Құрамына организмге кажетті барлық амин қышқылдары, былайша айтқанда,
алмаспайтын амин қышқылдары лейцин, изолецин, валин, метионин, лизин,
фенилаланин, гистреонин, триптафан және басқалар кіретін белоктар бағалы
белоктар деп аталады. Тағамда осы амин қышқылдарының бірі болмаса айналулар
мен ауытқуларға әкеп соғады. Мәселен, тәжірибе жасалынып жүрген
жануарлардың рационында лизин жоқ болса, онда олардьщ өсуі токтап, салмағы
тәмендейді, валин болмаса, нерв жүйесінде жүретін процесстер тепе-теңдігі
бұзылады: триптофан болмаған жағдайда өсу мен зат алмасу процестері
бұзылады.
Құнарлы белоктар жануарлар өнімдерінен алынған азықтарда (ет, сүт, балық,
жұмыртқа) болады. Құнарсыз белоктарда организмге кажетті амин қышқылдары
болмайды. Оларға мәселен, өсімдік белоктарының көпшілігі, жануарлар
белогынан — желатин жатады. Бұл белоктарда амин қышқылдарын
алмастыратын заттар бар, яғни олар организмде түзіле алады. Мәселен, тирозин
фенилаланинды алмастыра алады.
Құнарсыз белоктардан тұратын өсімдік өнімдері бала организмі үшін өте
кажет. Сондықтан құнарсыз белоктарды оқушылар тағамынан шығарып тастауға
болмайды. Мектеп жасында жануарлар және өсімдіктер белогының арақатысы —
3:1, ересектер үшін 1:1.
Достарыңызбен бөлісу: