Система hla, строение, функции локусов. Основы трансплантационного иммунитета



бет1/3
Дата01.12.2022
өлшемі416,5 Kb.
#54165
  1   2   3

HLA жүйесі, құрылысы, қызметтері Трансплантациялық иммунитет негіздері

Негізгі гистосәйкестік комплексі (НГК) (Major Histocompatibility Соmplex - MHC) – жасушалық иммундық реакцияларда маңызды қызмет атқаратын организмнің жасушаларындағы беткей ақуыздар тобы. Адамның НГК-сі HLA (Human Leukocyte Antigen) деп аталады. HLA 1952 жылы лейкоциттер антигендерін зерттеу кезінде ашылған. HLA антигендері жасушалардың бетінде орналасқан гликопротеидтер. HLA антигендері бөгде антигендерге қарсы иммундық жауапты реттейді және өздері де күшті антиген болып табылады.

Хромосоманың құрылысы

HLA генінің 6 хромосомада орналасуы

НГК-нің қызметтері: 1) иммундық жауап кезінде жасуша аралық әрекеттесуді іске асырады. НГК молекулаларының көмегімен бөгде антигендік материал Т-жасушалық антигенді танушы рецепторларға таныстырылады (презентация).

НГК-нің қызметтері: 2) HLA-аймақ организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігіне жауапты болып табылады. HLA-аймақта организмді белгілі антигенге қарсы иммундық жауап түзуге қабілетті ететін арнайы иммундық жауап гені (Ir - immune response) болады, және бұл қызмет ауруларға бейімділікті анықтайды.

Гистосәйкестік гендері екі топқа бөлінеді:

  • I-топ
  • II-топ

Гистосәйкестік генінің I-тобы:

  • Қалыпты жағдайда HLA жүйесінің
  • I-топтағы антигендері барлық ядросы бар жасушаларда болады.

I-топтағы HLA молекуласының структурасы

  • Альфа-полипептидті тізбектері:
  • 340 аминоқышқыл қалдықтарынан құралып, жасушадан тыс үш доменнен (альфа1, альфа2, альфаЗ), бір трансмембраналық бөліктен және цитоплазма ішілік «құйрықтан» тұрады.
  • Бета-тізбегі 100 аминқышқылынан құралған жасушадан тыс домені бар бета-2-микроглобулин болып табылады.
  • «Пептидті байланыстырушы жүлге» екі альфа-спиральдан («қабырға») және антипараллельді бета-қатпардан («түбі») пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет