«Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайыстың сценарийі



бет2/2
Дата11.04.2023
өлшемі42,09 Kb.
#81492
түріСценарий
1   2
1 кезеңіміз «Сәлем – сөздің анасы» яғни бүгінгі қонақтарымызбен таныс болсақ.


2. «Салт –дәстүр – асыл қазынам» (салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру
Басқосуымыздың келесі бөлімі «Салт –дәстүр – асыл қазынам» деп аталады. Шарт бойынша сіздер кеспе қағазда жасырылған ата салтымызға байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Нағашыбай Шайкенов «Ұлт дәстүрі – заңнан да биік», — деген. Демек салт дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен, әдепті ырым — тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Халқыңа деген құрмет оның салт дәстүрін қастерлеумен бағаланады. Ал, дәстүр өмір сүру салты, ендеше арулар мен жеңгелерімізді бұл қырынан да сынап көрелік.

1. Жеңгеге сұрақ:


Бізшаншар дегеніміз не?
Қызға сұрақ:
Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар атап беріңіз.(Сырға, жүзік, моншақ, білезік)

Біз шаншар (салт).


Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша
ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар,құда болайық»
дегенді білдіреді.

2. Жеңгеге сұрақ:


Байғазы дегеніміз не?
Қызға сұрақ:
Үш арсызды ата? (Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)

Байғазы Қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығының бір түрі.Байғазыны көбінесе жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер байғазы (ақша, малдың төлі т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, жақсы тілек білдіреді.


3. Жеңгеге сұрақ:


Аунату дегеніміз не?
Қызға сұрақ:
Қыз балаларға қатысты мақал-мәтелдер айтыңыз

Аунату – Қазақ ғұрпы. Қазақ арасында балаларын үйіне келген атақты, аты мәшһүр, ұлы адамдардың отырған орнына аунатып алу салты бар. Кіндік қаны тамған жерге ер азаматты аунатып алатын да әдет бар. Бұл көне дәуірдің бүгінге жеткен сабақтастығы іспеттес.


3. «Шебердің қолы ортақ»(жеңгелеріміз қыздарға шеберлін көрсетеді)

Бұл бөлімде асыл жеңгелеіміз қыздарымызға нан жаю, тиек қадау, шаш өру, жамау жасау үйретеді


Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін әдемі бір ән тыңдап алсақ тыңдап алайық:


Жазушы Ә.Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп.


– Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған
осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл
болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
- Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.
- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!

Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,


Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла! Дей келе қорытынды сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанаргүл Қазақстанқызына сөз беріледі

ІІ БӨЛІМ. «САЛТ –ДӘСТҮР – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» (салт-дәстүрге байланысты көрініс қою)


1.
2.
3.
4.
5.
Би: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушылары
Жүргізуші:
ІІІ БӨЛІМ. «ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ» (өз өнерлерін көрсету)
1.
2.
3.
4.
5.
Ән: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы_____________
Жүргізуші:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды атанған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!- дей келе, қатысушыларымыздың бүгінгі кешке дайындаған қолөнер бұйымдарымен таныс болайық.
ІҮ БӨЛІМ. «ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ»(қолөнер бұйымын көрсетіп, таныстыру)
1.
2.
3.
4.
5.
Би: «Бипыл»
Жүргізуші:
Көзінің оттарын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік.
Салт-дәстүрге негізделген сұрақтарға жауап беру үшін, ортаға қатысушы жеңгелерімізді құрметпен шақырамыз.
Бұл бөлімнің шарты әр жұпқа 2 сұрақтан беріледі: әр дұрыс жауапқа 5 балдан 2 - жүргізуші: Олай болса алдарыңыздағы карточкаларды таңдасаңыздар
Күй: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы_____________
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен, байқадым Жүректерде шоқ бар екен, байқадым Әрқашанда осы шоқты өшірмей Жалындатып шарықтаңдар әрдайым, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Ән: Сенің анаң алтын.
№1 1) Қымыз - мұрындық қандай мереке? (қымыз - мұрындық мамырдың онынан бастап, ай соңына дейін созылады. Бие байлап, қымыз жинап той өткізеді. Жаз тойы тірілердің аман - саулығын тілеп, әруақтарға құран бағыштайды. 2) Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар атап беріңіз.(Сырға, жүзік, моншақ, білезік) №2 1) Сабантой қандай мереке? (Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың құрметіне арналған күз мейрамы) 2) Наурыз көже жайлы айтып берсеңіздер (келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақта жасалады. Және оған 7 түрлі тағам қосылады.) №3 1) Талмоншақ дегеніміз не? (тақияға, сырт киімге бірнеше рет орап тағылатын моншақ) 2) Үш арсызды ата? (Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз) №4 1) Жеті жұтты ата? (Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба, топан су, жер сілкіну, соғыс.) 2) Жарапазан қай кезде айтылады? (ораза кезінде айтылады)
№5
1. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік.)
2. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар. (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, ішік, кимешек, қамзол, мәсі, бөрік)
№6
1. Қысқы аяздарда киюге арналып малдың терісінен тігілген бас киім. (Тымақ.)
2. Жас нәрестеге арналған ағаштан жасалған төсек.( Бесік.)
№7
1. Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар. (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге.)
2. Жас келінді барған елімен таныстыру жыры. (Беташар)
№8
1.«Бала тегіне тартады» дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай түсінесіз?
2. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ киім киген? (Саптама, кебіс, етік)
Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін әдемі бір ән тыңдап алсақ тыңдап алайық:
Ән: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы_____________
Жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
Ендігі кезекте жеңгелеріміз бен аруларымыздың салт-дәстүрден хабар беретін көрінісін тамашалуға рұқсат етіңіздер.

Тақырыбы: «Сырлы жеңге, сұлу қыз» сайысы


Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу
Қыздар-қызыл киігі жанұяның
Қайықтары махаббат дарияның
Ескектерін ерліктің жоғалтпаған
Сіңілілері-ай Мәншүк пен Алияның
Қыздар, қыздар-көңілдің көк гүлдері
Көк көлдердің көзге ыстық кептерлері
Азаймаңдар, арулар, жауқазындар
Азаймаңдар өмірдің көктемдері
Армысыздар, құрметті көрермендер!
............ Бүгінгі шуақты күнде көктемнің жауқазындай құлпырған әсем қыздарымыз бен олардың асыл жеңгелері өз бақтарын сынауға «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайысымызға келіп отыр
Бірінші қыз білімді
Алады тез тіліңді
Қыздарымыз үлбіреп
Жанарлары мөлдіреп
Бұрымдары желбіреп
Барлығы да өнерлі
......... Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары! Бұл байқауымыздың мақсаты- Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу
.................... Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді,
Оларға берейік бүгін төрді
Ауылымыздың намысы үшін келіп тұрған
Сымбатты аруларға кезек келді
................... Ағайынға аймақ болған жеңешем
Абысынға қаймақ болған жеңешем
Жасық болмай жайнап жүрші, жаным деп
Қайын сіңіліге қайрат берген жеңешем
.............. ортаға қатысушы аруларымызды асыл жеңешелерімен бірге шақырайық
..1...............................................................................................................................
..2...........................................................................................................................
..3...........................................................................................................................
..4...........................................................................................................................
Қадірменді, көрермендер, қонақтар,
Қажет бізге енді әділ-қазылар.
Әділетпен сайыскерді сынайтын
Қазыларды шақыралық іске адал,- дей келе сайысымыздың қатысушыларын бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болайық
..............................................................................................................................
..............................................................................................................................
..............................................................................................................................
................
........ сайыс шартымен таныс болыңыздар. Сайысымыз алты бөлімнен тұрады
1. «Кәне, таныс болайық» таныстыру (Жеңгесі сіңілісін, сіңілісі жеңгесін таныстырады)
2. «Халқын сүйген-салтын сүйер» (Қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүріне байланысты көрініс қояды)
3. «Сырымыз бір жеңгелер» (Ситуациялық сұрақ-жауаптар)
4. «Өнерпаз болсаң арқалан» (қыздың өнері)
5. «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам...» үй тапсырмасы (жеңгесі қол өнерін көрсетеді немесе ас пісіреді)
6. «Ата мұраң-асыл қазынаң» (дәстүрге байланысты сұрақтар)
Жеребе арқылы бастаушы қатысушымызды анықтап алайық
Ендеше, сіздерге арналған мына Видеороликті тамашалаңыздар (қазақ қызы)
Көп сөйлеп, жөн жобадан аспайық
Қандай сайыс болса дағы қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса ағайын
«Сырлы жеңге, сұлу қыз!» сайысын біз бастайық
Беташарын сайысымның бастайық Көрерменді бір серпілтіп тастайық Қатысушылар таныстырсын өздерін Біз оларды ду қол соғып қостайық. І кезең
«Кәне, таныс болайық» таныстыру бөлімі басталады. Жеңгесі сіңілісін, сіңілісі жеңгесін таныстырады.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.
Кезек ІІ кезең «Халқын сүйген-салтын сүйер» атты бөліміне келіп жетті. Шарт бойынша қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүріне байланысты көрініс қояды
................. Көңілін халқымның таптың бүгін
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық
Байқайық жеңгеміздің тапқырлығын
ІІІ кезең «Сырымыз бір жеңгелер» мұнда ситуациялық сұрақтарға жеңгелеріміз жауап береді.
1. Қайын сіңіліңіз ұялы телефоннан немесе интернеттен басын көтермейді, сабағы да жайына қалады, ата-енеңіз «қатарынан қалмасын дұрыс 21 ғасыр ғой» дейді. Сіздің жанашыры ретіндегі әрекетіңіз қандай болмақ? Жалпы ВКонтакте, ватсап деген уақыт кетіргішке деген сіздің көзқарасыңыз қандай?
2. Сіздің қайын сіңіліңіз озат оқушы, есіл дерті білім, бірақ үй шаруасына мүлдем араласпайды, қызығушылық та танытпайды. Сіз қайын сіңіліңізді үй шаруасына үйретуге қандай амал табасыз?
3. Қайын сіңіліңіз сән үлгісіне еліктейді. Шектен-тыс еліктегіштігін, ашық-шашық киінгенін байқадыңыз. Ол жат қылықтан бас тартуы үшін қандай амал табасыз?
Сымбатына өнері жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па
Қыздарға қызыға қарайтұғын –деп келесі кезекте ІҮ кезең «Өнерпаз болсаң арқалан». Қыздарымыздың өнерлерін тамашалаймыз
........ Шеберлердің өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Тәтті дәмін және дағы татқызар
Ай сәулесі арайлап таң атқызар -деп Ү кезең «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам...» үй тапсырмасы берілген, жеңгелеріміздің қол өнерін мен ас мәзірін тамашалайық
Ата салтым – асыл мұра, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірін,
Өткенімді бүгінменен жалғадым
ҮІ кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң» салт-дәстүрге байланысты сұрақтар:
1. Жеңгеге сұрақ:
Бізшаншар дегеніміз не?
Қызға сұрақ:
Қазақ жеңгелерінің «ат қою» рәсімі тіл білімінде қалай аталады?
Біз шаншар (салт).
Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат
бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады.
Қандай шаруамен жүргенін айтпайды,
ел шаруасын, амандық білген болып,
қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша
ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді.
Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар,құда болайық»
дегенді білдіреді.
2. Жеңгеге сұрақ:
Байғазы дегеніміз не?
Қызға сұрақ:
Казақтың қасиетті сандары қатысқан мақал-мәтелдер айтыңыз.
Байғазы
Қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығының бір түрі.Байғазыны көбінесе жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер байғазы (ақша, малдың төлі т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, жақсы тілек білдіреді.
3. Жеңгеге сұрақ:
Аунату дегеніміз не?
Қызға сұрақ:
Қыз балаларға қатысты мақал-мәтелдер айтыңыз
Аунату –
Қазақ ғұрпы. Қазақ арасында балаларын үйіне келген атақты, аты мәшһүр, ұлы адамдардың отырған орнына аунатып алу салты бар. Кіндік қаны тамған жерге ер азаматты аунатып алатын да әдет бар. Бұл көне дәуірдің бүгінге жеткен сабақтастығы іспеттес.
Бұл соңғы сайысымыз болатын, әділқазы алқасы шешім шығарғанша «Адам өміріндегі маңызды деген үш нәрсе туралы слайд тамашалаңыздар!
Әділ қазыларға сөз береміз Марапатталады
Қорытынды
Жазушы Ә.Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп.
– Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған
осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл
болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
- Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.
- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң егер ұғатын- деп сай

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет