Мен ахауын табу үшін, барлық түймелерді басып көремін.
1
2
3
4
b)
Мен мәселенің болуына не себеп болғанын және оны шешу үшін не істеуіме болатынын ойластырамын.
1
2
3
4
c)
Мен нұсқаулықты оқимын.
1
2
3
4
d)
Мен досымнан көмек сұраймын.
1
2
3
4
12
Барлық мектеп пәндері туралы ой қорытуыңыз. Сіз аптасына төменде көрсетілгендерге орташа есеппен қанша сағат жұмсайсыз?
Жауап беру кезінде демалыс күндері жұмсайтын уақытыңызды да қосыңыз.
a)
Үй жұмысы немесе Сіздің оқытушыларыңыз беретін басқа тапсырмаларға
аптасына _____ сағат
b)
Кеткен уақыттың ішінде (а), мектепте немесе басқа жерде қажет кезінде басқа біреудіңқадағалауымен және көмегімен үй жұмысын орындауға қанша уақыт жұмсайсыз?
аптасына _____ сағат
c)
Жеке оқытушымен жұмыс (ақыға немесе тегін) орындауға
аптасына _____ сағат
d)
Коммерциялық компания ұйымдастырып, ақысын ата-анаңыз төлейтін мектептен тыс сабақтарға қатысуға
аптасына _____ сағат
e)
Ата-анаңызбен немесе басқа жанұя мүшесімен бірге сабақ оқуға
аптасына _____ сағат
f)
Компьютермен жұмыс істеу арқылы мектеп сабақтарының тақырыптарын қайталауға немесе үйренуге (мысалы, компьютерлік бағдарламалар мен математика тапсырмаларын орындауға)
аптасына _____ сағат
13
Математикалық тақырыптар туралы ой қорытуыңыз. Келесі терминдермен Сіз қаншалықты таныссыз?
Оң жақтағы «Нашақор өрмекшілер» мәтініне қараңыз. Сұраққа жауап беру үшін таңдаған жауабыңызды үстінен тінтуірмен басыңыз.
○ Өрмекшілерді ғарыштағы тәжірибелер үшін пайдалануға болатынын анықтау,
○ Өрмекшілер өрмектің қанша түрлерін тоқи алатынын білу.
○ Есірткі салынған өрмекшілер түнде өрмек тоқуға әлі қабілетті ме екенін анықтау.
○ Өрмекшілер есірткілердің әр түріне орай қалай әрекет жасайтынын анықтау.
Нашақор өрмекшілер
НАСА зерттеушілері кейінге қалдыруға болмайтын тағы бір «Өрмекшіге есірткі салса не болады?» деген сұраққа жауап беру үшін, өздерінің Бүкіл Әлемнің құпияларын зерттеуін уақытша тоқтатты.
Олардың эксперименттері үй өрмекшілері өз өрмегін өздеріне салған есірткінің түріне байланысты әрқалай тоқи бастайтынын көрсетті.
Марихуананың әсерінен өрмекшілер мақсатты әрекет жасай бастады, бірақ өз жұмыстарының ортасына таман жинақы болу қабілтін жоғалтты. Бензедрин (үдеткіш), салған өрмекшілер «үлкен ынтамен, бірақ өрмекте үлкен тесіктер қалдырып, ретсіз жұмыс істеді»,-делінген «Нью Сайнтист» журналында.
Кофе, шай және кока-коланың құрамында бар зат-кофейнді салғаннан кейін, өрмекшілер тек бірнеше жіп қана тоқып, оларды немқұрайлы біріктірді. Ал ұйқтататын таблеткалардың құрамына кіретін-хлоралгидратты қабылдағанда, олар «тіпті бастап та үлгермей ұйықтап қалды».
НАСА-ның зерттеулері химиялық заттардың уландырғыштығын сынап байқауға өрмекшілер өте қолайлы екенін көрсетті: улағыштық әсер бірден олардың өрмегінің сапасынан көрінеді. НАСА өрмекшілермен жаңа дәрілерді сынап байқау бойынша компьютерлік программа жасауға үміттенеді. Уландырғыштықтың анық көрсеткіштерінің бірі- өрмектің жасалып біткен жақтары санының азаюы. «Зат неғұрлым улы болса, өрмекші соғұрлым аз жақтарды бітіре алады»,-дейді зерттеушілердің бірі .
Алпысыншы жылдардың басында ғалымдар өрмекшілерге психотроптық (психикаға әсер ететін) заттар әсерінің нәтижелерін байқап көрді. Зерттеу барысында өрмекшілердің кофеиннің әсерінен таңертең емес, түнде өрмек тоқи ала ма, жоқ па, зерттелді. Ең таң қаларлық нәтиже-бұл «түнгі өрмектердің» мүлдем пішінсіз болғандығы.
Оң жақтағы «Ластаушы заттар» мәтініне қараңыз. Сұраққа жауап беру үшін таңдаған жауабыңыздың үстінен тінтуірмен басыңыз. Төмендегі пікірлердің қайсысы кестедегі ақпаратта қамтылды?
○ Геотермалды электр станциялары қазып алынатын отынды қолданатын электр станцияларына қарағанда аз энергия өндіреді.
○ Қазып алынатын отынды қолданатын электр станцияларын геотермалды
азайтатын еді.
○ Геотермалды электр станцияларының санын арттыру ақыр аяғында электр станциялары шығаратын CO2 мен SО2 ластаушы заттарын жоятын еді.
○ CO2 ластаушы заты SО2ластауыш затына қарағанда қоршаған ортаға көбірек зиян тигізеді.
Геотермалдық энергия
Ластаушы заттар Геотермалды электр станциясында қолданылатын жер асты суының құрамында еріген бірқатар заттар бар, олардың ішінде көміртегі диоксиді (СО2)және күкірт диоксиді (SO2) CO2 мен SО2 ластаушы заттар болып саналады. Бұл ластаушы заттар су геотермалды электр станцияларында буға айналғаннан кейін атмосфераға шығады.
Төмендегі кестеде геотермалды электр станциялары мен көмір және мұнай сияқты қазып алынатын отынды қолданатын электр станциялары өндіріп шығаратын бір энергия бірлігіне шаққандағы CO2 мен SО2 ластаушы заттарының мөлшері көрсетілген. Энергия бірлігі-мегаватт-сағат (МВт.с).
Электр станциясының түрі
Шығарылған CO2 [ кг\МВт*с]
Шығарылған SО2 [ кг\МВт*с]
Көмір негізіндегі
994
425
Мұнай негізіндегі
758
544
Геотермалды
27 2
6 14
Оң жақпалы веб сайттың әр-түрлі веб-парақтарына қараңыз. Сұраққа жауап беру үшін таңдаған жауабыңыздың үстінен тінтуірмен басыңыз. Веб-парақ бойынша Анасази тайпасы туралы не әлі күнге дейін белгісіз? ○ Олардың соңында өз үйлерін неге тастап кеткендігі.
○ Олардың кең баспаналардың қалай салғандығы
○ Олардың жартастардағы биік үйлеріне қалай жеткендігі
○ Олардың аң аулаумен немесе тамақты жинаумен айналысқаны туралы.
Анасази
Меса Верде Ұлттық паркіне сапар шамамен 1400 жыл бұрын осы аймақта және парктің маңында өмір сүрген ежелгі адамдардың өмірі туралы білудің таптырмас жолы болып табылады. Бүгінгі таңда бұл ежелгі жартастарды мекен еткендерді Анасази (Пузбло испан тілінен шыққан, «ауыл тұрғындары» дегенді білдіреді ) деп атаймыз. Ол адамдар шатқал қабырғасының қорғалған қуыстарында күрделі жартас баспаналар мен шағын орындар салған.
Меса Вердедегі жартас баспаналардың қалдықтарына қарап, Анасази тайпасының шебер құрылысшы болғанын анық көруге болады. Адамдар тастарды пайдалану арқылы берік әрі биік және түзу қорғандар тұрғызған. Олар өз үйлеріне жоғары көтерілу үшін баспадақтарды пайдаланған. Анасазилықтар үйлерінің үстіндегі шұрайлы шоқырларда бадана, жүгері және асқабақ дақылдарын өсірген. Олар жабайы өсімдіктерді теріп бұғы мен ұсақ аңдарды аулау арқылы тамақтанған. Шебер құрылысшы, аңшы, теруші және фермер болумен қатар Пузбполықтар шебер суретшілер де болды. Ертеректе пузбполықтар себет өндіру дағдылармен танымал болды. Уақыт өте келе себет өндірісін керамика алмастырды. Пузбполықтар себет тоқығанда пайдаланған бөлшектер мен сапаның сол деңгейімен әр түрлі өлшемдегі және әр түрлі пішіндегі саз ыдыстар жасады. Қазіргі замандағы зеттеушілердің бағына орай. Пузбполықтар қалдық қоқыстарды жартас баспаналарының жанына тастаған. Ежелгі қоқыс үйінділері ғалымдарға ежелде ғайып болған адамдар тобы жайлы ұғыну үшін көмектесетін біраз ақпарат көзі болып табылады.
Анасазилықтар Меса Верде аумағында 700 жылдан астам уақыт бойы өмір сүргеннен кейін б.з 1200-ші жылдардың соңында бұл аумақтан кетіп қалған.
Оң жақтағы «Жағалаудағы тас жолы» мәтініне қараңыз. Сұраққа жауап беру үшін таңдаған жауабыңыздың үстінен тінтуірмен басыңыз. Жағалау бойындағы кейбір ауыл тұрғындары жаңа тас жолы құрылысының қарсы , ал кейбіреулерінің аймақ үшін бұл пайдалы болатын шығар деп сенеді. Жаңа тас жолының мүмкін болатын келесі пайдаларының қайсысы ауыл тұрғындары үшін ең маңызды болуы мүмкін? ○ туристер ауылдардағы тіршікті суретке түсіру үшін жағалауға келулері мүмкін
○ балықшыларда жоғары өнімді балық аулау орындарына оңтайлы қолжетімділік болады
○ отбасылар жағалау бойындағы танымал демалыс орындарына автокөлікпен бара алады
○ Астананың сатып алушылары балық сатып алу үшін ауылдарға келулері мүмкін.
Гелбания деп аталатын ойда шығарылған елдің үкіметінің веб-сайтында жақында жарияланған келесі ақпаратқа назар аударыңыз!
Гелбания жағалауындағы орналасқан оқшауланған кішкене ауылдардағы отбасылар күн көру үшін біріңғай балық аулауға сенеді. Ерлер күнделікті таңертең ерте ауылдарынан шығып, кешке қарай астанада орналасқан портқа барады, онда күнделіктіауланған балықты сатып алатын сатып алушылар келеді. Көптеген ауыл тұрғындары дәстүрлі өмір салтын ұстанады. Ерлер мен әйелдердің көбісі үйлерінен сыртқа шыққан кезде,ыстық ауа-райына қарамастан қолдары мен аяқтарын толығымен жабатын киім кию әдет-ғұрып ұстанады. Бірден-бір көп ғасырлық діни тәжірибелер осы қауымдарда сақталған.