Жапырақ, сабақ Жоспары



бет1/3
Дата12.07.2023
өлшемі2,12 Mb.
#104249
түріСабақ
  1   2   3

Жапырақ, сабақ

Жоспары:

  • Жапырақтың қызметі мен анатомиялық құрылысы
  • Жапырақтың морфологиялық құрылысы
  • Сабақ түрлері
  • Сабақтың анатомиялық құрылысы
  • Сабақ – жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшесі, өркеннің өстік (тірек ) бөлімі. Сабақ ұшында төбе меристемасының болуына байланысты үнемі ұшынан, сол сияқты қыстырма меристемасынан да өсіп отырады. Тіректік мүшенің бірі тамырдан айырмашылығы, сабақта жапырақ пен бүршік жетіледі және өсуін теріс геотропизм бағытында жалғастырады.

Сабақтың қызметі:

  • Сабақ өсімдіктің денесін жоғары көтеріп, тамырдың топырақтан сіңірген су мен минералды тұздарын жоғары бағытта, жапыраққа қарай, ал жапыраққа түзілген органикалық заттарды төмен қарай тамырға өткізеді. 

Сабақтың түрлері


1. Тік сабақ; 2.Жатаған (мұртша) сабақ; 3.Жатаған (желі) сабақ; 4. Шырмалғыш сабақ; 5. Өрмелегіш сабақ
Сабақтың кеңістікте бой түзеуі әр қилы болып келеді. Олар тік, көтеріңкі, төселмелі, өрмелегіш (шырмалғыш, жармасқыш және т.б.)

Ағаштардың басым көпшілігінің, әсіресе көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, қайың, жүгері, күнбағыс және т.б. Шөптесін өсімдіктердің ішінде сабағы алғашында көлбеу өсіп, содан кейін біртіндеп доға тәрізді иіліп барып көтеріліп өсетіндері жиі кездеседі. Мұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады. Мысалы, құлмақ жоңышқасы, қызылбас беде, күміс қазтабан және т.б.

  • Ағаштардың басым көпшілігінің, әсіресе көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, қайың, жүгері, күнбағыс және т.б. Шөптесін өсімдіктердің ішінде сабағы алғашында көлбеу өсіп, содан кейін біртіндеп доға тәрізді иіліп барып көтеріліп өсетіндері жиі кездеседі. Мұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады. Мысалы, құлмақ жоңышқасы, қызылбас беде, күміс қазтабан және т.б.
  • Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өскендіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің (ақ беде, бүлдірген) сабағының топырақпен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төселмелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ және т.б. жайылып өсіп, үлкен аймақты қамтиды, бірақ бұлардың сабағынан қосалқы тамырлар өсіп шықпайды, кейде мұндай өсімдіктер желі сабақтылар деп те аталады.
  • Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таянышты пайдаланып өседі. Мұндай өсімдіктер лианалардеп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Лианаларға сабағы жіңішке, арқаулық ұлпасы біршама нашар жетілген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік (систематикалық) тұрғыдан әр түрлі таксондардың өкілдері жатады.
  • Өрмелеу тәсілдеріне қарай лианалар: таянып өсетіндер – бұларда арнаулы өрмелеу мүшесі болмайды, мысалы, бұған Ротанг пальмасы, кейбір тропикалық фуксиялар жатады; жармасып өсетіндер – бұларда өрмелеу қызметін атқаратын әр түрлі тікенектер, ілгек, қылшық тәрізді қосалқы өркендер болады (жабысқақ, қызыл бояу шөп, раушанның түрлері, таңқурай); мұртшалар – таянышты арнаулы мұртшалары арқылы орап алады (жабайы жүзім, асқабақтар тұқымдасы мен бұршақ тұқымдасының көбі); шырмалғыштар, мұнда өркеннің өсу барысында таянышқа шырмалып өскендігі айқын байқалады. Көптеген өсімдіктер (құлмақ, шырмауық) сағат тілінің бағытында, кейбіреулерінде (дала шырмауығы, көпгүлді үрме бұршақ) сағат тіліне қарсы бағытта шырмалып өседі.
  • Өсімдік сабақтарының жұмсақ қаттылығын, жуан-жіңішкелігін, жұқалық-етженділігін, борпылдақ-шымырлығын, мықтылық-морттығын, бітеу-қуыстығын сабақтың консистенциясы деп атайды. Консистенциясына қарай сабақ сүректі және шөптесін болып бөлінеді.
  • Шөптесін өсімдіктер деп, жер бетіндегі сабағы онша сүректенбейтін және вегетациялық дәуірінің соңында жемісінен (тұқымынан) басқа мүшелері қурап қалатын өсімдіктердің сабақтарын айтады.
  • Вегетациялық дәуір дегеніміз - өсімдік өскіні мен өркеннің еккен тұқымынан немесе тамыр сабағынан өсіп шыққан күннен бастап, оның жаңа тұқымы піскенге дейінгі басынан өткізген мерзімі.
  • Шөптесін өсімдіктер сабағының жасына қарай бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді және өзек құрылысына қарай қуыс өзекті, жұмсақ өзекті және шымыр (бітеу) өзекті болып та келеді.
  • Бір жылдық шөптесін сабақты өсімдіктер-бір ғана вегетациялық дәуір ішінде өседі де, көктемде егілген ескі тұқымнан күзде қайтадан жаңа тұқым пісіп шығады, одан соң вегетациялық мүшелердің барлығы қурап қалады. Бұған арпа, бидай, тары, жүгері, қауын, қарбыз және басқа ауыл шаруашылық дақылдары мен көптеген сол сияқты жабайы өсімдік түрлері жатады.
  • Екі жылдық шөптесін сабақты өсімдіктерге егілген тұқымынан бірінші жылы вегетативтік мүшелерін жетілдіріп, екінші жылы жемісін (тұқымын) шығаратын өсімдіктер тобы жатады. Мысалы, сәбіз, қызылша т.б.
  • Көп жылдық өсімдіктер-егілген тұқымнан өніп шыққан сабақтары көптеген жылдар бойы өсіп тұратын өсімдіктер тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет