АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
ҒЫЛЫММЕН КӨРКЕЙЕДІ
ОСЫДАН БІРІНЕШЕ
ЖЫЛ БҰРЫН АУ-
ДАНДА ГАЗДАНДЫ-
РУ ЖҰМЫСТАРЫ
ЖҮРГІЗІЛЕДІ ДЕСЕ,
«Е-Е-Е. ОЛ ҚАЙ КЕЗ-
ДЕ БОЛАДЫ» ДЕ-
ГЕН КҮМӘНДІ ОЙ-
ЛАР БҰЛ КҮНІ
ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛ-
ДЫ. 2015 ЖЫЛДЫҢ
АҚПАН АЙЫНДА
БАСТАЛҒАН ГАЗ-
ДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ
ҚАРҚЫНДАЙ ТҮСТІ.
Жалпы, 2015 жылы тамыз айынан бастап кент тұрғындары
көгілдір отынды тұтына бастаса, газды үйге кіргізу мон-
таж жұмыстарына жауапты «Зенит-ТВК» ЖШС жəне ондаған
қосымша мердігер компания жүргізуде. Олардың əрқайсысы
газға қосуға əртүрлі жағдай жасаған. Яғни, халыққа əртүрлі
қызмет етеді. Әрине, бірі қарапайым халықтың қалтасы
көтерме баға ұсынса, бірінікі қымбат. Компаниялар арасын-
да қайырымдылыққа баса көңіл бөлетіндері де бар. Сондай
серіктестіктің бірі – «Жер-Нұр» ЖШС.
Қолдағы мəліметтерге қарағанда, серіктестік қазан айының
қорытындысы бойынша кентте газмонтаждау жұмыстарын
жүргізу жөнінде көшбасшы қосалқы компанияның бірі. Осы
компанияның əкімшілігіне бас сұққан едік. Мекеме алдында
кезек көп. Шетте отырған қарияны əңгімеге тартып едім, ол:–
Үйге газ орнату үшін келдім. Қаржың жетпесе осында несие
беретін орын да бар дейді. Тіпті, мал басымен де есептесуге бо-
лады дегеннен кейін келдім, – деп жауап қатты.
Серіктестік төрағасы Мұхит Алиасқарұлы жұмыстары
жөнінде былай деп əңгімеледі:
– Кəсіпорынды құрардан бұрын көп ойландық. Қазіргі күні
ауданға газ жүргізушілер келешекте өздерінің тұрғылықты
жеріне қайтады. Дегенмен кент өсу қарқынын тоқтатпай жаңа
құрылыс нысандары салынады. Оларды газдандыру жұмысымен
айналысатын мекеме керек шығар. Осы мақсатта наурыз айы-
нан бастап ішінара газдандыру жұмыстарын бастадық. Аудан
басшылығымен тікелей келісім шартқа отырғаннан кейін, та-
мыз айынан бастап толық іске кірістік. Қазіргі таңда бес адам
тұрақты жұмыс істейді, оның екеуі дəнекерлеуші. Серіктестік
кент ішіндегі жеке тұрғын үйлерге, əкімшілік ғимараттарға,
кəсіпкерлік нысандар жəне т.б газмонтаждау жұмыстарын са-
палы, арзан жəне жылдам жүргізуде, – деп бастады əңгімесін
мекеме басшысы.
Серіктестік газмонтаждау жұмыстарымен қатар газ
пештерін, су жылытқыш – аристон мен мұржа, сондай-ақ, газ-
дандыру жұмыстарына қажетті заттарды алып келіп сатады
екен. Яғни, үйіне газ орнатамын деген кез-келген тұтынушы
барлық қажетті заттарын бір жерден алып, үйіне газ кіргізе ала-
ды.
Ең бастысы, келісім шартқа отырғанда газмонтаждау
жұмыстары үшін, банкіге төленетін қаржыны беске бөліп төлеуге
болады. Таратып айтқанда, мысалы тұрғын үйге 25 метр құбыр
тартылып, екі нүкте қойылған жағдайда банкіге төленетін 126
460 теңге қаражатты ешқандай пайызсыз, үстеме ақысыз, бес
айда бөліп төлеуге болады. Сонымен қатар, «Еуроазиялық»
банк арқылы нақты газмонтаждау жұмыстарын жүргізу үшін
жеңілдетілген пайызбен (12 пайыз) несиеге газдандыруға
қажетті заттарды алуға мүмкіндік бар.
– Мұхит, қаржысы жоқ адамдарға қандай мүмкіндік
қарастырылған?
– Әрине, біздің құрылтайшымыз малмен есептесуді де
тəжірибеге енгізіп отыр. Тұтынушының түлігін бордақылап, сой-
ып қаржысын банкке саламыз. Қысқаша айтқанда, бізде жұмыс
жан-жақты дамуда, – деп жауап қатты.
Компанияның бас кабинетінен шыққалы тұрғанда Насыр
Сарбасов деген кісі кірді. Ақсақал асығыс екен. Келгендегі
жұмысын қысқаша баяндады.
– Мен кенттің солтүстік батысында «Саяжайда» тұрамын.
Үйіме газ кіргізу үшін бірнеше мекемеге кірдім. Қолымда
қаржының аздығын айтып, жетпейтін жеріне үйдегі қара малды
алуды ұсындым. Мұндай ынғайлы жағдайды «Жер-Нұр» ЖШС
жасады. Соған алғыс айтайын деп келіп едім, – деді.
ТҮЙІН. Елдің алғысын, көптің батасын алу – кез келген-
ге бұйырмайтын сыбаға. Адамның қадір-қасиеті өзі өмір сүрген
ортада істеген қызметіне қарай өлшенеді десек, компанияның
атқарып жатқан жұмыстарын да игілік бар. Біз осыны түйдік.
Ер-БЕК.
ЖҰМЫСЫНДА
ІЗГІЛІК БАР
Әзірге, қамбадағы ақ маржанын Алматы, Атырау, Шымкент, Орал
қаласына нарығына жіберген. Ал, өзгенттік «Уалихан» шаруа қожалығы
4 гектарға сыр салысын егіп, бүгінде 4 тонна ақталған күрішін өткізе
алмай отыр. Әрине, сұраныс бар. Диқанның ұсынып отырған бағасы
келісіне 120 теңге. Ал, сатып алушылар 90-100 теңгеден төмен
сұрайтындықтан, еңбектің ақталғанын қалайды шаруа. Одан өзгеде
өнімін өткізе алмай отырған шаруа қожалықтар жетерлік.
СЕРІКТЕСТІКТІҢ СЕРПІНІ
Елбасы жыл сайынғы Жолдауында аграрлы саладағы экспорттық
əлеуетті арттыру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма жүктеуде. Ал,
нарықтық экономика қатаң бəсекелестікпен сипатталады. Бəсекеге
қабілетті өнім шығара алсаң ғана, оны экспорттауға даңғыл жол ашы-
лады. Жалпы, қолда бар дерекке сүйенсек, Сыр еліндегі ақ маржанның
25 пайызы жақын жəне алыс шет мемлекетке саудаланады екен. Бұл
бағытта, Жаңақорғанда жаһандық экономикалық дағдарыс кезеңінде
экспорттық өндіріс əлеуетін арттыруға жұмыс жасап жатқан серіктестік
бар. Ол – «Тасболат-А» ЖШС. Кəсіпорынның келешегі кемел. Себебі,
серіктестік ақталған күрішін тек ел ішінде ғана емес, шет мемлекет-
терге экспортқа шығару жайын жүйелі жолға қойған. Кəсіпорын ди-
ректоры Бахытжан Сағындықұлымен тілдесу барысында бірқатар тың
мəліметіне қанықтық. Ол басқарып отырған кəсіпорындағы күріш
ақтау зауытының қуаттылығы тəулігіне 60 тонна қара күрішті ақтауға
қауқарлы. Қытайда құрастырылған зауыттың жартылған күріш, аушақ,
кебек, күрмек өзгеде жем түрлерін шығаруға мүмкіндігі мол. Одан
бөлек бес мың тонналық қара күріш сақтау қоймасы, елу тонналық
электронды таразысы, темір жол тұйығы сынды базасы тағы бар.
Бүгінгі таңда серіктестіктің ақталған күріші Түркістан, Алматы, Тараз,
Ақтөбе, Атырау, Қарағанды Астана қалаларына жол тартты. Сондай-ақ,
Әзірбайжан мен Ресейге 400 тоннаға жуық сыр маржаны саудаланған.
Одан өзге Қырғызстан, Тəжікстан, Өзбекстан мемлекеттеріне жөнелту
жоспарда тұр. Кəсіпорын директоры Бақытжан Тасболатовтың айтуын-
ша, Кедендік одақ аясында көршілес елдердің нарығына шығу біршама
жеңілдеген.
КҮРІШ САПАСЫН АРТТЫРУ –
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Нарықтық экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуа-
лын өркендетудің негізгі бастауы – өндірілетін өнімнің, көрсетілетін
қызметтердің бəсекеге қабілетін арттыру. Әлемдік тəжірибе
көрсеткендей, бəсекеге қабілеттілік кез-келген кəсіпорын мен ша-
руа қожалықтың кəсібін қарыштатады. Сондай-ақ, биылдан бастап
Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына толық мүше. Бұл дегеніміз –
біздің экспорттық əлеуеттің үлес салмағын арттыруға қосымша тыныс
ашылады. Әрі халықаралық қауымдастыққа мүшелікті пайдалана от-
ырып, отандық өнімнің өрісін кеңейтуге оң ықпалын тигізері айқын.
Осы орайда, сыртқы сауда нарқы артқан сайын күріштің сапасына
мəн берген ұтылмайды. Бұл бағытта аудан əкімі Ғалым Махмұтбайұлы
жақында ғана аудандық басылымға сұхбат берген болатын. Сонда ау-
дан басшысы мынадай тың бастаманы тілге тиек етті.
– Қазіргі таңда элиталық тұқым мəселесі күн тəртібінде. Бізде баяғы
«Ақмаржан» сортымен шектеліп келеміз. Нарықта «Ақмаржанға»
сұраныс азайды. Осыған орай, салалық орынбасарларыма алдағы
жылдың егісінде тұтынушы талғамын қанағаттандыратындай күріш
сортын егу жөнінде тапсырма бердім. Қазір аймақтың өзге аудан-
дары зерттелуде. Мəселен, Қазалы жақта күріштің «Лидер», «Ку-
бан» сортына басымдық берілген. Одан түсетін пайда да мол. Мұнан
бөлек, Өзбекстаннан күріштің белгілі бір сортын алу жоспарда бар.
Өздеріңізге белгілі, жақында Иран кəсіпкерлерімен меморандум жасал-
ды, онда элиталық «Таром» күріш сортын егу қарастырылды. Біз бұл
жұмыспен неге айналысып жатырмыз? Біріншіден, тұқым тозды, жаңа
сортқа жүйелеу керек. Өйткені өнімділігі жоғары жəне қазіргі күрішке
қарағанда 5-10 есе қымбат. Сол секілді тауарды сатуда проблема бол-
майды. Иран да, Өзбекстан да өз өнімін алуға ықыласты – деген бола-
тын Ғалым Әміреев сұхбатында.
Иə, аудан əкімінің сөзінен түсінгеніміз, элиталы күрішті аз көлемде
еккенімен мол мөлшерде қаржы табуға болады. Яғни, жоғары сорт-
ты тұқымның бағасы жергілікті өнімнен бес еседен жоғары саудалана-
ды. Күріштің келісін 800-1000 теңгеден сатуға болады. Бүгінде элиталы
тұқым егуге ынталы қожалықтар əрекетін жасап, нəтижелі келіссөзге
қол жеткізуде.
Түйіндей айтқанда, еліміз тəуелсіздік алғалы бері агроөнеркəсіп
кешенінің барлық саласында ілгерілеушілік бар. Мемлекетті азық-түлік
қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп, ішкі нарықтың тұрақтылығына
негіз болып отырған ауылшаруашылығы саласы Үкімет тарапынан
қолдау көріп отырғанын айту абзал. Яғни, жеңілдтеліген субсидияға
қол жеткізіп, шаруасының шалқыуына өзіндік ықпалын тигізуде.
Сондай-ақ жыл сайынғы Жолдау жүгі отандық өнімді бəсекеге қабілетті
етіп, нарықтық экономикада өзіндік даңғыл жолын қалыптастыру.
Бұл бағытта сыр салысының сыртқы сауда айналымы – ауданның
экономикалық көрсеткішінің артуына үлес қосары айқын. Ең бастысы–
дала еңбеккерлерінің ала жаздайғы еңбегі ақталса игі.
