`(сырты)Білім беру және «Қазақстанның педагогикалық академиясы»


Ұлттық валюта- мемлекеттіліктің нышандарының бірі



Pdf көрінісі
бет27/56
Дата17.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#25796
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
Ұлттық валюта- мемлекеттіліктің нышандарының бірі 

Жоспар: 

І Кіріспе 

Теңге – еліміздің салмақты нышаны 

ІІ Негізгі бөлім 

1. Ұлттың валюта тарихы 

2.Жаңа келбеттегі теңгеміз 

ІІІ Қорытынды 

Әлем нарығында жарқырап жүрші, төл теңгем! 



 

Ақшаны жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, бірақ сол ақшаның тарихын білеміз 

бе? Ұлттық валюта, яғни теңгеміздің пайда болуы Қазақстан Республикасының 

тәуелсіз  екендігінің  бір  дәлелі  болып  табылады.  Теңге  –  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  нышаны.  Қазақстан  үшін  өзінің  ұлттық 

валютасын  енгізудің  экономикалық  қана  емес,  үлкен  саяси  да  мәні  бар  еді. 

Ұлттық валютаға өту Қазақстанға әлеуметтік жағынан үлес қосады. Қазақстан 

теңгесі – ҚР-ның ұлттық валютасы, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 

1993  жылғы  15  қарашадағы  жарлығы  бойынша  айналысқа  енгізілді.  1992 

жылдың  27  тамызы  күні  Ұлттық  банк  теңге  купюрасының  үлгілерін  бекітті. 

1992  жылы  теңге  дизайнындағы  портреттер  бекітілді.  Теңге  Ұлыбританияда 

басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

«Қазақстан  Республикасында  ұлттық  валюта  енгізу  туралы»  жарлыққа  қол 

қойды.  2006  жылы  15  қарашада  ҚР-ның  Ұлттық  банкі  200,  500,  1000,  2000, 

5000,  10000  теңгелік  банкноталардың  келбетіне  өзгерістер  енгізіп  шығарды. 

Мұндағы  шаралар  банкнотадағы  адам  бейнесінің  болмауын,  қорғаныс 

қабілетінің  жоғары  болуын  көздейді.  Меніңше,  бұл  дұрыс  та,  себебі  қолда 

жүретін  олардағы  адамдар  еліміздің  ұлы  тұлғалары  болатын.  Мемлекет  болу 

үшін оның өз валютасы болғаны дұрыс. Меніңше, бірнеше жылдық тарихы бар 



35 

 

доллардан да, Ресей рублінен де біздің теңгеміз өте ыстық, өте қымбат. Оның 



құны да тұрақты. Сондықтан төл теңгеммен мен де мақтанамын! Жерде жатқан 

теңгені  көтеремін,  себебі  онда  елтаңба  бейнеленген.  Елімнің  болашағының 

жарқын  болатынына  сенгенім  сияқты,  мемлекет  нышаны  теңгенің  де  әлем 

нарығында  жарқырап  жүреріне  үмітім  мол.  Бірақ  теңгенің  оңай  жолмен 

келмейтінін және біздің білім алып, еңбек етуімізді ынталандыратын бағалы әрі 

құнды қағаз екенін естен шығармасақ екен.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет