Орындаған: Келісбек Бекжан



Дата07.01.2022
өлшемі41,44 Kb.
#18322
Байланысты:
БӨЖ Келісбек Бекжан Мәдениеттану


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БӨЖ
Орындаған:Келісбек Бекжан


Қабылдаған Гүлбазар Көлеген

Ақмарал Малдыбек

Тақырыбы: : Қазақ мәдениетінің қалыптасуы.


Тобы:ТТО-911
Кіріспе

1 XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті.

2 ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен  ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

3XІX ғасырда  қазақ әдебиеті ұлттық дарынды  тұлғалар

4 Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау", "Бесік жыры", "Тойбастар", т.б.

5 XIX–XXғ. басы қазақ халқы музыкалық  мәдениетінің 


1

XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті. 


 
Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан – жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты. 
Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы міндетін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік - - мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.

Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі  қазақтар экономикасының дамуындағы басты  фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы  әсер етті. Бұл жағынан алғанда  егіншілік, сауда дамуының, көрші  халықтардың прогресті ықпалының  да маңызы аз болған жоқ. 


Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрдені еңбек құралдары керек болған жоқ.Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды;құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. 
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әртүрлі аспаптар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді. 
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-біріне ұқсас болды.

Революцияға дейінгі Қазақстанның көркемдік мәдениеті өзінің бойына отаршылдық қонаудан туған жаңалықтармен  бірге патриархалды – феодалдық  құрылысқа тән дәстүрлі ерекшеліктерді де жиыстырды. Оның неғұрлым айшықты  құрамдас бөліктері әдебиет пен  музыка болды. Діни догмалар мен тиым салушылық бейнелеу өнері мен  театрлық мәдениеттің дамуын қатты  шегеріп қалды.

2

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен  ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті



Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен  ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ  халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың  материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан  түрі болды.

Рухани  мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре   ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835),  Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б. 

Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры”  деп аталған. Қазақ мәдениеті  мен әдебиетінің өте құнды  мұралары – ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық  өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға  да, жұрт кенелген мерейге де ортақ  болды. Ел басына ауыр күн туғанда  шапқыншы жауларға қарсы жан аямай  күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда  танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді  жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр  шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында  көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы  атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту  идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен  таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір  орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары  халық жадында  үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
3

XІX ғасырда  қазақ әдебиеті ұлттық дарынды  тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне  ұқсамайтын дара туындылардың  сан қырлы сипатымен де ерекшеленді.  Бұл дәуірде айтыс өнері дамып,  даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай,  Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі  ақындар қатары Сара, Ырысжан,  Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар  сияқты ақын қыздардың есімдерімен  толықты деуге болады. Түрі мен  мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне  ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің  негізгі мазмұнында халықтың  өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық  проблемалары, рулық қоғамдастықтың  ерекшеліктері сөз болса, Біржан  мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне  жеке бостандық беру мәселесі  көтеріледі. Мұндай айтыстармен  қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін  әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері  де аз кездеспейді.

Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы  бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай  көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі”  сияқты шығармалары көтерілісті  жан-жақты сипаттады.

Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз  қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық  күресінің жыршысы  және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.

Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде  өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының  көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат  Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар  болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін  танып, күйіне салып толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл  ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.

ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен  қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен  орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы  әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”, “Масқұт”, “Әзімнің әңгімесі”). Абай (Ибраhим) Құнанбайұлы (1845-1904) өзі туған  ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның пікірінше, әрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл  шығармашылығы әрекетсіздік пен  жалған ұятқа деген ымырасыздық  идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен  татулық болғанда ғана қоғамның негізгі  күштері - ғылым, алдыңғы қатарлы  идеялар, мәдениет толық көлемде  дами алады және бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бұл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды. Ұлы ақын:

Егіннің ебін,

Сауданың  те гін

Үйреніп, ойлап, мал  ізде”

деген болатын. Сол сияқты ақын орыс әдебиеті мен  мәдениетімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығармаларын аударумен  шұғылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін  қазақ халқы арасына  тұңғыш таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын насихаттады.

Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уәлихановты (1835-1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов  екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден  Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі - дипломатиялық  тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Манасты”  көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов тарихи деректермен  қатар көненің көзі - ерте заман  бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы  және Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық  туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының  назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында  ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге  де  үлкен  үлес  қосты.

4

Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау", "Бесік жыры", "Тойбастар", т.б. жатады.


Жар-жар — келін түскенде жиналған жастар, көпшілік айтатын өлең.
Беташар — жаңа түскен келінді таныстыру, күйеуінің туыстарына, ауыл ақсақалдарына сәлем бергізу, жас келінге ақыл-нақыл айту өлеңі. Оны бір адам орындайды.
Тойбастар — той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтатын, сонымен қатар тойдың соңында әр дастарқанда отырған тойшылардың тойға арнап айтатын әні.
Сыңсу — қыздың елінен ұзатыларда елімен, қыздық ғұмырымен, туыстарымен қоштасу, мұң-шерін ақтару әні.
Бесік жыры — бесіктегі жас баланы алдарқату, уату әні. Бесік жыры арқылы бала сәби кезінен елінің әуеніне, тіліне үйренеді. Оның тәрбиелік мәні үлкен.
Жоқтау — елген адамның туыстарының фәниден кеткен адамға арнап айтатын мұңды жылау өлеңі. Оны көбіне әйелдер, қыздар айтқан. Осы аталған ғұрыптық ән түрлерінің өзіндік сөзі, әуендері болады.

Қазақ музыка өнері өзінің болмысы жағынан біртұтас дүние. Мысалы, сонау VIII ғасырдан келе жатқан Қорқыт ата күйлерінің Сыр бойында, Қаратау бөктерінде, Сарыарқа белдерінде, Ертіс, Еділ бойларында еш өзгеріссіз бірдей орындалуы қазақ музыка дәстүрінің бірлігін көрсететін сияқты. "Ақсақ құлан" күйінің Алтай мен Атырау аралығында бірдей орындалуы қазақтың рухани тұтастығын көрсетеді. Ұлан-ғайыр қазақ даласында әншілік, күйшілік өнердің өзіндік аймақтық мектептері де қалыптасқан. Мысалы, қазақтың домбыра күйлері шертпе және төкпе күйлер болып, негізінен, екіге бөлінеді. Шертпе күй Орталық, Шығыс Қазақстанда, Жетісуда, Қаратау аймағында кең тараса, төкпе күй Қазақстанның батыс өлкелерінде, Сырдың төменгі ағысында кең таралған. Шертпе күйдің өзі шығыстағы Байжігіт мектебі, Қаратау шертпелері болып бөлінеді.



5

XIX–XXғ. басы қазақ халқы музыкалық  мәдениетінің бұрын кездеспеген  өрлеу кезеңі болды. Сазгерлер  Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нурпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Ықылас  өлмес күйлер шығарды. Бүкіл  қазақ даласы Біржан салдың  Ақан Серінің, Мұхиттың, Абайдың,  Балуан-Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Мәдидің,  Ыбырайдың, Естайдың және басқалардың  әндерін айтты. Халық сазгерлерінің  шығармашылығы адамдардың туған  өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін  бейнеледі, табиғаттың сұлулығын  дәріптеді, бітім болмысында өнегелілік  және эстетикалық бағалылықтарды  сақтады. Ол қоғамдағы әлеуметтік  шиеленісушілікті, қарапайым адамдардың  тыныштық пен аманесендікте өмір  сүргілері келетін ынта-ықыласын  білдірді. Айталық, Құрманғазының  алғашқы музыкалық шығармасы  – «Кішкентай» күйі Исатай  мен Махамбеттің көтерілісіне  арналған болатын. Ал, 1916 ж. Оқиғалар  Дина Нұрпеисованың «Әскерге  алу» күйін шығаруына себеп  болды. Егер Ыбырайдың «Гәкку»  әні сүйіспеншіліктің өзіндік  ән ұранына десек, онда Мұхиттың  «Зәуреші» академик А.Жұбановтың  берген сипаттамасы бойынша нағыз  «Реквием» (қаралы музыкалық шығарма)  саналды. Абай мен Жаяу Мұсаның  әндері еуропалық музыкалық мәдениет  элементтеріне бай екендігімен  ерекшеленді.



ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен  ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен  ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ  халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың  материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан  түрі болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет