`(сырты)Білім беру және «Қазақстанның педагогикалық академиясы»


«Эссе жазып үйренейік» курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет2/56
Дата17.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#25796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
эссе жазуға көмекКІТАП

 «Эссе жазып үйренейік» курсының бағдарламасы 

1.  Эссе деген не? 

2.  Эссенің басқа жазба жанрлардан айрмашылығы 

3.  Эссе жазуға қойылатын талаптар 

4.  Эссе жазу үшін нені меңгеру керек? 

5.  Қазақ тілінің орфографиясы 

6.  Тыныс белгілерді дұрыс қойып үйренейік 

7.  Сөз өнері- жазу үшін қажетті асыл өнер 

8.  Практикалық сабақ 

9.  Эссені тексеру мен бағалау 

10.  Қазіргі эссе үлгілері 



 

                                Эссе жазуға көмек  



 Эссе  жанры  қазіргі  заманда  барлық  мамандықтағы  адамдар  үшін  негізгі 

іскерлік  қарым  –қатынас  жасаудың,  табысқа  қол  жеткізу  үшін  өз  жаңалығын 

жүзеге  асырудың,  басқа  адамдардың  ой-пікіріне  көзқарасын  білдіру  үшін  ең 

негізгі  жазу  түрі  болып  қалыптасып  отыр.  Қазіргі  мектеп  оқушысы-  келешек 

маман, ол  қандай  салада болсын өзінің  шешімі  мен  тұжырымын  сауатты  бере 

алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын 

маман  болуы  тиіс.  Мектеп  мұғалімдеріне  ұсынылып  отырған  бұл  көмекші 

құрал  сондай  өткір  мәселені  шешуге  көмек  болады.  ЮНЕСКО-ның  шешімі 

бойынша  әлемдегі  ең  сауатты  адам  берілген  тақырыпқа  500  сөзден  астам 

көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті 

болашақ  маман  мектеп  қабырғасында  эссе  жазуға  қалыптасып,  қай  мамандық 

иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық 

бағытта эссе жазылып жүр.Сондай эссе жазушыларға көмек ретінде ұсынылып 

отырған  жұмыстың  нәтижесі    -  алғашқы  жылдардан  қалалық  байқаулардан 

алған жүлделеріміз. 

Эссе  дегеніміз  (фр.  тіл.  essai  -тәжірбие,  лат.т.  exagium  –  құрау  )  – 

философиялық,  әдеби,  тарихи,  публицистикалық,  әлеуметтанулық,  саяси  және 

тағы  басқа  саладағы  ғылыми  емес,  автордың  жеке  көзқарасын  білдіретін 

прозалық  мәтін.  Жанр  ретінде  енгізген  1580  ж.  Мишель  Монтень  болатын,  ал 

«эссе»  сөзін  бірінші  рет  қолданып,  осы  жанрда  1597  жылы  Френсис  Бэкон 

кітаптарын жазып шығарды. 

Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен 

болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген. 

Классикалық  эссе  –  бұл  еркін  тақырыпқа  жазылған,  көркемдік  қиялдан 

азат  қысқа  көлемді  шығарма.  Эссенің  мақсаты  –  әртүрлі  тезистер,  дәлелдер 

келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал 

келтіріледі.Эссе  -    жеке  әсер  етуді    және  нақты  сылтау  бойынша  пікір  ойды 

білдіретін  кішкене  көлем  мен  еркін  композицияның  шығармасы.                        

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, 

таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша 

автордың көзқарасын ашу, таныту. Бұдан басқа 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет