Ситуация №1: Дәрігерлік қабылдауға науқас келді. Біркүн бұрын кешке, жұмыстан үйге келгенде саябақта болған зорлау фактісі бойынша шағымдармен қаралды



Дата23.09.2024
өлшемі17,19 Kb.
#145319
Байланысты:
Ситуациялық есептер жиынтығы


Ситуация №1:
Дәрігерлік қабылдауға науқас келді. Біркүн бұрын кешке , жұмыстан үйге келгенде саябақта болған зорлау фактісі бойынша шағымдармен қаралды. Әйел қалаусыз жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектерді ұсынуды және оның жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауырғанын тексеруді сұрайды.

Тапсырма:


1.Төтенше контрацепция әдістерін, қолдану әдістерін, дозаларын түсіндіріңіз.
2.Жыныс мүшелерін гинекологиялық тексеру және ЖЖБИ мен жыныстық жолмен берілетін ауруларға тексеру жүргізіңіз.
Ситуация №2:
Босанғаннан кейінгі бөлімнің акушеріне босанған әйел контрацепция әдісін таңдауды сұрады.
Анамнезінен: екінші босануы, 3 күн бұрын табиғи босану жолдары арқылы, асқынусыз, босанғаннан кейінгі кезең асқынусыз , баланы емізеді, лактация жеткілікті.
Тапсырма:
1.Босанғаннан кейінгі контрацепция туралы айтыңыз.
2. Контрацепцияның жеке әдісін таңдаңыз.

Ситуация№4
Дәрігерлік қабылдау кезінде діни ерлі-зайыптылар контрацепцияның табиғи әдістерін таңдауды сұрайды, өйткені олар басқа әдістерді қабылдамайды .
Анамнезінен: Науқас Н., 19 жаста, некеде, 18 жастан бастап жыныстық өмір, жүктілік-0, етеккір циклі тұрақты 3 күн, 28 күннен кейін, соматикалық сау.
Тапсырма:
1.Науқасқа контрацепцияның барлық табиғи әдістері туралы ақпарат беру ( күнтізбелік, базальды температура, үзілген жыныстық қатынас).
2.Контрацепцияның табиғи әдістерін сауатты қолдануды, олардың тиімділігін түсіндіріңіз.

Ситуация № 6
Қабылдауға келген науқас контрацепцияның заманауи гормоналды әдісін таңдауды сұрады.
Анамнезінен: науқас 20 жаста, некеде тұрмаған, тұрақты жыныстық қатынас 18 жастан бастап, бір жыныстық серіктесі бар, екеуі де студенттер, бірге өмір сүруді жоспарлап отыр, бірақ әлі балалы болуды жоспарламайды. Менархе 12 жастан бастап, ұзақтығы 3 күн, цикл 28 күн. Соматикалық дені сау.


Тапсырма:
Гормоналды контрацепцияның заманауи әдістері туралы айтыңыз.
Гормоналды контрацептивті жеке таңдаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет