«Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайыстың сценарийі



бет1/2
Дата11.04.2023
өлшемі42,09 Kb.
#81492
түріСценарий
  1   2
Байланысты:
Сырлы жеңге


«Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайыстың сценарийі
Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу

Көрнекілік:Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.


Өтетін уақыты: 6-наурыз 2018 жыл
Барысы:
Арнау

1-жүргізуші:


Қыздар-қызыл киігі жанұяның
Қайықтары махаббат дарияның
Ескектерін ерліктің жоғалтпаған
Сіңілілері-ай Мәншүк пен Алияның
Қыздар, қыздар-көңілдің көк гүлдері
Көк көлдердің көзге ыстық кептерлері
Азаймаңдар, арулар, жауқазындар
Азаймаңдар өмірдің көктемдері
Армысыздар, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші: 8 Наурыз 2018 жыл көктемі, Қыстың кетті аязының өктемі. Мерекеңіз құтты болсын ханымдар, Күндей болып жарқыраңдар көктегі!


1- жүргізуші: Құтты болсын нәзік жандылардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, Бақыт берсін әр көктемнің айлары!


2- жүргізуші:


8 Наурыз қуанышқа бөлесін! Әкелсінші жаздың жылы елесін! Отбасыңыз аман болып әрқашан 8 Наурызға жете бергін келесі!

1-Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен, ару қыздармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де сіздерге арналады. Бүгінгі көктемнәң алғашқы мерекесі Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған жоғарғы сынып қыздары мен жеңгелері арасындағы «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайысқа қош келдіңіздер!


2-Жүргізуші: Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген.


Аялайық аналарды әрдайым


Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Құттықтау сөз кезегі: сынып жетекшілерімізге беріледі

1-жүргізуші: Біздің мерекелік кешіміз жеңге мен қайын сіңілі қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Бүгінгі «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты жеңгелермен тәттә шәй форматында өткелі отырған басқосуымызға қо келдіңіздер.


Бүгінгі бас қосуымыз мынадай кезеңдерден тұрады:


1. «Сәлем – сөздің анасы»
2. «Салт –дәстүр – асыл қазынам» (салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру
3. «Шебердің қолы ортақ»(жеңгелеріміз қыздарға шеберлін көрсетеді)
2-жүргізуші: Ағайынға аймақ болған жеңешем
Абысынға қаймақ болған жеңешем
Жасық болмай жайнап жүрші, жаным деп
Қайын сіңіліге қайрат берген жеңешем

Ортаға аруларымызды асыл жеңешелерімен бірге шақырайық


1.
2.
3.
4.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам хор


Жүргізуші: Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жеңгелері де қайынсіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен.


«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деп қызғалдақтай құлпырған қыздарымыз бен олардың жеңгелері қош келдіңіздер!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет