Сыртќы параќ (титул)


Әдебиет:қосымша[11]. дәріс. Тақырыбы: Жүктерді контейнерлер мен тегендерде



бет18/43
Дата24.09.2024
өлшемі238,07 Kb.
#145487
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
Жуктану УМК

Әдебиет:қосымша[11].


  1. дәріс.


Тақырыбы: Жүктерді контейнерлер мен тегендерде тасымалдау
Жүктердің ұсақ топтарын ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдау әмбебап контейнерлермен жүзеге асырылады.
Жүк контейнері – көліктің бір не бірнеше түрімен онда орналасқан жүктерді аралық аударып тиеусіз, қаптамалы немесе қапталмағанжүктертасымалынжеңілдетуүшінқұрастырылған көлік жабдығы. Ол өздігінен ашылмауға тиісті, қайталап пайдалану үшін жеткілікті қатқыл және берік болуға тиісті және онымен жұмысты, әсіресе бір тасымал құралынан екіншіге немесекөліктіңбіртүріненекіншітүрінеаударыптиеукезінде, жеңілдетуші құрылғылармен жабдықталуға тиісті. Кіші жүк контейнері – бұл оның сыртқы мөлшерінің (габаритінің) кез келгені 1,5 м аспайтын немесе оның ішкі көлемі 3 м² артық емес контейнер. Кез келген басқа жүк контейнері үлкен жүк контейнері деп саналады.
Ерекше тасымалдау шарттарын қажет ететін жүктердіңжеке түрлерін тасымалдау жағдайында, тасымалдау мамандандырылған контейнерлермен немесе тегендерменжүзеге асырылады. Әмбебапконтейнерлермен халық тұтынатын азық-түлікжәнеөнеркәсіп тауарлары, өнеркәсіптікжәнебасқа ұйымдардың материалдық-техникалық бұйымдары, сондай-ақ азаматтардың үй мүліктері тасымалданады.
Тегендермен пакеттелген түрде ыдысты-майда даралы жүктер тасымалданады.
Жүктердің автомобиль тасымалдары үшін қолданылатын әмбебап және мамандандырылған контейнерлер мен тегендер мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі және олардың кімге тиістілігіне қарамастан мынадай таңбаламасы болуы тиіс:

  1. ҚазақстанРеспубликасы;

  2. контейнертиесілітұлғаныңшартты(қысқартылған) атауы;

  3. контейнердіңнөмірі;

  4. ыдыстыңмассасы,неттомассасыменбруттомассасы,кг;

  5. ішкікөлемі,м3;

  6. жасалғанорны,айыжәнежылы;

  7. соңғыкүрделіжөндеуденөткен орны, айы және жылы.

Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған әмбебап контейнерлердің негізгі үлгілері, брутто массасы 2,5 (3) тонна (бұдан әрі - т), 5 т, 10 т, 20 т және одан артық контейнерлер болып табылады.
Контейнерлер мен тегендерді тасымалдау үшін тасымалдаушылар жүк автомобильдерді, ернеулі платформасы бар тіркемелер мен жартылай тіркемелерді немесе мамандандырылған автокөлік құралдарын (контейнер тасығыштар, фургондар) бөледі.
Контейнерлер мен тегендерді автокөлік құралдарына тиеу кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:

  1. контейнерлер мен тегендер платформаның барлық алаңында, шанақтың алдыңғы ернеуінен (қабырғасынан) бастап оның бойлық білігіне симметриялы түрде біркелкі орналастырылуы тиіс;

  2. контейнерлер мен тегендердің санын және оларды автокөлікқұралындаорналастырусхемаларынжүкжөнелтуші мен тасымалдаушы бірге белгілейді, бұл ретте контейнерлердің немесетегендердіңбруттожалпысалмағыавтокөлікқұралының жүк көтергіштігінен аспауы тиіс, ал контейнерлер мен табандықтардың көлемдері автокөлік құралдарының көлемдерінен шықпауы тиіс, сондай-ақ жол белгілерінде көрсетілген көлемдерден аспауы тиіс;

  3. қалааралық тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші контейнерлерді автокөлік құралында есіктерін платформаның ішіне қаратып орналастыруы тиіс;

  4. қалалық және қала маңындағы тасымалдау кезінде, шартта автокөлік құралынан контейнерлерді алмай жүктерді тиеу мен түсіруді жүзеге асыру көзделетін болса, контейнерлерді жүк жөнелтуші есіктерін ернеулерге қаратып орналастырады;

  5. контейнерлердің толық емес жинағын тасымалдау кезінде, оларды автокөлік құралы платформасының алдыңғы ернеуіне тығыз орналастырады. Бос контейнерлерді есіктерін ашық қалдырып тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Тасымалдаушылар,жүкжөнелтушілержәнежүкалушылар контейнерлер мен тегендердің алмасу пункттерінкәсіпорындарда, көтерме-сауда базаларында, материалдық- техникалық жабдықтау базаларында, жүк терминалдарындажәне басқа да жүктерді жөнелту мен алу пункттерінде жасауы мүмкін.
Жүк жөнелтуші жүкті орналастыру кезінде жүк пен контейнер есігінің арасына 30-дан 50 мм дейін бос кеңістік қалдырады. Жүктерді немесе оларды бекітуге арналған құрал- жабдықтарды (тіректер, сыналар, төсемелер және басқалар) контейнердің қабырғаларына, еденіне және төбесіне шегемен немесе қапсырмамен қағуға рұқсат етілмейді.
Жүк жөнелтуші жүктерді контейнерлерде ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдаукезінде,жүктердіқажалудан,майысудан,мұздап қалудан немесе қызып кетуден сақтайтын құралдарды (контейнердің қабырғаларын қағазбен қаптау, қорғаныш тақтайшаларды, резеңке төсемелерді қою, жүкті жұмсақ оқшаулағыш материалдармен орау және тағы басқа) қолданады. Контейнерге майланғанкүйдегіқосалқыбөлшектерді, метиздерді және басқа өндірістік-техникалық мақсатқа арналған өнімдітиеуалдындажүкжөнелтушіконтейнергетөсеужәне контейнердіңқабырғаларыменжүктіңарасынасалуүшінтығыз қағазқолданадынемесеконтейнердіңішкібетінластанудан
жәнезақымданудансақтайтынбасқашараларқабылдайды.
Сұйық жүктер контейнерлермен тасымалдауға жеңілдетілген ыдысқа (тор жәшіктер, қатырма қораптар) салынған, сыйымдылығы 1 л аспайтын ұсақ ыдыспен (шишалар, банкалар) ғана жіберіледі.
Әмбебап контейнерлермен ыдыссыз сусымалы жүктерді, өткір және улы заттарды, сондай-ақ күлімсі иісті және контейнердің қабырғалары мен еденін ластайтын жүктерді тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Пакеттелгенжүктердітасымалдауерекшеліктері
Өздерінің өлшемдері мен қасиеттері бойынша пакеттеліп жасалуы мүмкін,жүктерді жүк жөнелтуші тасымалдауға, әдетте, пакеттелген түрде ұсынады.
Пакет мағынасында ыдыстағы (жәшіктердегі, қаптардағы, кеспектердегі және басқалар) жеке орындардан құралған, бір- бірімен бір рет пайдаланылатын әмбебап немесе арнайы немесе көп айналымдық пакеттегіш құралдардың көмегімен байланыстырылатын тегендердегі немесе оларсыз, тасымалдау және сақтау барысында:

    1. механикаландырылғантиеу(түсіру)мүмкіндігін;

    2. пакеттердіңбүтіндігін;

    3. автокөлік құралдардың жүк көтергіштігін (сыйымдылығын) барынша пайдалануды қамтамасыз ететін ірілендірілген жүк орны түсініледі.

Пакеттегі жүктерді бекіту құралдарында жүк жөнелтушінің бақылау белгілері болуы және бекіткіштер мен бақылаубелгілерін бұзбай пакеттерден жеке жүк орындарын алу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Бақылау белгілері болып жүк жөнелтушінің атауы бар пломбалар, құлыпқа бекітілген бақылау таспасы, отырғызу пленкасы табылады.
Аталған талаптар дұрыс сақтамай құралған пакеттермен жүктерді тасымалдауға беруге рұқсат етілмейді.
Жүкжөнелтушіпакеттепакеттегіжүкорындарыныңсанын, сондай-ақ пакеттің брутто және нетто салмағын көрсетеді.
Жүк жөнелтуші пакеттерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес құрастырады.
Әрбір пакетке бірдей орамадағы немесе орамасыз, бір жүк алушының мекен-жайына баратын біртекті жүкті ғана салуға рұқсат беріледі.
Тегендердегі пакеттермен ыдысты және майда даралы жүктер тасымалданады. Жайпақ тегендерде стандартты ыдыстағы және орамадағы (жәшіктердегі, қораптардағы, қаптардағы және т.б.); тағанды тегендерде - беріктігі жеткілікті емес ыдыстағы майда даралы, тіреу беттері тегіс емес осал жүктер; жәшікті тегендерде орамасыз жүктер, машина жасау, парфюмерия, резеңке техникалық өнеркәсіптің ұсақ өнімдері тасымалданады.
Кейбір жүктер (түсті металдардың құймалары, шиналар, бумалар және басқалар) тегендерді қолданбай пакеттелуімүмкін.
Көп айналымдық пакеттегіш құралдарды қауіпті жүктер мен өзіне тән иісі бар жүктерді пакеттеу үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай жүктерге ерекше жағдайларда пайдаланылған пакеттегіш құралдарды тасымалдаушы жүк алушыдан - олар тазартылғаннан кейін, ал қажет жағдайларда жуып және дезинфекцияланғаннан кейін қабылдайды.
Пакет құрастыру кезінде жүк жөнелтуші мынадай талаптарды сақтауы тиіс:

  1. пакеттің салмағы тегендіктің көрсетілген жүк көтергіштігінен аспауы тиіс;

  2. жайпақ тегеннің жан-жағынан пакеттің жиынтық асылмасы 40 мм аспауы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет