Ситуациялық есептер Адам эмбрионының дамуының екінші аптасының басында эпибласттың жасушалары арасында саңылаулы кеңістіктер пайда болады, олар кейінірек бір қуысқа біріктіріледі. Осы кезеңде қандай ұрықтан тыс мүше түзіледі?
Эмбриогенездің 15-ші күнінде эмбрионның аяқшасына ұрықтан тыс эндодерманың томпаюы байқалады. Осы уақытта қандай ұрықтан тыс мүше пайда болады?
Эмбриогенездің екінші аптасында бұрынғы бластоцистің қуысын толтыратын ұрықтан тыс мезодерма екі қабатты құрылымы бар және цитотрофобласт пен симпластотрофобласттан тұратын трофобластқа дейін өседі. Қандай ұрықтан тыс мүше түзіледі?
Препаратта эмбрионды плацентамен байланыстыратын жіп тәрізді ұрықтан тыс мүше көрінеді. Бұл жіптің құрамына 2 артерия, 1 вена, сарыуыз қабының қалдықтары, аллантоис және вартонов студеньі кіреді. Ұрықтан тыс мүшені атаңыз?
Екі плацентаның салыстырмалы зерттеуінің біреуінде хорион бүрлерінің жатыр безінің эпителийімен байланысын, ал екінші жағдайда жатыр безінің эпителийін жартылай жойылғаннан кейін хорион бүрлерінің өсіп келе жатқан дәнекер тінімен дамуын көрсетті. Сипатталған плацентаның түрін атаңыз?
Жүктілік кезінде аналық-ұрық жүйесі қалыптасады. Ана мен ұрықтың байланысын қамтамасыз ететін қандай мүше, оның адамдағы түрі, эмбриосецификалық ақуыздардың басым синтезделу орнын атаңыз.
Жатырдың кілегейлі қабығынан кесінді алған кезде ұрықтың бар екені анықталды. Ұрықтың пішіні екі қабатты дискі тәрізді оның үстіңгі және астыңғы жағына бекінген көпіршіктері көрінеді, көпіршіктердің қабырғасы жасушалардан құралған. Дайындалған препараттан ұрықтың даму сатысын және жүктіліктің мерзімін анықтап, алғашқы ұрықтан тыс мүшелердің бастамасын атап көрсетіңіз.
Микросуретте амнионның қуысындағы адам ұрығы, хорион бүрлері бар плацента мен қан тамырлары бар кіндік бейнеленген. Бірақ сарыуыз қапшығы мен аллантоис көрсетілмеген. Сурет дұрыс салынған ба?
Микросуретте бірнеше хорион бүрлері көрсетілген, олардың арасында қанның формалық элементтері көрінеді . Бұл элементтер қайдан пайда болды? Бұл ұрықтың қаны деп болжай аламыз ба?
Сабақта студенттерге плацента ұсынылды. Оның нірестелік бөлігі беті жұқа және жылтыр қабықпен қапталған. Бұл қандай қабық?
Даму барысында хорион тегіс және бүрлі болып бөлінеді. Осы екеуі децидуальді қабықтың қандай бөлімдерімен (бөліктері) байланысты? Осы байланыстардың нәтижесінде қандай ұрықтын тыс мүшелер қалыптасады?
Сүтқоректілердң ұрығының алғашқы даму сатыларындатрофобласт пайда болады. Осы трофобласттан плацентада қандай тін қалыптасады?
Кестелер
Дәптерлеріңізге хорионның құрылысы мен дамуын жазыңыздар: (Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. Гистология, цитология и эмбриология. // М.- 2002.- 116 б. )
Адамның ұрықтан тыс мүшелері туралы кестені толтырыңыз, + белгісін қойып, қандай құрылымдық элементтер түзетінін көрсетіңіз. (Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. Гистология, цитология и эмбриология. // М.- 2002.- 122 б. )