Сырым Датұлының көтерілісі



Дата08.11.2022
өлшемі9,71 Kb.
#48491
Байланысты:
тарих 3


Сырым Датұлының көтерілісі

Көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды.


1782—83 жылдардың қысында «Ішкі жаққа» өткен Кіші жүз малшыларының 4 мыңнан астам жылқысын Орал казак әскерлерінің старшындары айдап әкетті. Осыдан кейін көтерілісшілер топтары ұйымдасып, әдеттегідей оларды ру старшындары басқарды. Солардың ішінде ерекше көзге түскені Сырым батыр еді. Ол ірі феодал, Байбақты руының старшыны
болатын.
1785 жылдың басында Сырым Датұлының отрядында 2700 адам болды. Бұл кезде көтерілісшілердің жалпы саны 6 мыңнан астам еді. Олардың негізгі ұйытқысы Сағыз өзенінің бойына топтасқан. Бұлардың саны барған сайын арта түсті.
Көтерілістің етек алуынан сескенген Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы патша әкімшілігінен көтерілісті басу үшін әскер жіберуді өтінді. Шекарадағы патша әкімшілігі бұл жағдайды Петербургке мәлімдеп, қазақ даласында көтерілістің етек алуы ханға ғана емес, патшаға да қатер туғызатынын білдірді. Орынбордағы көтерілісті басу үшіп генерал Смирновтың отряды құрылды. Бұл отряд 1785 жылы ақпанның орта шенінде Елек бағытына қарай қозғалды. Сол кезде Жайықтан Ембі бағытына Колпаков жәнө Паномаревтардың зеңбірекпен қаруланған отряды да шыққан еді. Қазақ отрядтары көтерілісшілердің топтасқан жеріне іздеу салып жүргенде Сырым батыр 500 жігітпен олардың ту сыртынан аттанып, Антоновск бекінісіне шабуыл жасады. Содан кейін Сахарная тағы басқа бірнеше қорғандар мен беіністерді шапты.
1785 жылы 24 наурызда майор Назаров бастаған жазалушы отрядтың Каршинск бекеті мен Сахарная қорғанысының аралығында көшіп жүрген бейбіт ауылды тонап, талқандауы еңбекші халықты қатты ызаландырды. Бұған дейін қозғалысқа қатыспаған көптеген ауылдар енді көтерілісшілерге қосылды. Қол астынан кетіп қалған ауылдарды қайта өзіне қаратпақ болған ханның әрекетінен ештеңе шықпады. Оның өкіметі дағдарысқа ұшырады.1787 жылдың жазы мен күзінде өткен старшындардың съезінде Нұралы ханды тағынан түсіріп, Сырым бастаған старшындардың бір тобы хан өкіметін бүтіндей жою талабын ұсынды.
1786 жылы сәуірде көтерілісшілердің қысымынан ығысқан хан патша үкіметін паналауға мәжбүр болады. 1786 ж. маусымда Екатерина II Нұралы ханды хандықтан шеттету туралы рескриптке қол қойды. Нұралы Орынборға шақыртылып, одан әрі Уфаға жөнелтілді. Патша үкіметі казақ даласындағы дүмпуді әрі үстем тап арасындағы тартыстарды пайдаланып, Кіші жүздегі хандық өкіметті жоюды ұйғарды. Патша әкімшілігінің кеңесіне құлақ қойып, съезд старшындары 1785 жылдың күзінде Кіші жүзді үшке бөлу туралы шешімге келді.
1790 жылы тамызда Нұралы Уфа қаласында кайтыс болғаннан кейін билер тобы Кіші жүздің хандық тағына Есім сұлтанды отырғызды. Патша әкімшілігі бұл сайлауды тән алмай, үкіметтің бекітуіне Ералы сұлтанды ұсынды. Бұл хабар халық наразылығын тудырып, елді қатты дүрліктірді. Соның салдарынан малшы шаруалар сұлтандардың ыркына көнбей, өз бетінше көтерілді. Бұл қозғалыстың феодалдарға қарсы белгілері айқып көріне бастады. Халық қозғалысының осы кезеңінде
Сырымның басында толқу пайда болды. Ол хан үстемдігін жою райынан қайтып, «өзіміздің ырқымыздан шықпайтын хан сайлайық» деген билер мен старшындардың көпшілігінің талабына қосылды. Сырым
Ералыға карсы күресе отырып, Кіші жүздің хан тағынан дәмелі Әбілғазы Қайыповты жақтады. Кіші жүздегі көтеріліс өрісі жаңа қарқынмен үдей түсті де, 1792 жылдың жазында бүкіл жүзді толық дерлік қамтыды.Олар қозғалысқа қарсы билер мен старшындардың ауылдарын
шапты.Қазақ даласына жазалаушы отрядтардың шығуы, көтерілісшілердің шекара қорғаныстарына шабуылын үдетті. Сырым көп кешікпей көтерілісшілердің қонысына келді.
1792 жылдың күзінде көтерілісшілердін негізгі күші Елек қалашығына таяу жерге орналасып, қорғанға шабуыл жасауға әзірленді. Бұдан бұрынғыдай, сұлтандар көтерілісшілер отрядының қай жерге орналасканын, олардың мақсатын шекара өкіметіне алдын-ала хабарлап қойған.Сондықтан қорған гарнизондары тойтарыс беруге әзір еді. Сырым бастаған отряд 29 қыркүйекте Елек қалашығына шабуылға шығып, корғанды ала алмады. Патша қорғаныстарына тұтқиылдан жасаған бірнеше шабуылы сәтсіз аякталғаннан соң көтерілісшілер күрес тәсілдерін өзгертті. Олар партизандық соғыс тәсіліне көшті. Аз топпен қимыл жасаған көтерілісшілер отряды ізін білдірмеді. Ауылдар бар көмегін жасады. 1794 жылдың жазында Ералы дүние салды. Патша үкіметі жана хан сайлауды ұзақ ойластырды. 1796 жылы қазанда ғана билердің аз ғана тобынын қатысуымен Кіші жүздің ханы Нұралының баласы Есім сұлтан болды деп жариялады. Есім хан көтерілісті басуға барлық жазаны қолданды.
1795—96 жылдың қысында қазақ даласын жұт жайлады.Мал қырылған соң, ел аштыққа ұшырады. Еңбекшілердің осындай ауыр жағдайына қарамастан Есім мен оның сыбайластары әр түрлі алым-салық жинауды тоқтатпады. 1797 жылғы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер отряды хан ауылын шапты. Есім ханды өлтіріп, ауылы талқандалды. Ханның тумалары бытырай қашты. Алаш, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш тағы басқа ру-тайпа старшындары ханды өлтірген көтерілісшілерді жою үшін Орал әскерінің атаманы Донский ұйымдастырған жазалаушы отрядтың жорығына қатысты. Сонымен қатар патша үкіметі айлаға көшті, хан сайланбай хан кеңесі құрылды. Хан кеңесінің басшылығына Айшуақ сұлтан, мүшелігіне алты старшын, патша әкімшілігінің уәкілі мүфти Құсайынов сайланды. Кеңеске сұлтандар мен старшындардың уәкілдері енді. Бұл феодалдардың халыққа қарсы күресін біріктіруге жағдай туғызды. Хан кеңесі 1797 жы тамызда шақырылды. Көп кешікпей жиын өтіп жатқан жерге, құрамында 7 мыңға жуық адам бар отрядты бастап Сырым келді. Ол халықтың қатты күйзелгеніне және хан кеңесінің құрылуына байланысты күресті тоқтатқанын мәлімдеді. Сырым кеңестің мүшелігіне алынды. 1797 жылы қазанда патша үкіметі қаусаған қарт Айшуақ сұлтанды хан сайлады.
Көтеріліс 14 жылга созылды. Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға еді. Сондай-ақ хан өкіметінің үстемдігін біржолата жоюға ықпалын тигізді. Көтерілістің ішкі қайшылығы, әлсіз жақтарына қарамастан, оның ұлт-азаттық сипаты әрі прогрестік маңызы болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет