Ф.7.03-023
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
«СЫРТТАЙ ЖӘНЕ КЕШКІ, ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ» ФАКУЛЬТЕТІ
«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәні бойынша дәрістер жинағы
Құрастырған: аға оқытушы Сембаева Р.С.
Шымкент, 2019ж
Ф.7.03-23
1-дәрістің тақырыбы: Организмдегі жеке мүшелерінің,жүйелердің мектеп
жасындағы балалардың жас ерекшеліктерінің заңдылықтары
Жоспар:
1.Физиология ілімі жөнінде түсінік
2.Жеке мүшелерді жүйеге қосу(Атқаратын қызметіне қарай)
3.Мектеп жасындағы бала организмінің жас ерекшеліктері.
1.Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды:
адам
организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер,жүйелерінің қызметтерінің
жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму
жолдарын қарастыратын жасқа
байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті
жағдайларды қарастырса ал екіншісі гигиена ғылымдары.
Жасқа
байланысты
физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән,
мұның оқытатыны балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері;
олардың жекеше дамуының қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының
әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері.
Бұл пән
ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар
мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.
Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена
мен медициналық гигиена,
биохимия, биофизика, психология,
педагогика, гистология,
цитология, генетика т. б. биологиялық және табиғаттану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің,
оларға
жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты,
сұлу етіп өсірудің негізі ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын,
ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы
түрлі аурулардың алдын алады еңбек қабілетін күшейтеді,
дене шынықтыру
жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді
түрлерін анықтайды. Бұл пән мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің
негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық
және санитариялық
салауаттық мәселелерін қамтиды.