Сіз ағашыңыздың қандай екенін білесіз бе? №1 кипарис



бет2/2
Дата04.10.2022
өлшемі87 Kb.
#41256
1   2
Айы

Туған күні №

Туған күні №

Туған күні №

Туған күні №

Туған күні


Қаңтар

1 №3

2-11 №12

12-24 №15

25-30

1

Ақпан

1-3 №1

4-8 №3

9-18 №2

19-28

7

Наурыз

1-10 №10

11-20 №13

21-31 №18







Көкек

1-10 №3

11-20 №5

21-30 №6







Мамыр

1-14 №4

15-24 №8

25-31 №11







Маусым

1-3 №11

4-13 №14

14-23 №17

24 №19

25-30 №21

Шілде

1-4 №9

5-114 №12

15-25 №16

26-31 №1




Тамыз

1-4 №1

5-13 №4

14-23 №2

24-31 №6




Қыркүйек

1-2 №6

3-12 №10

13-22 №13

23 №20

24-30 №16

Қазан

1-3 №16

4-13 №3

14-28 №5

29-31 №6




Қараша

1-11 №6

12-21 №3

22-30 №11







Желтоқсан

1 №11

2-11 №11

12-21 №17

22-31 №9




Байқап көрініз!
ТУҒАН КҮННІҢ МІНЕЗГЕ ЫҚПАЛЫ


Айдың 1-жұлдызы күні туғандар.
Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді.Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескермейді. Шығармашылық ойлау қабілеті өте жоғары. Кез-келген жағдайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды. Кейде «бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жібереді.

2-жұлдызы күні туғандар.


Мінезіндегі ерекшеліктер – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне орынтақ жасайды.

3-жұлдызы күні туғандар.


Достары көп, көңілділіктің биігінде көп тербеліп жүреді. Олар «ортаның
тұздығы», олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.

4-жұлдызы күні туғандар.


Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез-келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды, сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділетсіздікке жаны төзбейді.

5-жұлдызы күні туғандар.


Мінезіне-өзгеріп тұру тән. Көп сайахаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көзқарасын жиі-жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.

6-жұлдызы күні туғандар.


Білімді, адамгершіліг мол, үйге сыйымды жан. Қайда жүрсе де тыныштық пен үйлесімділікті сақтап отырады.Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұғады. Махаббатқа ерекше құрметпен қарайды. Өз отбасына қарым-қатынасын осы негізде құрады. Жақындарының өмірін де жайлы етуге тырысады. Оның көп жауапкершілігін өз мойнына алады.
7-жұлдызы күні туғандар.
Ойлауға бейімді. Кез-келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сондықтан ол сырт адамға сылбыр, түсініксіз көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнер «тілін» жақсы түсінеді. Адам қабілеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді. Филисофиямен айналысады.

8-жұлдызы күні туғандар.


Ақшаға байланысты істері өркендейді. Даңқ пен байлыққа жүреді. Материалдық жағдайы үстем болады. Адамдардың жан-дүниесін түсінеді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге дайар тұрады.

9-жұлдызы күні туғандар.


«9»-метафизмка мен философияның саны. Сананың жоғары деңгейдегі адам. Кемеңгер. Сайахаттағанды ұнатады. Мінезін өзгерістер қалыптастырады. Барлық ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын білуге құлшынады. Ел билеушіге тән табандылық пен төзімділікті игерген.

10-жұлдызы күні туғандар.


Күш-қуаттың қоймасы іспеттес. Ақылды, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары. Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді. Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады. Оны іскерлік қабілеті мен басшылық пайымы үшін ұнатады. Билігін білек күшімен шешуге тырысатын кездері аз емес. Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады.

11-жұлдызы күні туғандар.


Идеалист, өте сезімтал, тез жараланғыш жан. Өзі құрметтейтін адамдардың өзін түсінбеуін күзейліспен қабылдайды. 11-магистрлік сан. Адамдарды өзіне тартып тұрады. 11-жұлдызында туғандардың «жауы» болмайды. Себебі ол өзі өзгелерге тек достық көзқараспен ғана қарайды. Қиын мәселенің шешімін тез табады. Ойы ұшқыр. Шығармашылық қабілеті жоғары. Өзгені қорғап, өзгені асырауда алдына жан салмайды.

12-жұлдызы күні туғандар.


Көпшіл.Көп адам оған еліктейді. Бірақ ол бұған бола өзгелерге мұрнын шүйіріп кетпейді. Әр жақсы көрген сайын бар пейіл ниетімен ұнатады да, бірақ махаббат толқынына мүлде батып кетпейді. 12-жұлдызында туғандар салмақты, дегенмен құдай берген талантын шаша бермей жинақтап бір мақсатқа жұмсағаны жөн.

13-жұлдызы күні туғандар.


Нағыз жұмыскерлер. Өз жұмысын беріліп істейді, тіпті оның айналасындағылардың өзі бұл қабілетіне өте таңданып қарайды. Олар кәсіби сәулетшілер іспеттес, жұмыста болсын, адамдармен қарым-қатынаста болсын қате жібермеуге тырысады. Қай істің болсын негізін дұрыс қалайды. Жоспар бойынша жұмыс істеп, оның игілігін көреді.

14-жұлдызы күні туғандар.


Ерекше сөйлеу қабілеті мен шығармашылық талантқа бай.Сезімтал. Адамгершілік қасиеті мол. Өз көзқарасын өзгеге дәйектеп дәлелдей алады. Ісі нәтижелі болады. Ол әңгіме айтқанда оның шынайлығына ешкім шек келтіре алмайды. Тосын оқиғалардан, тосын құбылыстардан қорықпайды.

15-жұлдызы күні туғандар.


Мейірімді, өзгеге жаны ашығыш. Өзгеге жаны ашып жүріп, өзі де көп қиыншылықтарға тап болады. Өмірдің ауыртпалығын көтеріп жүргенімен ешкімге шағынбайды. Үйін, отбасын ойлауды. Оның барлық әрекет ісіне махаббат басшылық жасайды. Білім алуға, оқуға ұмтылысы мол. Ол көпшіліктің мейріміне бөленеді. Балалармен бірге ойнағанды, бірге жүргенді жаныңдай жақсы көреді.

16- жұлдызы күні туғандар.


Жақындарынан бөлінгісі келмейді. Тіпті етене таныс емес адамдар да оны төңіректеп жүреді. Өзі өте қарапайым. Ұлы адамдарға тән ақыл ойға ие. Жалпыға бірдей ұғымды нәрсе ол үшін қызықсыз, мәнсіз. Ол үшін ең маңызды нәрсе – білім. Өзін-өзі сынауға, талдауға бейім. Өзінің тоқырауына жол бермейді.

17 - жұлдызы күні туғандар.


Оның өнертапқыштығы өмірдегі қажетін табуына көп көмектеседі. Ойының жүзеге асуына көп күш салды. Оның мүмкіндігі шексіз. Қызығушылығы мол. Еті тірі. Мұның бәрі оның танымал болуына негіз қалайды, алға жүруге ықпал етеді. Өзімен –өзі болғанды қалайды, ондайда өз ісіне өзі риза болып, тіпті мақтанатындығын да жасыра алмайды, өзіне-өзі сенімді.

18 - жұлдызы күні туғандар.


Кез-келген адамды қай ісінен болсын екі орап кететін жандар. Жан-жақты, ерекше қабілетті. Кез-келген ойын жүзеге асыра алады. Оның ой-өрісі бәрін түсінуге мүмкіндік береді. Өз талантын табысты жұмыстарға жұмсайды. Қолға алған ісін өзі өте жеңіл орындайтындықтан, өзгелердің былжырап жүретіндігіне жыны келеді. Соңынан адамдарды ерте алады.

19 - жұлдызы күні туғандар.


Ойламаған жерден отырған орындарынан тұрып кететеін адамдар. Олар өзгенің ойын жүзеге асыруда алдарына жан салмайды. Өз жұмысын бүге-шүгесіне дейін біледі, кез-келген істі жалғастырып кете алады. Үйде жұбайының жоқтығын білдірмейді. Нақты ойлауға дағдыланған. Әр мәселені терең түсінуге тырысады да, оған баға бергенде көп қиналмайды. Біреуді жақсы көрсе жан-тәнімен ұнатып, жек көрсе адам алғысыз етіп тастайды.

20 - жұлдызы күні туғандар.


Өзгелер үшін үнемі өзін құрбандыққа шалатындар. Өзін осылай шаршата берсе, түптің түбінде күш қайратынан айырылады. Өзгені түсіне алатындығы үшін оған сырт адамдар өз мәселелерін айтады. Дегенмен, ақкөңілділіктің де шегі болады. Осыны естен шығармаған жөн. Мінезі жұмсақ, нәзік, түсінігі мол, кең пейілді. Бұл оған Тәңірдің берген сыйы.

21 - жұлдызы күні туғандар.


Ақсүйек өмірге бейім. Тілі шешен, өткір. Өзгелермен оңай тілтабысады. Қай ортада болсын басты назарда болғанды қалайды. Терең пікірталасуға барудан қашқақтайды. Бірақ мәселенің мәнін тез аңғарып, өз пайдасына қарай шеше қойатын мінезі бар. Өмірді сөзбен өрнектейтін жан.

22 - жұлдызы күні туғандар.


Ол өмір сәулетшісі. Бей-берекеттік, жоспарсыздық жанын жаралайды. Іске асыратын жұмысының ұсақ түйегіне дейін ойластырып барып, жүзеге асырады. Өзіне сондай сенімді. Ешкім оны өз ойынан қайтара алмайды. Материалдық жағынан сәл қиындықтар көргенімен, ол оған мән бермейді. Себебі оның білімі мен тәжірибесі түптің түбінде оны бұл тығырықтан алып шығады.

23 - жұлдызы күні туғандар.


Өзгерістер мен сөз өмірінің басты қағидасы. Ол-сөз қадірін терең түсінетін жан. Актер, әдебиетші, радиожурналист, сауда мен педагогикалық істер де де бағы жанады. Адамдарды өзіне жылдам еліктіре алады. Оны көп адам сыйлайды, құрметтейді. Дегенмен ол көңіл- күй арнасында жылдам беріледі. Оның намысына тисеңіз көтеріліп кетеді. Мінезі жылдам.

24 - жұлдызы күні туғандар.


Жеке адамның өсуі үшін қажетті мінездердің бәрі бойында бар. Жақсы көрген ісіне бар жан-тәнімен беріліп, жұмысын табысты аяқтайды. Тіпті демалу дегенді ұмытып кетеді. Анда-санда көңіл көтергеннің зияны жоқ. Үйі мен отбасынан өзге жақыны жоқ. Жақындары үшін қолыннан келгеннің бәрін істейді. Өзгенің оған қол сұғуына жол бермейді. Айналасын әдемілікке бөлеп, өзі соның қызуына жылынып отырғысы келеді.

25 - жұлдызы күні туғандар.


Өмірдегі басты қағидасы- шыдамдылық пен тәртіптілік. Сырттағы жұр үшін ол тасбақа секілді тым сылбыр көрінгенімен, ол бәрін ойымен екшеп отырады. Белгілі бір ойға берілген кезде өзге дүниені ұмытып кетеді. Құпия ілімдерге құмары ерекше. Адамдармен қарым-қатынаста адалдық, сенім, тазалыққа иек артады.

26 - жұлдызы күні туғандар.


Ол мықты, ақылды. Ірі бизнеске жетекші бола алады. Қайырымдылық қорын құруы мүмкін. Өзгелерге ақыл үйретуге де шебер. Үйі мен отбасына сүйіспеншілігі мол. Қандай жұмысты да кең ауқымды жүргізеді. Даңқ пен байлыққа ұмтылғыш. Оны үйлесімді жүргізе алады.
27 - жұлдызы күні туғандар.
Оның мүмкіндігінде шек жоқ. Өне бойы тосын нәрселерді іздеу мен болады. Өмірдің бір кезеңінде ол мистикамен айналысады. Құпия өмірдің жұмбағын шешуге, күш салады, «жүзеге аспайды –ау» деген бұлдыр жоспардың етегінен ұстап жүреді. Оның іскерлігі сондай, қиалдың өзін нақты өмірге айналдырып жібереді. Ойға берілуді жақсы демалыс деп ойлайды.

28 - жұлдызы күні туғандар.


Ол қандай ортада болсын тізгінді өзгеге бермейді, шатқайақтап тұрған істі түзетіп жібереді. Ойлау жүйесі өзгеше. Жаңа ойларын өзге арқылы жүзеге асырғысы келіп тұрады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста жылылық қалыптастырады.

29 - жұлдызы күні туғандар.


Адамы көп ортаны іздеп тұрады. Біреуге жаны ашып көмектеспейді, өзіне пайдалы жағын ойлап көмектеседі. Екінші біреуге қажеттілікті дәл ұға біледі. Оның ойынан артылатын еш нәрсе жоқ. Өзіне керекті нәрсені бүге-шүгесіне дейін біліп ала қойады. Достары көп, қызығушылығының айнасы кең. Көптің көзіне түсіп жүруді қалайды. 29 санының жағымсыз бір тұсы – эгойстік. Одан құр алақан емес.

30 - жұлдызы күні туғандар.


Ойы мен сезімін әрқашан ашық айтып отырады. Оған махаббат билікжүргізеді. Көпшіл. Адамдарды өзіне тартып тұратын қасиеті бар. Әділдігімен сөзге шеберлігінің арқасында біраз жетістіктерге қол жеткізеді. Ірі істерді басқарып, алға қойған мақсатына қол жеткізеді. Олар талантты болып келеді.

31 - жұлдызы күні туғандар.


Көп нәрсені көңіл көзімен көретін туа біткен қабілеті бар. Өзі де сонысына орай таза, сенімді. Әріптес, жолдасы, отбасы үшін адамгершіліктің қазынасы іспеттес . Шығармашылық ойды жүзеге асырарда оны әбден кәсіп-пішіп алады. Ұсақ-түйекке назар аудармайды. Қабілеті оны биікке шығарады. Өзінікінен бұрын өзгенің мәселесін шешуді ұнатады. Өзін ұмытпаған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет