Мұрынның тыныс алу аймағы?
Regio respiratoria
Мұрын қуысының атқаратын қызметі?
Ауаны шаңнан тазартады, ылғалдандырады, жылытады
Кеңірдектің басталатын деңгейі?
VI мойын омыртқаның төменгі жиегі деңгейінде басталады
Дауыс бұлшықетінің латынша аталуы?
m.vocalis
Fissura cardiacа pulmonalis қай жерде орналасқан?
Сол өкпенің алдыңғы жиегінің төменгі бөлігінде
Өкпе түбірінің латынша атауы?
Radix pulmonis
Lingula pulmonus sinistri қайда орналасқан?
Сол өкпенің алдыңғы төменгі бөлігінде
Басты бронхтардың латынша аталуы?
Bronchus principalis
Тыныштық жағдайда өкпеқап қуысындағы сұйықтық мөлшері?
1-2 мл
Инспирация дегеніміз?
Дем алу
Экспирация дегеніміз?
Дем шығару
Плевралық қуысқа ауа кіруі?
Пневмоторакс
Альвеолалардың ішкі бетін майлайтын, кернеу күші өте төмен зат?
Сурфактант
Тыныс алудың бұзылуы?
Диспноэ
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз?
Терең дем алып, іле шала терең дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі
Ересек адамдардағы өкпенің тіршілік сыйымдылығы?
3500-5500 мл
Өлі кеңістік дегеніміз?
Газ алмасу процессі жүрмейтін ауа жолы
Оттегін сіңіру (пайдалану) коэффиценті дегеніміз?
Оттегінің артерия қанынан тканьге келіп сіңген бөлігі
Достарыңызбен бөлісу: |