Сипаттама: «Шекарасыз тәрбие» атты еңбек екі түрлі мәдениетке бейімделуге



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата22.12.2022
өлшемі158,66 Kb.
#59135
1   2   3   4   5
Байланысты:
shekarasyz trbie lemdegi bala trbieleu piyalary kz 1526649859

Тұлғаны тәрбиелеу
Баланың тұлғалық дамуы бір-бірімен тығыз байланысқан психологиялық, биологиялық және
әлеуметтік үш бағыт бойынша жүреді. Бүгінгі аналар сенімді әрі табысты тұлға қалыптастырудың
кілті баланың өзіне деген сүйіспеншілігінде деп сенеді. Өзін үнемі жоғары бағалайтын адамдар
көшбасшы болудан қорықпайды, әрдайым жаңа жобалар ұсынуға бейім, өздерінің келіспеген
тұсын қорықпай айта алады. Алайда өзін тым асыра бағалау эгоцентризмге де (өзімшілдікке)
әкелуі әбден мүмкін.
Зерттеулер көрсеткендей, баланы әрбір әрекеті үшін үнемі мақтай беру арқылы біз олардың
бойына сәтсіздіктен қорқуды тез ұялатамыз. 
3


Сонымен бірге, балаларына дауыс көтермей, еркелетіп өсіріп қана қоймай, орнымен қатаң
шектеу де көрсете білетін отбасылардан өзіне сенімді тұлғалар шығады. Жеткіншектердің өзін-өзі
бағалауын дамыту саласында ізденіп жүрген ғалым Р. Болистер өзіндік бағалау үшін алдымен
өзін-өзі тануға үйрету қажет дейді. Оның айтуынша, тұлғалық дамудың алғашқы кезеңінде бала
өзіне басқа адамдар тарапынан қарауға бейім келеді. Біртіндеп ол өзіндік тұлғасын дербес
талдауға және бағалауға ұмтылады. Бала бойындағы ұстамдылық пен тәртіп оның жақсы адам,
қадірлі қоғам мүшесі атануы мен мақсатшыл болуына әсер етеді.
Ал Тайваньда ұрпақ тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік мәселелеріне баса назар аударылады.
Олардың табиғатпен етене жақын болуын қадағалап, өзін тануына мүмкіндік береді. Жапония
мен Швецияда қарапайымдылық пен кішіпейілділік сынды ізгі қасиеттер әрдайым жоғары
бағаланады. Сонымен қатар, өздерінің шынайы күшін әділ бағалауға, кемшілікпен жұмыс істеуге
тәрбиелейді. Германияда да балаларға сыни пікір айту, әділ бағасын беру, тіпті кері әсер етсе де,
дұрыс деп саналады.
Жапондар талпына отырып қиындықты жеңу адамның жігерлі болуына көмектеседі дейді. Мұнда
маңыздысы жеңіс пен баға емес (Америкадағыдай), қиын сәттерде ерік-жігерімен алға
ұмытылуға деген дайындықта. Өзгемен жарысуға емес, өзін жақсартуға жұмыс істеу үлкен
жеңіске әкеледі. Өз қателіктерін мойындаудан қорықпайды. Бұл елде балаға қаталдық таныту –
ертеңгі болашағына алаң болу, ынталандыруды білдіреді.
Өзінің жеке басының қажеттіліктері мен армандарының орындалуын өзгеге жанашыр болудан,
көмек беруден және еңбекқорлықтан жоғары деп сендіріп, біз оларды бақытсыздыққа әкелеміз.
Бізді бақытты ететін дүние – айналамыздағы жандармен тату қарым-қатынаста. Ал
кішкентайынан бар назарды талап еткен, өзгелерден өзін жоғары қоятын адамдар кейін қарым-
қатынас барысында қиналып жатады.
Өзін бағалау мен өзін қабылдау мақтауға тәуелді болған
жағдайда балалар тез жеңіле салғыш, қажырсыз және ішкі
ынтасы аз болады.


Америкада дарын жоғары бағаланса, Жапонияда талпыныс пен еңбекқорлықсыз еш сәттілік
болмайды дейді. Қайтпас табандылық – табысқа жетудің кілті. Бар ынтасын сала, тынымсыз
еңбектенген адам кез-келген салада биікке шығады деген пікір талай жапон баласын жетістікке
жетелегені сөзсіз. Балаларымызды қорғаймыз деп біз оларды өмірлік қажет дағдылардан
айыратынымызды аңғармаймыз. Олардың орнына мәселені шешу беру арқылы өздеріне
сенімділігін жойып қана қоймай, қиыншылықпен күресте қауқарсыз қыламыз.
Америкада балалар арасында жанжал шықса, үлкендер араласып, төбелеске дейін жеткізбеуді
дұрыс санаса, Жапонияда балалардың арасына мүлдем түспейді. Бұл оларды қоғаммен етене
араласуға, мәселені өз бетінше шеше алуға, өмірге икемді етуге үйретеді. Бала жаратылысы
туғаннан мейірімді, таза болатындықтан олардың табиғатына араласпаса, мейірімділігі мен
жақсы қасиеттері өз жолымен дамиды.
Делавэр университетінің педагогика профессоры Д.Бер оқушылардан төбелес, өсек және
балағаттап мазақ ету турасында не ойлайтындарын сұрағанда америкалық оқушылардың 92
пайызы ата-анасы не мұғалімдері ұстап алса жазалайды деп өздері үшін қорыққан. Ал 90 пайыз
жапон балалар, керісінше, жаза туралы айтпаған. Олар ең әуелі өзге достарына немесе топқа
зардап келтіруден қорыққан.
Баланың өмір танымында ойын шешуші мәнге ие. Қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған
айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Баланың таным-
түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, осы арқылы болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен
жалғасады. Бір-бірімен ойнау арқылы балалар мүмкіндіктерін біледі, салдардың алдын алады,
өнертапқыштық, тосын заңдылықтар орнату секілді қабілеттерін дамытады. Өкінішке қарай,
заманауи ата-аналар балаларын ерте жастан түрлі үйірме мен оқыту курстарына қатыстыру
арқылы кейбір құнды заттарды ұмытып барады.
Бала дамуының бастапқы кезеңін анықтаушы уақыт деп сеніп, бос өткізіп алғымыз келмейді.
Алғашқы үш жыл бала болашағы үшін маңызды деген жаңа пікірді естіген ата-аналар
Алтын уақыт


балаларының уақытын мүмкіндігінше тығыз етіп ұйымдастырып, бос жібермеуге тырысты. Ерте
жастан дамыту орталықтарына барған балалардың қиялшыл болмайтыны, бақылау сабақтарында
сенімсіз келетіні әрі білімге құлықсыздығы байқалған. Бес жасынан бастап оқып үйренген бала
оқуды жеті жастан бастаған балаға қарағанда орфография жағынан қиындықтарға тап болуы
мүмкін. Физиологиялық тұрғыдан баланың арнайы оқып үйрену уақыттары белгіленген және оны
өз қарқынымен жүргізген пайдалы. Баланы еркін ойнаудан айыру арқылы біз табиғи дамуына
кедергі келтіреміз.
Белсенді демалысты қамтитын күн тәртібі жалпы нәтижеге оң ықпалы бар. Сабақ арасындағы
үзіліс жақсы әсер еткеннен бөлек, білім мен тәжірибенің қайнар көзі деуге болады. 
Балалық шағын алаңсыз ойынмен өткізген балалар математикада, жалпы оқу барысында жақсы
көрсеткіштерге жеткен, жаңа ортаны жатсынбай оңай үйреніскен. Сонымен бірге оқуға деген
ынтасымен, шығармашыл ойларымен дараланған. 
Жапон балабақшасында балаларды құммен ұзақ уақыт ойнатып қойғанда, кей аналар баламды
жазып-сызуға, оқуға үйретпедіңдер деп әкеткен емес. Бала құммен, не басқа да табиғи заттармен
ойнап, ұстап, шығып көрмей шынайы өмірмен және өзімен таныса алмайды. Балалар жасаған
заттары бұзылып қалғанда өкініш, ашу, ыза сияқты сезімдермен күресіп үйренеді; Кез-келген
бала қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайтындықтан, бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық
сипат болады. Мазмұндық-рөлдік ойындардың баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын жүйелі
қалыптастыруда маңызы зор. Мысалы, қазіргі уақытта Германияда «орман мектептері» үдерісі кең
таралған. Балалар орманда ағаштарды, өсімдіктерді зерттейді; құрт-құмырсқамен ойнайды;
жүгіреді. Ал үлкендер тек сырттан бақылап қана қояды.
Оқуға ойын қалай ықпал етеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет