Сіздің балаңыз оқитын білім беру ұйымының атауы
№23 жалпы білім беретін орта мектеп
2. Сіздің балаңыз оқитын білім беру ұйымында тәрбие бағыты қай бағдарламаны қолдануда, жүзеге асыруда? Біртұтас тәрбие бағытты
3. Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі мақсаты қандай?
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу
4. Біртұтас тәрбие бағдарламасы қандай құндылықтарға негізделіп жасалған?
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯ,ТТАЛАП
5. Ұлттық мүдде құндылығы нені көздейді?
Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу, Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу, ұлттық мұраға ұқыпты қарау,қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу, ұлттық мәдениетті дәріптеу.
6. Ар-ұят құндылығы нені көздейді?
Ар-ұят құндылықтары: Ар-ұят және жауапкершілік, халқына адал қызмет ету, адал ебекті құрметтеу,сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, академиялық адалдық қағидатын қолдау, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну,достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту,озін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, отанның бір мүшесі екенін сезіну
7. Талап құндылығы нені көздейді?
Талап құндылықтары: Сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу, салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу,уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау
8. Сіздің балаңыз оқитын білім беру ұйымындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысынан хабарыңыз бар ма?
Балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша хабар алдым./ бар, иә/
9. Хабарыңыз болса, қандай педагогикалық қолдау алдыңыз?
1-4 сынып 1. Отбасы - бақыт бесігі Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу 2. Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы
3. Баланың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және мектепке бейімделуін диагностикалау
4. Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері
5-9 сынып Баланың бас ұстазы – ата-ана Позитивті тәрбие
1. Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері
2. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті – қателіктерді, кемшіліктерді, ауытқуларды түзету емес, жасөспірімге оң әсер ету
Ақыл айтпа, жол көрсет .Жасөспірімнің бейімделуі
1. Жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі, оның іс-әрекетін жақсарту жағдайлары. Ұлттық тамақтану мәдениеті - жасөспірімнің физиологиялық бейімделуінің мүмкіндігі
2. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: негізгі қиындықтар
10-11 сынып Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...
Эмоционалды интеллект және оның адам өміріне әсері
Эмоционалды интеллекттің құрылымдық компоненттері: өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, эмпатия, қарым-қатынас жасау, (шешім қабылдау)
Достарыңызбен бөлісу: |