«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


физиологиялық белсенділік дейді



Pdf көрінісі
бет8/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

физиологиялық белсенділік дейді. 
Ф и з и о л о г и я л ы қ б е л с е н д і л і к - кезінде зат алмасуы артады, 
бірнеше мүшелер, мүшелер жүйелері қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ 
ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса 
жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мүндай 
жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді. 
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады.
Т і т і р к е н у деп - сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап 
беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін т і т і р к е н д і р 
г і ш деп атайды. Олардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары 


физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштер төртке 
бөледі: физикалық, химиялық, физикалық - химиялық және биологиялық 
тітіркендіргіштер. 
Ф и з и к а л ы қ тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, 
шаншу, қысым т. б.) және электрлік әсерлерді айтады. 
Х и м и я л ы қ тітіркендіргіштерге тамақтың құрамыңдағы органикалық 
және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, тұздар 
және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады. 
Ф и з и к а л ы қ - х и м и я л ы қ тітіркендіргіштерге 
ертінділердегі 
заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен 
катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері 
(айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) 
жатады. 
Б и о л о г и я л ы қ
тітіркендіргіштерге 
түрлі 
макро 
және 
микро 
организмдердің әсерін жатқызуға болады. 
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды т і т і р к е н г і ш
ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар 
тітіркендіргіштің әсеріне қозу мен жауап береді. Қозу кезінде бұл ұлпалардың 
электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, 
олардың қызметі күшейеді. Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер 
еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны 
т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетті тірі ұлпалардың белсенді қызмет 
атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын 
басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады. Тірі ұлпалардың 
электрлік қасиетін б и о э л е к т р л і к құбылыс дейді. Көп клеткалы 
организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, 
талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту 
тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады. 
Электр күшін тудыратын қуат клетка мембранасының ішкі жөне сыртқы 
жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен 
түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік 
қатынасы (мембрананың иоңдық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық 
құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш 
аденозин үш фосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде 
пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) 
жұмсайды. Тыныштық клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал 
айырмашылықтарын м е м б р а н а н ы ң п о т е н ц и а л ы немесе т ы н ы ш т ы қ
т о ғ ы деп атайды.Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен 
тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал айырмашылығын әр е к е т
п о т е н ц и а л ы дейді. Тыныштық тоғы 50-90 мВ-қа дейін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет