Эссе Сіз қандай тұтынушысыз? Бизнес дегеніміз – зорлық-зомбылыққа жүгінбей, басқа адамның қалтасынан ақша алу өнері. Бұл-америкалық актер М.Амстердамның сөзі. Бизнестің мәнін кәсіпкердің көзқарасы тұрғысынан дәл сипаттағанына таңғаласың! Мен онымен толықтай келісемін. Тұтынушы өзіне қызмет түрін таңдағанда, тауар алғанда нені ескеру керек?
Әрине, кәсіпкер тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандырын тауарлар мен қызметтер ұсынуға тырысады. Егер қажеттілік неізінен қанағаттандырылса, онда кәсіпкер жасанды түрде жаңаларын жасайды. Қалай болғанда да, оның тауарлары сатылуы керек. Бұған мысал ретінде фармацевтикалық бизнесті алайық. Фармацевтер ел тұрғындарын йод жетіспейтіндігіне сендіреді. Мұны білген халық жаппай «Йод-актив» дәрісін сатып алуға көшеді. Содан кейін олар остеопороз қаупі төніп тұрғанына сеніп, кальций ішуге көшеді. Ал кальций өздігінен адам ағзасына сіңбейді. Бұған қарап жатқан ешкім жоқ. Бәрі бірдеңеден қалғандай, кальций сатып ала бастайды. Дәрігер ешкімді дәрі сатып алуға мәжбүрлеген жоқ, ол тек ішу керектігін айтты. Осы жерде жарнаманың ролі «зор». Жарнама берушілер жарнама арқылы адамның денсаулығында үлкен кінәрат бар екеніне сендіреді. Ол жарнаманы көрген халық бірден дәріханаға жүгіреді. Ал бұл бизнестің иелері тек байыған үстіне байи береді. Статистика бойынша фармацевтикалық фирмалар соңғы жарты жылдың ішінде бірнеше жүздеген миллион доллар табыс тапқан, оның үштен бір бөлігі жарнамаға жұмсалған.
Адамның осыдан бірер минут бұрын сатып алғысы келмеген нәрсені қалай алып қоятындығын мысалға келтірейік. Маркетингтік тәсіл – кәсіпкерлер үшін экономикалық ойдың ең құнды өнімі. Сатушылардың клинеттерге аса қажет емес заттарды ұсынатын ережелерге арнайы үйретеді. Ол қандай ереже? Супермаркеттердің кассаларында шоколад, сағыз, батарея және ұсақ тауарларды әдейі қояды. Олар, әдетте, қымбат болмайды. Осылайша, дүкенге нан мен сүт алуға келген адам ұсақ-түйек заттарды қалай алып қойғанын білмей қалады.
Тұтынушыны «қақпанға түсіретін» тәсілдердің бірі – жеңілдіктер. Алдымен, бағаны жасанды түрде үш есеге көтереді. Өнім сұранысқа ие болмағаннан кейін оны «отыз пайыз жеңілдікпен» сатуға көшеді.
Сұранысты әрдайым жоғары деңгейде ұстау үшін бүкіл сала жұмыс істейді. Тұрмыстық химиялық заттарды өндіруді қолға алыңыз: шаштың ұқыпты көрінуі үшін сусабын қажет. Сусабынмен бірге бальзам, кондиционер қосып аласыз. Есесіне, кәсіпкерлер байып жатыр. Тұтынушы да риза.
Міне, көріп отырғандарыңыздай, тұтынушылардың қалтасынан ақша шығару – өнер. Мықты маркетинг үшін қиялыңызды ұштау керек. Мұндай креативтермен компанияның бүкіл шығармашылық бөлімі айналысады. Сату үшін нарыққа сауатты жарнама жіберіп, тұтынушының психологиясын жақсы білу қажет.
Сонымен сіз қандай тұтынушысыз? Жоғарыдағы кеңестерден не түйдіңіз? Қызмет түрін таңдағанда, тауар алғанда маркетингтік тәсілдердің қақпанына түсіп қалмаудан сақтаныңыз. Бізге, тұтынушыларға, қырағылықты жоғалтпай, ақшамызды қайта-қайта есептеп, тым аңқау болмағаныңыз дұрыс.