Тақырыбы:Жүктердіпломбалаутәртібі Бір жүк алушыға баратын тиелген жабық жүк автомобильдерін, тіркемелерді, автокөлік құралдарының жеке секцияларын, контейнерлерді және цистерналарды жүк жөнелтуші пломбалауы тиіс, ал жәшіктердегі, қораптардағы және басқа ыдыстағы майда даралы тауарларды пломбаланбаған автокөлік құралымен немесе контейнерлермен тасымалдау кезінде пломбалануы немесе бандерольденуі тиіс.
Жүкті пломбалау кезінде тауар-көлік жүкқұжатында пломбаның бар екенін көрсетіп белгі жасалады.
Бірнеше мекен-жай бойынша тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ету үшін фургон-шанақтың ішіне тасымалдаушы шанақты жеке пломбаланатын секцияларға бөлуге мүмкіндік беретін қоршаулар орнатуы мүмкін.
Жүргізушіавтокөлікқұралдардыңжүкбөлігінтиеужәне пломбалау кезінде болады да, жарамды автокөлік құралдарда, жүк автомобильдің жеке секцияларында, контейнерлерде және цистерналарда жүк жөнелтушінің зақымдалмаған пломбаларыменкелген,сондай-ақжүкалушығажүктіңсалмағы мен жай-күйі және жүк орындарының саны тексерілмей берілетін жарамды бандерольденген ыдыстағы жүктерді қайта өлшеу мен қайта санауға қатыспайды.
Жүк жөнелтушінің пломбаларында жүк жөнелтушінің қысқартылған атауы және бақылау белгілері (сауда белгілері немесе қысқыштың нөмірлері) болуы тиіс.
Тасымалдаушы пломбалаған кезде, пломбаларда тасымалдаушының атауы және қысқыштардың нөмірі болуы тиіс.
Автокөлік құралына (фургондарға, цистерналарға және тағыбасқа)контейнерлерге,автокөлікқұралдыңсекцияларына, жекежүкорындарынаілінетінпломбаларжүктергетиісугежәне олардың бүтіндігін бұзбай пломбаларды алуға мүмкіндік бермеуі тиіс.
Пломбалар:
фургондарданемесеавтокөлікқұралдыңсекцияларында- барлық есіктерге бір пломбадан;
контейнерлерде-есіктергебірпломбадан;
цистерналарда - люктің қақпағы мен құйып алу саңылауына бір пломбадан;
жүк орнында - бірден төрт пломбаға дейін жиектеу жолақтарының немесе басқа байлау материалдарының түйіскен нүктелеріне ілінеді.
Брезентпен жабылған автокөлік құралының шанағын пломбалау, брезенттің шанақпен біріккен жері жүкке тиісудің мүмкін еместігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Пломбалар біріктіргіш материалдың шеттерінде автокөлік құралының шанағымен түйіскен бірнеше жерге ілінеді.
Автокөлік құралдарды - фургондарды (контейнерлерді) пломбалау алдында екі есік жапсырмасы диаметрі кемінде 2 мм және ұзындығы 250-260 мм күйдірілген сым бұраулармен бекітілуі тиіс.
Сымды бұрау диаметрі 6-10 мм және олардың аралығы 35 мм екі саңылаулы арнайы металл пластинкамен жүргізілуі тиіс.
Сымбұрауларменесікжапсырмаларынбекітуді,жүктиеуді жүргізетінжүкжөнелтушіжүзегеасырады.
Пломбалау үшін екі қатарлас арналы саңылаулары бар камералы қорғасын немесе полиэтилен пломбалар, сондай-ақ термиялық өңделген (күйдірілген) диаметрі 0,6 мм сым қолданылуы мүмкін.
Пломбалар алдын ала екі жіпке бұралған сымға ілінуі тиіс. Сымды бұрау 10 мм ұзындыққа төрт орам келетін есеппен жүргізіледі.
Екі қатарлас арналы саңылаулары бар пломбаларды ілу мынадай тәртіппен жүргізілуі тиіс. Пломбалардың әрқайсысына пломбалау сымының бір ұшы өткізіледі.
Сымның ұзын бос ұшы фургонның (контейнердің) есігіндегі есік жапсырмасының көзінен екі айналып, ал сонан кейін пломбаның бір және екінші саңылау арқылы өткізіледі. Осыдан кейін пломба қысқышпен қысылады.
Камералы қорғасын пломбаларды ілу кезінде сымның ұштары пломбаның кіру саңылаулары арқылы өткізіледі, 2-3 орамға бұралады және орамдар камераға тартылып, қысқышпен қысылады.
Камералы полиэтилен пломбаларды ілу кезінде сымның ұштары пломбаның кіру саңылаулары арқылы өткізіледі, содан кейіносыұштарөзарасындаекіорамменбұралады,сымныңбір ұшы екіншісін айнала, ал содан кейін екіншісі, тәртіппен біріншісін айнала бұралады.
Осыдан кейін жасалған түйін камераға әбден тартылады және пломба пломбалау қысқышымен қысылады.
Пломбалау кезінде есік жапсырмасының (цистерна қалпағының қақпағы) көзі мен пломбаның арасында пайда болған ілгек 25 мм аспауы тиіс.
Пломбалар бедері екі жағынан анық және айқын шығатындай, ал сымды пломбадан суыруға болмайтындай етіп қысылады. Қысқышпен қысылғаннан кейін әрбір пломба мұқият тексерілуітиісжәнеақаутабылғанжағдайда(қысқыш таңбалары сандарының анық еместігі, таңбалардың кесілуі және тағы басқа) басқасымен ауыстырылады.
Пломбалардың бақылау таңбаларында нөмірленуі 001-ден 999-ға дейін жүйелі тәртіппен жүргізілетін әріптік және сандық белгілері болуы тиіс.
Пломбалардағы көмескі бедерлі қойылған таңбалармен, сондай-ақ дұрыс ілінбеген пломбалармен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Бандерольдеу жасалған материалдар (қағаз таспа, бау және тағы басқа) біртұтас (түйіндерсіз және жалғамасыз) және біріктірілген жерлерде жасаушының немесе жүк жөнелтушінің айыру белгісімен (мөрмен немесе штампымен) бекітілуі тиіс.
Бандерольдеу, ол жасалған материалды жыртпай жүкке тиісу мүмкін болмайтындай етіп жасалуы тиіс.