өнім қайда
өткізілуде?
1990 жылдан бері ауылдағы №245 орта мектепте ұстаздық
етемін. Өзгент ауылының көркі де, мақтанышы да Жарату-
шым сый ғып берген осы көлі. Көл бір кездері иесіз қалды.
Иесіз қалған соң белгілі ғой. Көлденең пайда табам деушілер
де көптеп келіп жатқанын естіп жаттық. Пысықайлардың
бұл əрекеттері жанға бататын. Қашанғы бұлай болады екен
дейтінбіз.
Бала кезімізде осы көл жағасында жазда жалаң аяқ жүгіріп,
балық аулап, қыс түссе аяққа коньки байлап доптаяқ ойнай-
тын едік. «Өзгент» орталығындағы мектепке көл жағасындағы
жолменен жаяу қатынайтынбыз. Есейген соң қуанышты
күндерімізді сыныптас құрбыларымызбен бірге осы көл басын-
да атап өтетінбіз. «Туған жердің түтіні де қымбат» дегендей
ауылдан жырақ кетсек маңына жақындасаң мұрныңды жарып
тұратын шылаудың иісін сағынатынбыз.
2016 жылдың алғашқы күндерінен бастап осы көлге ерек-
ше бір дем біткендей болды. Көлді осы ауылда туып, осы ау-
ылда өскен, Ішкі істер органдарында көп жылдар қызмет жа-
сап запасқа полковник шенімен шыққан Орынбек Асылбаев
тендерден жеңіп алды. Көктемнің алғашқы күндерінде көлдің
дарияға құяр тұсына салынған шлюз Анарбек ағамыз бастаған
10-15 адамның күшімен үш күнде асарлатылып қайта жөнделді.
Жайылмадан тас, Жаңақорғаннан екі тонна цемент, бұрын су
шайып кеткен жерді қайта қалпына келтіру үшін 100 қап алы-
нып бөгет салынды. Шығынды əрине Орынбек бауырымыз өз
жеке қаржысымен көтерді. Көл жиегі тазаланды.
Көлге аздап болса да, жүз жетпістей, өзі Қызылордада ин-
кубатор арқылы шығарған үйрек-қаз да жіберілді. Бір күнде 11
мыңдай балық күріш алқабынан жіберілсе онан кейінде күріш
алқаптары мен каналдардан бірнеше рет балық құтқарылып
жіберілгенін естіп- біліп отырмыз. Шиеліден балықтың са-
зан, ақ амур, дөңмаңдай тұқымынан да 15 мыңдай шабақ
жібергенін, болашақта балықты қолдан ұрықтандырып көлге
жібермекші екенін өз аузынан естідім. Рұқсатсыз балық аулауға,
су құстарын атуға тыйым салынып еді, көлдің беті көгілдірін
еріткен аққудан,үйрек, қасқалдақтан көрінбей қалды.
«Балықты Қытай қазанда, орыс көп қабатты үйдің
жертөлесінде қолдан асырап, пайда тауып жатыр. Келесі жылы
көл жағасынан демалушыларға арнап, қона жатып тынығатын
демалыс орындарын салатын жоспарлары бар екенінде əңгіме
арасында айтып қояды. «Азаматына қарап ауылын таны»
демекші, Орекең сияқты туған жерге бүйрегі бұрып тұратын
жігіттер көп болса игі. Көлді дұрыс пайдалана білсек ауылдың
қанша адамына нəпəқа болып, табиғат анаға да тигізген
жақсылығымыз болар еді-ау», – дейді Орынбек бауырым.
«Мақсатыңа жет» деп тілеймін ауыл, табиғат жанашырына.
Абдірашит ӘБШЕНОВ.
ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ
СУДЫҢ
НЕСІБЕСІ
САРҚЫЛМАСЫН
АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМНЫҢ 2016 ЖЫЛДЫҢ 1-ҚАЗАНЫНДА
№77 НӨМІРІНДЕ «СУДЫҢ НЕСІБЕСІ САРҚЫЛМАСЫН» ДЕ-
ГЕН ТАҚЫРЫППЕН ӘЛІБЕК ТЕМІРБЕК ІНІМІЗДІҢ ШАҒЫН
МАҚАЛАСЫ ШЫҚТЫ. ОНДА КҮРІШ АЛҚАПТАРЫНАН 11
МЫҢДАЙ ШАБАҚТАРДЫҢ ҚҰТҚАРЫЛЫП «ӨЗГЕНТ» КӨЛІНЕ
ЖІБЕРІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ЖАЗЫЛҒАН. ӘРИНЕ БҰЛ ҚУАНТАРЛЫҚ
ІС. «ӘРКІМНІҢ ТУҒАН ЖЕРІ МЫСЫР ШАХАРЫ» ДЕМЕКШІ МЕН
ӨЗГЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ОСЫ АУЫЛДЫҢ ТУМАСЫ БО-
ЛЫП КЕЛЕМІН.
(Жалғасы. Басы 1-бетте)
6 желтоқсан, 2016 жыл
3
Таңғы сағат 8:30. Аудандық ішкі істер бөлімінде 15
минутқа созылған селекторда маңызды тапсырмалар алған
құқық қорғау қызметкерлері өздеріне бекітілген уачскеге
бет алды. Біз жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе
қызмет ету үшін аға полиция инспекторы, полиция майоры
Медет Пернебаевқа ілестік. Алдымен, АІІБ №1 учаскелік
полиция пунктіне жол тарттық. Жол бастаушы полиция
инспекторының көмекшісі, полиция капитаны Нұржан
Тоқсанбаев, көлік тізгінінде учаскелік инспектор, полиция
капитаны Керімхан Аппазов. Саланың қиыншылығы мен
қызығын білмекке полиция майорын сөзге тарттық.
– Медет Әбдірахманұлы, полиция болу қиын ба?
– Әрине, қай саланы алсақ та қиыны мен қызығы қатар
жүреді емес пе? Біріншіден, бұл қызметте үлкен міндетті
мойныңа жүктейсің, екіншіден, түрлі жағдайдың куəсі
боласың. Мəселен, көлік апаты, дау-жанжал дегендей
жағдайлар көп қой. Күнделікті қызмет барысында қауіппен
бетпе-бет келетін полицей еңбегін бағаламай, теріс пікір
айту да жиі кездеседі.
– Полиция болу бала кезгі арман болар?
– Иə, дəл солай. Әрбір жанның өз биігі, бала кезгі ар-
маны болады.
– Бұл мамандықтың қандай құпиясы бар?
– Полицей болуды жан-тəнімен сүйген адам ғана
түсінеді, əрі осы қиындыққа төзеді. Әр істің артында бір
кедергі болады, онымен күресу үлкен күшті қажет етеді.
– Тәулігіне қанша сағат жұмыста боласыздар?
– Жұмыс кестесі таңғы 9:00-ден түнгі 12-ге дейін. Ал,
мейрам күндері таңға дейін жүреміз. Бұл біздің міндетіміз,
– деді.
Көп ұзамай полиция пунктіне де келіп жеттік. Стол
үсті тұрғындардың арызына толы. Мəселен, Түйменұлы
көшесінінің тұрғыны Үсенов деген азамат жылқысының
жоғалуына байланысты арыз жазыпты. Полицейдің қасына
өз аяғымен келіп, арыз айтушылар легі де аз емес.
Жалпы, қыркүйектің бірінен бастап желтоқсанның
1-не дейін «Участке» жəне «Қару» профилактикалық іс-
шарасы өтіп жатыр екен. Соған байланысты үй-үйді ара-
лап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп шықтық. Яғни,
тұрғындарға қандайда оқыс жағдайлар орын алған кезде
полиция қызметкерлеріне хабарлап, көмек сұрауларына
толық құқылы екенін түсіндіріп, қаруы бар жеке азаматтарға
ескертпе жұмыстары жасалды. ҚР ІІМ 29 наурыз 2016
жылы №313 бұйрық талаптарына сəйкес өткізіліп жатқан
шараның маңыздылығы суық қаруды үй жағдайында дұрыс
ұстай білу міндеті. Яғни, қаруға рұқсаты бар кісілер оны ар-
найы сейфке салып, қадағалап тұру керек екен.
Сағат 10:30. Жұмыстың нағыз қызған шағы. Қоғамда
түрлі жағдай орын алады. Тіпті, отбасылық жағдайлардан
туындайтын даулар өршіп тұрғаны жасырын емес. Оның
кесірі ерлі-зайыптылардың ажырасуына алып келуде.
Отағасы əйелдеріне қол көтеріп, күш көрсететіндер саны
да жетерлік. Сондықтан, осындай жайттардың алдын алуға
байланысты қорғау нұсқамасы бойынша жергілікті полиция
қарауында тұрған отбасы бақылауда болады. Осы нұсқама
аясында кентте тұратын Нұрмұхамбет есміді азаматтың
үйіне жол тарттық. Отанасына жолыққан М.Әбдірахманұлы
отбасы тыныштығын осылай əр кез бақылап тұратынын
айтты. Жолай дүкендерге кіріп, кешкі 9-дан түскі 12-ге
дейін ішімдік сатуға болмайтынын ескертіп шықтық.
Сағат тілі 12-ге жақындағанда орталық базарға
беттедік. Адамдар көп шоғырланатын аймақта тəртіп
бұзушылық пен жабайы саудаға қарсы қадағалау жасадық.
Қызықтың барлығы кешке басталады екен. Жүйіткіген
көлік, жол ережесін бұзу, тəртіпсіздіктің біразы күн
батқанда өршиді. Жайшылықта аңғармайды екенбіз, өзіміз
күнде жүретін базар маңында кептеліс, одан қала берді
Аманкелді көшесінің бойында жол тəртібін бұзатындар да
аз емес. Шыны керек, көбі жас балдар, тіпті оқушылар да
кездеседі.
– Көп ата-аналар балаларына көлік алып береді не-
месе сенімхат жазып береді. Содан кейін балаларының
қайда жүргенін қадағаламайды. Осындайлардың көпшілігі
ойнап жүріп от басатыны бар. Баланы жақсы көру деген
оған барлық жағдайын жасап қою емес қой. Жап-жас ба-
лалар балалықпен немесе білместікпен бір рет қылмысқа
ұрынғаннан кейін ары қарайғы тағдырлары да қиын бо-
лады. Ең бастысы балаларына дұрыс тəрбие беру ата-ана
міндеті, – дейді Н.Тоқсанбаев.
Біздің кезекшілігіміз кеш қарайғанға дейін жалғасты.
Соның өзінде біраз жайтқа куə болдық. Оның үстіне
ызғарлы күннің суығы өтіп барады. Әсіресе, таңғы
суықта аздап тоңып қалғанымыз бар. Бізді қызметтік
орнымызға жеткізіп, полиция қызметкерлері келесі
шақыруға аттанып кетті.
Жалпы, жергілікті полиция бөлімінде 56 қызметкер
жұмыс атқарады. Оның екеуі басшы құрам. 30 учаскелік
полиция инспекторы болса, 10 көмекшісі бар. Тоғыз
ювеналды полияция тобы мен үш жол патрульдік поли-
ция қызметкер жұмыс жасауда.
Міне, Медет Пернебаев пен оның əріптестерінің бір
күндік қызметі осылай жалғасуда. Олардың еңбегінің
еселі екенін осыдан-ақ аңғару қиын емес. Бір күндік
жұмыс барысынан аңғарғанымыз, полиция қызметкері
болу оңай емес екен. Ол үшін білім де, білік те, білек
те болу шарт. Ең бастысы сабыр, төзім жəне қажыр-
қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім
қабылдап, жылдам əрекет ете білу қабілеті полицей-
ге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды
болуы, адамдармен араласа білуі, сыпайы болуы да
аса маңызды. Осындай толып жатқан талаптардың
үдесінен шығу оңай болмаса керек. Әрі от пен оқтың
ортасында жүрген жандарға тұрғындар кінə көп арта-
ды. Әрине, олар тарапынан да кемшіліктер кетіп жа-
татын шығар, алайда, бес саусақ бірдей емес екенін
ұмытпауымыз керек.
ТҮЙІН. Қоғамдық тəртіпті сақтау тек қана
полицияның міндеті емес, ол біздердің ортақ міндетіміз,
азаматтық борышымыз деп қарау керекпіз. Сондықтан,
қай кезде болмасын қызыл жағалыларға арқа сүйеп,
қол қусырып отыра бергеннен гөрі қоғам тыныштығын
сақтауға бірге атсалысуымыз қажет.
Әлібек ТЕМІРБЕК.
ҚЫСҚА-НҰСҚА
Жаңақорған аудандық сотына жеке ай-
ыптау тəртібімен шағымданған, жеке ай-
ыптаушы Б-ның сотталушы К-ға қатысты
ҚР Қылмыстық Кодексінің 108-бабымен
айыпталған қылмыстық іс қаралды. Яғни,
сотталушы К есімді азамат айыптаушы-
ны үйде ұрып-соғып, денсаулығына зиян
келтірген. Сондықтан, сотталушы кінəлі
деп танылып, оған 35 АЕК көлемінде,
яғни, 74 235 теңге айыппұл салу жазасы
тағайындалды.
Сондай-ақ, жуырда аудандық сотта К
есімді азаматқа қарсы əкімшілік іс қаралды.
Ол көлік құралын басқару құқығы жоқ бола
тұра автокөлікті масаң күйінде басқарған.
Алайда, құқық бұзушы «жеңіл» дəрежелі
масаң күйінде болғаны анықталып, ҚР
ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінəлі
деп танылып, 20 тəулікке əкімшілік қамаққа
алу түріндегі жаза қолданды.
Айқыз НЫСАНБАЕВА.
Күздің алғашқы айында Қ есімді аза-
мат Түркістан қаласындағы танысы, А-мен
кезекті кездесуінде өзара келісім жасаған.
Сөйтіп аудандағы белгілі кəсіпкер, Қожакент
ауылына қарасты жайылымдық жерде 900
бас қойын уақытша бағуға келіскен ол
екеуі қылмыстық əркетке барған. Яғни, А.
осы орайды пайдаланып, өзінің сыбайла-
сы арқылы үш бас қойды ұрлаған. Сотта-
лушылар ҚР ҚК-нің 24 бабының 3 бөлігі,
188 бабының 2 бөлігінің 1 тармағында
көрсетілген қылмыстық əрекет жасап, істі
болды.
Алайда, жəбірленуші мен сотталушы
өзара татулыққа келіп, ҚР «Медиация ту-
ралы» Заңына сəйкес, «Дауды реттеу тура-
лы келісімді» бекітіп, ҚК-нің 68 бабының 1
бөлігінің талаптары негізінде қылмыстық іс
тоқтатылды.
Бибәйім НӘЛІБАЕВА.
Шекара қызметі 2016 жылдан бастап
ҚР азаматтарының жеке сəйкестендіру
нөмірлерінсіз (ЖСН) жеке басын куалан-
дыратын жарамсыз құжаттарын алып
қою бойынша жұмысы белсендірілді.
Осыған байланысты халық тарапы-
нан шағымдар мен наразылықтар
көбейгендігін көрсетіп отыр. «Сəйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы»
2007 жылғы 12 қаңтардағы ҚР Заңының
13-бабы 3-тармағына сəйкес 2013 жылғы 1
қаңтардан бастап ел азаматтарының ЖСН-і
жоқ жеке куəліктері жарамсыз болып табы-
лады жəне ауыстырылуға жататындығын
атап өту қажет.
ЖСН-і жоқ құжаттарды ауыстыру бой-
ынша кең масштабтағы жұмыс мемлекеттік
органдармен 2007 жылдан 2012 жылдар
аралығында жүргізілді.
Алайда, қазіргі уақытқа дейін
азаматтардың белгілі бір саны ЖСН-і жоқ
жарамсыз құжаттармен тұрып жатқаны бар.
Осы мəселені ескере отырып халық арасын-
да жеке басты куəландыратын құжаттарды
уақытылы ауыстыру туралы түсіндірме
жұмыстарды жүргізуді жалғастыру қажет.
Ғани ТӨЛЕШОВ.
Жуырда «Контрафакт» жедел
профилактикалық іс-шарасы өтті. Шараның
негізгі мақсаты – ақпараттық технология
саласындағы қылмыстарды, контрафактілік
жəне өзге де өнімдерді алып келу ар-
наларын жəне еркін айналымға тыйым
салынған ақпарларды анықтап, олардың
жолын кесу. Мəселен, экстремизм, пор-
нография, қатыгездікпен зорлыққа бас
ұруды насихаттайтын жайттарды анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында
Жаңақорған станциясындағы желілік поли-
ция бөлімшесінің қызметкерлерімен жұмыс
жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |