Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі. Хабарламалық эссе



бет2/3
Дата26.11.2022
өлшемі21,55 Kb.
#52764
1   2   3
7.Сыни талдау. Мақсаты: түпнұсқа мәтінде берілген идеяларды түсінгеніңізді көрсету. Мәтіннің басты мазмұндық бөліктері бойынша өз идеяларыңызды ұсыну арқылы эссе тақырыбының маңыздылығын көрсетесіз. Байланыстырушы «сонымен», «қоса алғанда», «тағы бір мысал», «оның үстіне» т.б. сияқты оралымдар қолданылады.
8.Шолу-эссенің мақсаты – кітаптың,фильмнің,пьесаның, сайттың т.б. белгілі аудиторияға әсер ету тұрғысынан жеке баға беру. Мақсаты-оқырманның назарын аударатын атау. Эссе атауы талданатын шығарма атауымен байланысты болуы мүмкін.Бір параграфта шығарманың маңызды деректерін - автор н/е қоюшының, актерлердің, баспагерлердің аты туралы жазылады. Кейін бірнеше параграфта мәтін мазмұны, басты оқиғалар,кейіпкерлер таныстырылады.Қорытындыдағы бір н/е екі абзацта осы шығарма туралы өз пікірін жазады.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау-ойлану-жоспарлау-жазу-тексеру
Тапсырма!
Ұлттық тәрбие және жаһандану
Жоспар:
1.Кіріспе
Бүгінгі қазақ ұлты
2. Негізгі бөлім
А)Елдік сананы қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің ролі
Ә) Рухы биік мәдениетіміз бен әлеуетімізді сақтау
3.Қортынды
Ұлттық болмысқа бейімделеген жаһандану
Құрметті студент!
Жоспарға сәйкес эссе жазыңыз. Эссе мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен құрылуы үшін қыстырма құрылымдар мен шылаулар, тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдалану қажет.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: ұлттық мемлекет, өркениет, бүгінгі болмыс, әлемдік кеңістік, ұлттық тәрбие, ұлттық мүдде, ұлт болашағы, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жаһандану дәуірі, жұтылмау, шамадан тыс еліктеушілік, әлемдік көшке ілесу, бейімделу, өзіндік дүниетаным, уақыт талабы, сұраныс, индустриялық-инновациялық мемлекет құру, салт-дәстүр, тіл мен діл, діни сенім-наным, ұлтсыздықпен күресу, елдік сана, жүзеге асу.
Қыстырма құрылымдар: менің ойымша, өкінішке орай, сөзсіз, деп ойлаймын,әдетте
Шылаулар.: сонымен қатар, немесе, сол себепті, кейде, не болмаса, өйткені, ғана, тек, сондықтан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет