Ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен инновациялық қызметтерді ұйымдастыру әдіснамалық құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінікті; психологиялық-педагогикалық зерттеу және оның ғылыми аппаратының жүйелілік құрылымын; зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық әдістерін; эксперименттің орындалу тәртібі және негізгі сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық эксперимент барысында алынған мәліметтерді дәлелдей білетін болады. Ғылыми зерттеуді талдаудағы ептілік, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламаларының дербес құрастыра білу, түсіндіру, қорытындылау және зерттеу нәтижесін меңгереді.
6. Қалыптасатын құзыреттер
Студенттер пәнді үйрену нәтижесінде: Педагогикалық информатиканың теориялық негіздерін, оқу мақсатында пайдаланатын компьютерлік программалардың типологиясын, информатиканың фундаментальды негіздерін, білім берудегі сандық технология құралдарының негізгі бағыттарын, білім беру саласындағы жүйелі талдау мен ақпараттық моделдеудің әдістерін білуі тиіс.
Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады:
Компьютер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) басқа құрылғыларының көмегімен жұмыс істеуге, білім беру үрдісін ұйымдастыруға және оның нәтижесін жоспарлауға қабілетті.
Негізгі құзырылықтар: қалыптастырушы: қазіргі ақпарттандырылған қоғамның дамуы кезінде ақпараттың мәні мен маңызын түсіну;
жүйелеуші: ақпарат, коммуникация, ақпараттық технологиялар туралы білімді меңгеру, ақпаратты бағалау, таңдау, және ұйымдастыра білу;
зерттеу: ақпаратты алу және пайдалану, түрлі деректерді қабылдау және қолдана білу;
Пәндік құзырлықтар: коммуникативтік: түсінікті болу үшін сұхбат құра білу, тапсырмаларды уақытылы орындау;
технологиялық: білімгерлердің өздігінен жоспарлаған ақпараттық өнімдерін сызба бойынша құру және оны өңдеу мүмкіндігін түсіну;
бақылаушы: ақпараттандыру саласындағы білімді меңгеру, бақылаушы-бағалаушы материалды дайындау, алынған нәтижені өңдеу;