асады деген түсінікке қарай біртіндеп ойысты. Ертеде бақсылар ел ішінде кез келген жағдайда көмекке келетін, құрмет тұтқан тұлға болды. Шаман Тундра аймағында үлкен рөл атқарды.
Ш. Уәлихановтың және И. Ибрагимов жазбаларында бақсы толғақ қысқан әйелге қаскөй албастыны қамшының көмегімен қуатыны туралы айтылады.
Аруақ – жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған діни наным бойынша өлген кісінің тіршіліктегі адамдарды желеп-жебеп жүретін жаны (аруағы). Халықта аруаққа, әсіресе тірісінде ел ағасы, рубасы, би, батыр болған қадірлі адамдарды қасиет тұтып, киелі санап, соның аруағына сыйыну салты кең тараған. Ертеде ел қорғауға аттанған сарбаздар майданға кіргенде, жекпе-жекке шыққанда немесе намысқа шапқанда руға, алашқа ұран болған аталар аруақтарына сыйынған. Қазақтар зират маңынан өтіп бара жатып дұға оқиды, алақанын жайып аруақтарға арнап дұға, бата жасайды. Басына күн туып, ел-жұртынан ауып бара жатқандар зираттан бір уыс топырақ ала кетеді. Малға індет тигенде зиратқа түнетеді. Бала көтермеген әйелдер, созылмалы сырқаттар аруақтардан қайыр-шапағат тілеп, басына түнейді.
Қазақта «өлі риза болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Сондықтанда аруақтарға арнап Құран бағышталады, мал сойылып құрбандық беріледі. Олардың молаларына зират жасалынады. Қазақ аруақ сыйлаған халық. Аруақтарды құрметтеу сыйлау қазіргі кезде діни сипаттан көрі дәстүрлік сипатқа ие.



  1. Ерте темір, қола дәуіріндегі мәдени жетістіктер, түркілік жазба жәдігерлер және қала мәдениеті.

Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезенін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.
Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.

Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.
Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына жатады.
Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді.
Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі "жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады.
Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды. Мамандардың пікірінше, малшылықтың жылжымалы түріне ауысуына дала тұрғындарының тек ішкі дамуы ғана емес, ауа райының біртіндеп өзгеруінің салдарынан даланың құрғақтануы (аридизация) да ықпал етті. Сол заманда бұл ауысу онтайлы, үлкен прогрессивті мәндегі көрініс еді, ол даланың табиғат қорларын барынша толық пайдалануға мүмкіндік берді.
Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.

Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге
Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы I-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды.
Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады.

Мұртты қорғандар не үшін салынған? Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалу туралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П.И. Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл мезгілін аңықтау үшін пайданылған. «Мұртты» кешендер астрономиялық болжамдар үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ бұл оның құрылысында маңызды болмаған. Кейде осындай қорғандар бір-бірінен бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан, кейбір обаларда екі мұртты қорғандар болған. Аспанды бақылау үшін бір обсерватория бар кезде екіншісін тұрғызудың қажеті қандай? М.К. Қадырбаевтың пікірі бойынша тастан қаланған мұртты кешендер жерлеу ғұрыптарына арналып салынған және тасмола тайпаларының күнге табынушылығын айқындады.
Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты" обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санынын 80 % астамы осы аумақта шоғырланған.байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағанда орналаскан. Жалпы "мұртты" обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы "мұртты" обалардың таралым аясы Қазақтың ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.
Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр.
Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.
Тасмола коғамында кола кұю ісінін үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттін жетекші категорияларынын бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен катар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. VII-VI ғ.) өзінде-ақ пайда болган.
Ерте сатының (б. з. б. VII-VI -ғ.) екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай "хайуанаттық шытырман" деп аталып кеткен стильде дайындалған көп фигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс - алыстағы Туваның "алдыбел" ескерткіштеріне ұксап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
Екінші сатыда (б. з. б. V-IV-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.

Үшінші корғантас сатысымең (б. з. б. III-I-ғ.) тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық, жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаңалықтар көрініс берді.
Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы - Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.
Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.
Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Бұл ІІІ мыңжылдыққа созылып, дала тұрғындарының ең негізгі кәсібіне айналған. Көшпелілер даланың барлық жерін игеріп, өзінің күшті көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек көшпелі империялардың бастамалары болып қаланған.



  1. XIII-XV ғ.ғ. Қазақстанның рухани мәдениеті (халық ауыз әдебиеті, қыпшақ тіліндегі жазба әдебиет, т.б.)

Қазақстан аумағындағы орта ғасырдағы ең қуатты мемлекеттер саналған Алтын Орда және Шағатай Ордасының пайда болуы бір жағынан сауда-саттық пен қала мідениетінің өркендеуінеәсер етті. Алтын орда дәуірінде кошпенділер отырықшылық өмір сүріп, егін шаруашылығынын игілігін көрді.Алтын орданың екі арнаға болінгенімен, бір-бірімен өзара үйлесім тапты. Демография жағынан бол мәдинеті Евразияның көшпенділері мен отырықшы халықтары құрады сонын нәтижесінде Сығанақтың, Женттін, Саураннын, Отырардын міденеті қайта қалпына келтіріліп өркендеді. Қалаларда қыш өндірісі, кірпіш күйдіру, мыстау, қолалау,алтындау,зергерлік,әйнек өндіру,сүйек кесу, тас кесу, тоқыма мен кілем тоқу тәрізді кәсіптер дамыды. 15 ғ ортасында сауда саттық қайтадан жолға қойылып, орта Азияда тауар ақша қатынасының айтарлықтай дамығаны байқалады, оған Отырарда, Түркістанда және басқа Қазақстанның қалаларында кейіннен табылған тенгелер дәлел. Орталық Қазақстандағы Жошы хан(14ғ) мазары, Тараздағы Дәуіт-бек (14ғ) мазары, орталық Қазақстандағы Алаша хан мазары(14-15ғ), Түркістандағы Қожа Ахмед Яссауи мазары(14-15ғ), Сығанақтағы Көк Кесене, Отырардағы мешіт ғимараты, монша құрылыстары(14-15ғ) сол кезеңнің ғажайып сәулет ескерткіштері болып табылады. 13-15ғғ рухани өмір қайта жанғырғанымен, моңғол тілі Қазақстанда кең тарала алмады. Мөңке мен Батый хан тұсында бүкіл мемлекеттік және ресми құжаттар түркі тілінде жүргізілді. Алтын орда дәуіріндегі жазба әдебинт қыпшақ, оғыз және қарлұқ тілдерінде жүргізілді. 13-15ғғ. Қыпшақ тілінде діни-дидактикалық сипаттаы бірқатар кітаптар мен сқздіктер шықты. Бұл орайда мына әдебиеттерді ерекше атауға болады: «Кодекс куманикус»,»Оғызнама»,сондай-ақ авторлық туындылар, Яғни Хорезмидің «Мухаббат-намасы»,Кутбтың «мен Шырыны», Сайф сараның «Гүлістан би-түркі», Дүрбектің «Жүсіпп-Зылихасы», Рабгуздің «Киссас уль-ания» және т.б.13-15 ғғ. Жазба әдебиетпен бірге көшпенділердің дәстүрлі жанры-ауыз әдебиеті қатар дамыды. Әсіресе бұл кезенде жыршылық дәстүрге ерекше мән беріліп, Асан қайғы, Қазтуған,Доспанбет және Шалкиіз жыраулардың жырлары ел арасында кеңінен тарады. Мұндай көркемдік дәрежесі жоғары шығармашылық құбылыс Сыпыра жырау мен Кетбұғадан басталады. Халықтың айтуынша, Кетбұғы Шыңғысханға арналған сазында Жсшының өліміне байланысты жоқтау айтқан еді. Тоқтамыс ханның тұстасы болған Сыпыра жырау Алтын Орда беделі үшін белсене күресті. Жыраулардың есімі халықтың ауыз әдебиеті мен бірқата жырлары арқылы қазіргі ұрпаққа жейін жетіп отыр. Ауызша айтылып келген эпостық шығармалардың орны ерекше. Эпостық жырлар (Едіге, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Ер Сайын )Алтын Орданың тарихн, хандардың қызметі мен батырлардың сыртқы жаулардың елді қорғаудың ерліктерін мадақтап, жырға қосты. 14ғ орта кезінде Қазақстан даласында ислам діні кеңінен тарады. Қазақств\анда исламды насихаттау үшін діни суфизм ағымы-яссауи мен накшбанди пайда болды. Қыпшақ тілінде дін уағыздарына байланысты зерттеу трактаттары жазылды. 1430ж Құранға, онвң сүрелеріне түсіндірме берілген «Китаб ад-Дагва» еңбегінде исламның әдет-ғұрыптары, шариаттың мінез-құлық ережелері, діни құқықтары тураы жан-жақы жазылды. Дегенмен көшпелі бұқара халықтың санасында дәстүрлі діни нанымдар сақталып қалды. Қорыта айтқанда, 13-15ғ кезеңі Қазақстан тұрғындары үшін материалдық жағынан да, рухани мәдениеті жағынан да гулдену дәуірі болды. Тұтастай алғанда, бұл кезеңде қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің негізі қаланды.

4. Еуразия мен Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғамның даму эволюциясы және Көшпелілер мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесі.


Еуразия мен Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғамның даму эволюциясы туралы білесіңдер. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара тиімді байланыстардың жергілікті этностық негізде жүргендігі туралы танып білдіңдер.
Көшпелілердің тарихына арналған еңбектер XVIII ғасырдан бастап пайда болды. Оның көпшілігінде көшпелілердің саяси-әлеуметтік мәселелері қарастырылып, көшпелілер ешқашан таптық, қоғамға жетпеген, оларда мемлекет болмаған делінді. Ал мемлекеттің алғашқы нышандары бар деп есептеген зерттеушілер оны өте беделді тайпа көсемдерінің релімен байланыстырды.
Осындай мағынадағы еңбектер XIX—XX ғасырларда да жарық көрді. Дегенмен шетелдерде жарияланған еңбектердің көпшілігінде көшпелілерде мемлекет болғандығы мойындалды. Олар бірақ көшпелілердегі мемлекеттіктің және империялардың пайда болуын тек жаулап алушылықпен байланыстырды. Олардың ойынша, көшпелілердегі мемлекеттер сол қоғамның өз ішінде қалыптасқан өндірістік заңдылықтар арқылы емес, көшпелілердің отырықшы халықтарды жаулап алуы, солардан үйрену арқылы пайда болған дейді.
Көшпелілер өркениетінің құрамдас белігі болып табылатын қазақ мемлекетінің пайда болуы мен дамуының тарихы тереңде жатыр. Негізін Керей мен Жәнібек салған Қазақ хандыгы XV ғасырдың 60—70-жылдары құрылды. "Сонда Қазақстан аумағында оған дейін мемлекет болмаған ба?" деген заңды сұрақ туады. Жалпы, бұған дейінгі Қазақстан тарихнамасында XV ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырға дейін өмір сүрген Қазақ хандығы да мемлекет ретінде саналған жоқ. Тек "қыргыз- қайсақтардың үш ордасы" деп есептелді. Көшпелі қоғам рулық-тайпалық. бірлестіктерден ғана тұрады. Сондықтан "көшпелілер отырықшы-егінші елдер мен халықтарды жаулап алмайынша, өз мемлекетін құра алмайды" делінді. Бұл ұлыдержавалық көзқарас патша үкіметінің ресми өкілдері ғана емес, буржуазиялық тарихнама өкілдері тарапынан да қолдау тапты. Отарлық саясат патша үкіметінің "мәдениет пен өркениет" миссиялары туралы сөздерімен бүркемеленді. Патша шенеуніктері: "Қазақтар — жартылай жабайы, көшпелі халық", — десе, буржуазиялық тарихшылар: "Қазақтар — жартылай алғашқы қауымдық сатыда тұрған халық, оларда рулық құрылыс үстемдік етеді", — деген қорытынды жасады.
Кеңес дәуіріне дейінгі Ресей тарихшылары: "Қазақтарда мемлекет те, хандық та болған жоқ, хан деген сөз қатардағы ру, тайпа басы мағынасында ғана қолданылды", — дейді. Бұл көзқарас бойынша патшалық Ресейдің қоғамдық-экономикалық құрылысы "тұрпайы", "көшпенді бұратаналардан" әлдеқайда жоғары болғандықтан, оларды Ресейдің жаулап алуы ілгерілеушілік қадам болды.
Кеңес дәуіріндегі кейбір зерттеушілер: "Көшпелілерде мемлекет қалыптасып үлгерген жоқ, олар тек шаруашылық қауым деңгейінде өмір сүрді", — дейді. Олардың пікірі бойынша, көшпелілер таптық қоғам құра алмады, жерге жеке меншік болмағандықтан, мемлекеттік құрылым да болған жоқ. Көшпелі мал шаруашылығы қауымның бытыраңқы, шашыраңкы жағдайын қажет етеді.
Сөйтіп, дүние жүзі халықтарының тұрмыс-тіршілігін, саяси құрылысын еуропалық үлгімен кесіп-пішетін ғалымдар дүниежүзілік тарихтағы түркі-монғол көшпелілерінің рөлін толығымен жоққа шығарды. Еуропа мен Ресей ғалымдарының басым көпшілігінің Шығыс халықтарының тарихына деген осындай көзқарастарын еуроцентризм деп атайды.

Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері[өңдеу]


Мемлекет элементтері ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Монғолдардың тұсындағы мемлекеттік құрылымға дербес ұлыстық жүйе енгізілді. Мысалы, зерттеуші Г.Федоров-Давыдов Шыңғыс хан империясының әскери қуатын жабайы көшпелілерден тұрғандығынан емес, ұйымдасқан мемлекеттің болғандығымен түсіндіреді.
Қазақ мемлекеттілігінің пайда болу тарихын оқып-үйренгенде, көшпелілер өркениеті қағидалары тұрғысынан қарастырылады. Себебі Ұлы далада көшпелі өндіріс тәсілі үстем болды. Соңғы жылдардағы ғалымдардың зерттеулерінде қазақ халқының мемлекеттігі болғандығы толығымен мақұлданды. Мәселен, тарихшы ғалым М.Қозыбаев мемлекеттілік болу үшін қандай белгі-нышандар керек екендігін айта келіп: "Ұлы далада мемлекеттік құрылымдар, тайпа одақтары мен қағанаттар Еуропадан ерте пайда болды, — деп атап көрсетті. — Қазақ хандығында мемлекетке тән негізгі белгілер болған", — деп тұжырымдады.
XX ғасырдың 30—50-жылдарында көшпелілердің феодалдық мемлекеті туралы пікір орнықты. Бұл көзқарас бойынша, "көшпелілер адамзат дамуының жалпы арнасында жүре отырып, таптық қатынастарға жетті" деген тұжырым жасалды.
Кезінде ағылшын экономисі А. Смит мал көшпелілерде ертеден жеке меншікке айналғандықтан, оларда мүліктік және әлеуметтік жіктелу де, қоғамдық саяси институттардың құрылуы да тез жүретіндігін атап көрсеткен болатын.
Шынында, алғашқы еңбек бөлінісі бақташы тайпалардың бөлініп шығуынан бастау алып, маманданған көшпелі мал өсіруге ауысқан кезден-ақ (б.з.д. 2-мыңжылдықтың соңы — 1-мыңжылдыктың басы) малға жеке меншік, мүлік теңсіздігі өмірге келді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағындағы сақ, үйсін, ғұн, каңлыларда біздің заманымыздың шегінде мемлекеттік белгілер пайда болды.
Дегенмен Батыс Еуропа елдеріндегі мемлекеттің қалыптасуы және дамуымен салыстырғанда өзгешеліктер болды. Оған шаруашылықтың даму ерекшелігі тікелей әсер етті. Шығыс елдеріндегі көшпелі қоғамда ру-тайпа байланыстарының берік болғандығы белгілі. Көшпелі өркениет кезінде баскару рулық-тайпалық негізде жүрді
Ал көшпелілердің мемлекеттік құрылымына тән ерекшеліктердің көпшілігі бұл мемлекет құрамындағы халықтардың көшпелі өмір-тұрмысына байланысты. Атап айтар болсақ, көшпелі мемлекеттерде ешқашан жоғарыдан шексіз билік орнату мүмкін емес еді. Себебі орталықтан қысымшылық күшейген жағдайда халықтың басқа тайпа немесе мемлекеттік бірлестіктің қол астына, қамқорлығына көшіп кетуі әбден мүмкін болды. Сондай-ақ басқа тайпа бірлестігінің билікті басып алу мүмкіндігі үнемі төніп тұрды.
Келесі бір ерекшелігі — көшпелі мемлекетте жоғары саяси билікті жүзеге асыруда әулеттік үстемдік орын алғанымен, бұл үстемдік ру-тайпа өкілдерінің билеушіні сайлап қою мүмкіндігімен шектеліп отырды. Бұл да дала демократиясының бір көрінісі еді.
Сонымен бірге бұл мемлекетте тұрақты әскер болған емес. Қажет болғанда кез келген көшпелі әскер қатарына қосылатын.
Бүгінгі танда тарихи үдерістерге бұрынғы қоғамдық-экономикалық формация өлшемімен қарау және өркениеттік тұрғыдан бағалау қалыптасып келеді. Өркениетке тән белгілердің бірі — мемлекеттің болуы. Демек, басқару ұйымының болуы өркениеттің ішкі құрылымының бір бөлігі ғана. Егер көшпелілер өркениеті бар болса, оларда мемлекеттің болуы да заңды құбылыс екендігі мақұлданды.
Мемлекет — өте күрделі құбылыс, біртұтас табиғи этномәдени және әлеуметтік организм. Демек, оны бір-бірімен байланысты экономикалық, әлеуметтік, саяси, этностық, мәдени үдерістердің жиынтығы (кешені) ретінде кең көлемде түсіну қажет. Ең бастысы — қоғамдағы этностық сана-сезімнің нығаюы ғана оның мемлекет ұйымына бірігуіне алғышарт бола алады.
Көшпелілер де отырықшы халықтармен салыстырғанда өзіне тән ерекшелігі бар мемлекеттік формаларды өмірге әкелді. Олар көшпеліліктен туындайтын рулық (патриархалдық) төртіптерді дамыта отырып, мемлекеттік дәрежесіне жеткізді. Қазақ хандығы көшпелі мемлекет болды. Отырықшылық оның мемлекеттік құрылымының бір ғана элементі еді. Сол сияқты Қазақ хандығы қазақ жерінде бұрыннан өмір сүрген әтносаяси бірлестіктердің; заңды жалғасы болып табылады.[1]

Әдістемелік нұсқау:


№ 3 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, тарихи әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Негізгі әдебиеттер:


1. Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. А., 1985.
2. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (VI – нач. ХІІІ вв.). А., 1986. 3. Байпаков К.М. По следам древних городов Казахстана. А., 1990.
4. Байпаков К.М., Ерзакович Л. Древние города Казахстана. А., 1971.
5. Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған, алғы сөзін жазған А. Егеубаев. А., 1986.
6. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники. Л., 1964.
7. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет (Ақыл кітабы). А., 1993.
8. Қожа Ахмет Яссауи. Хикметтер. А., 2000.
9. Махмұд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. Т. 1-2. А., 1996.
10. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. А., 2007.
11. Түркі деректеріндегі Қазақстан тарихы. 5 томдық. Т. 2-4. А., 2005-2006.
12. Юсуф Баласагунский. Благодатное знание. М., 1983.
13. Қиянатұлы З. Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ - ХІІ ғ. - Астана: Елорда, 2001. - 208 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары: Тарихи-филологиялық зерттеу. А., 1995.
2. Йоллығтегін. Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші / Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзін жазған М. Жолдасбеков. А., 1986.
3. Касымжанов А.Х. Великий мыслитель из Отрара. Аль-Фараби о разуме и науке. А., 1975.
3. Қорқыт Ата кітабы / Аударған, алғы сөзін жазған Ә. Қоңыратбаев. А., 1986.
4. Машанов А. Әл-Фараби. А., 1971.
5. Плетнева С.А. Кочевники средневековья. М., 1982.
6. Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы и ее трансформация в раннеклассический период. М., 1976.
7. Хайруллаев М. Аль-Фараби. М., 1982.
8. Карен Армстронг «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет