Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Магистрлік зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің тарихының қалыптасуына ерекше назар аударып келеді. [1]. 1924-1925 жылдарғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу және Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстан құрамына бірігуі, еліміздің даму тарихындағы үлкен бетбұрыс кезең болды.
Республика өміріндегі бұл бетбұрыстың табиғатын тану, сондағы ұлт қайраткерлері тұлғаларына жан-жақты назар аудару, олар көрсеткен саяси және рухани жігердің жемісті нәтиже бермеу себептерін ашу-қазіргі таңдағы тәуелсіздік талаптары тұрғысынан теориялық және практикалық маңызы зор міндет болып табылады. Кезінде қалыптасып келе жатқан мемлекеттіктің бірден қуыршақ сипат алуы бүгінде қайталануына жол беруге болмайтын кемшілік. Оның себептерін ғылыми тұрғыда талдауға алу жөн.
Алайда бұл маңызды мәселе ғылыми әдебиетте әзірге арнайы қарала қойған жоқ. Ал кеңестік кезеңде ол бұрмаланып түсіндірліп келді. Сондықтан оны ақтаңдақтардан тазартып, сол күрделі бет бұрыс кезеңді объективті түрде зерттеу қажет. Бұл мемлекеттігіміздің бүгінгі ахуалын барлап, ертеңгі келбетін ғылыми дәйектеп айқындауға мүмкіндік әпереді.Сондай-ақ "ұлттық саяси өміріміздің балаң дәуірінде ұлттық мемлекетті орнықтыруға атсалысқан нақты кімдер, ағымдар, саяси тұлғаларды, олардың басым және осал жақтарын талдауға алудың тағылымдық мәні зор.Ұлттық мемлекеттік үшін күрес кезеңдерін ғылыми тұрғыдан жаңғыртып, бүгінгі күн биігінен пайымдаудың тәуелсіздік мұраттарына қызмет етері сөзсіз.Еліміздің өткенін терең де жан-жақты зерттеген жұмыстар қоғамдық сананы байытуға, дүниетанымда елеулі сапалық өзгерістер жасауға, ұлттық идеология іргетасын қалауға, еліміздегі ұлтаралық қатынастар үйлесімін нығайта түсуге мол үлес қосады.Зерттеу тақырыбының өзектілігі міне осында.