Иммунитет. Сіреспемен ауырған малдарда ұзаққа созылмайтын иммунитет түзіледі. Стационарлық таза емес аумақтарда жануарды белсенді иммундеу үшін сіреспенің анатоксин жылына 1 рет қолданады. Иммунитет 21-30 күнде қалыптасады да, бір жылдан аса уақыт, ал жылқыда бес жыл бойы са

Сақтандыру және күресу шаралары. Сіреспенің негізгі алдын алу шарасы, малдарды жарақаттан сақтандыру, ал жарақанттанған жағдайда, жараны дұрыс және уақтылы алғашқы хирургиялық өңдеу болып саналады. Хирургиялық Операциялар және инъекция жасаған кезде асептика және антисептика ережелерін қатаң түрде сақтау қажет. Ауыр жарақаттары бар малдарға профилактикалық мақсатта жедел түрде 4-8 мың АБ мөлшерінде сіреспеге қарсы сарысу және антибиотиктер жібереді. Сіреспемен ауырған малды етке союға тиым салынады. Сіреспе жиі кездесетін шаруашылықтарда белсенді иммунитет түзу үшін, сонымен қатар пішуден бір ай бұрын малды анатоксинмен иммундеу қолданылады. Сіреспеден таза емес шаруашылыққа карантин немесе шектеу қойылмайды Сіреспемен аура және ауруға күдікті малды етке союға тиым салынады. Ауру малдарды емдейді. Өлген малдардың өлексенің терісін сыпырмай, техникилық утильдеуге жібереди.