Сұйық дәрілік түрлер, олардың сипаттамасы. Еріткіштер және дисперсиялық орта. Оларға қойылатын талаптар. Ерітінділерді дайындаудың өнеркәсіптік тәсілдері



Дата14.10.2023
өлшемі61,09 Kb.
#114127
Байланысты:
Аралық бақылау сұрақтары 1 (копия)








«С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ.
НАО«КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»

Фармацевтикалық технология кафедрасы



Емтихан сұрақтарының тізімі



Вн.тел: 7291

бетттің беті












Аралық бақылау сұрақтарының тізімі

  1. Сұйық дәрілік түрлер, олардың сипаттамасы. Еріткіштер және дисперсиялық орта. Оларға қойылатын талаптар. Ерітінділерді дайындаудың өнеркәсіптік тәсілдері (еріту, электролиз, химиялық өзара әрекеттесу).




  1. Өнеркәсіптік өндіріс ерітінділері. Жіктелуі. Суспензиялар дәрілік қалыптар ретінде. Гидрофилді және гидрофобты заттардан дайындалатын суспензиялар ерекшеліктері. Суспензиялар сапасын бағалаудың негізгі критерилері және олардың технологиясын жетілдіру бағыттары.

  2. Медициналық капсулалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Капсулалардың жіктелуі. Капсулаларды алу технологиясы? Микрокапсулалар.

  3. Шәрбаттар. Жіктелуі, шәрбаттар өндірісі. Дәрілік шәрбаттар технологиясы. Шәрбаттар стандартизациясы. Сақтау жағдайлары.

  4. Ұнтақтар дәрілік қалыптар ретінде. Сипаттамасы. Жіктелуі. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Күрделі ұнтақтарды алу технологиясы. Дәрілік жинақтар.

  5. Таблеткалардың дәрілік қалып ретіндегі сипаттамасы. Таблеткалардың түрлері. Таблеткалар сапасына қойылатын ҚР МФ талаптары. Тритурационды таблеткалар.

  6. Таблеткалардың өндірісінің жалпы технологиялық сызбасын беріңдер. Әрбір саты қандай ұрдістерден тұрады? Таблеткаларды қабықпен қаптау.

  7. Ұнтақтау. Елеу. Араластыру.Ұнтақтау үрдісіне толық сипаттама және анықтама беріңдер. Қатты денелердің ұнтақтау дәрежесі деген не?

  8. Ампулалық препараттар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Инъекцияға арналған ерітінділерді сүзгілеу (фильтрлеу). Сапасын бағалау.

  9. Ампулаларды толтыруға дайындау. Ампулалық шынының химиялық және термиялық тұрақтығын тексеру.

  10. Инфузиялық ерітінділер өнеркәсіптік өндірісі, ерекшеліктері. Сапасын бағалау.

  11. Инъекциялық ерітінділердің өнеркәсіптік өндірісінде қолданылатын су түрі. Қандай аппараттарда дистилденген суды алуға болады? Қойылатын талаптар. Сақталуы. Инъекцияға арналған суды қалай дайындайды сапасына қойылатын талаптар.

Тапсырмаларының тізімі
1.Зертханалық шарлы диірменде 100,0 г салицил қышқылын ұсатқанда 98,0 г. ұсақталған өнім алынды. Електен өткеннен кейін 78,0 г. ұнтақ және 16,6 г. ірі ұнтақ шықты. Сатылар бойынша шығынды ескере отырып, материалдық баланс құрастыру (ұнтақтау, елеу). Шығымды ( п ), шығынды ( Е ) және шығын коэффициентін (К шығын) табу.
2.Жасанды карловар тұзын өндіргенде 100,0 г. орнына 99,70 г. алынды. материалдық баланс құрастыру. Шығымды ( п ), шығынды ( Е ) және шығын коэффициентін (К шығын) табу. 100,0 г. дайын өнім алу үшін шығын нормасын құрастыру. Күрделі ұнтақталатын ұнтақтың ұнтақталу дәрежесін көрсету.
3.Регламент бойынша таблетканың орташа салмағы (жеке мақалада) 0,30. Анализге алынған таблеткалардың жеке-жеке салмақтары: 0,30; 0,295; 0,301; 0,296; 0,309; 0,289; 0,306; 0,295; 0,292; 0,312; 0,292; 0,308; 0,307; 0,303; 0,292; 0,295; 0,307; 0,289; 0,311; 0,302. Рұқсат етілген ауытқуларды ескергенде таблеткалар дұрысдайындалған ба?
4. 23 оС температурада 1,060 тығыздыққа ие, 30% ерітінді дайындау үшін 1,2 л сірке қышқылына қанша су қосу керек?
5. 1,050 тығыздыққа ие 240 мл негізгі алюминий ацетаты ерітіндісі алынды, 1,04 тығыздыққа ие препарата алу үшін қанша су қосу керек.
6. 1,052 тығыздыққа ие негізгі алюминий ацетаты ерітіндісінің қанша мөлшері керек, егер 1,040 тығыздыққа ие 2 кг алюминий ацетаты ерітіндісінен, 1,048 тығыздыққа ие ерітінді алу керек болса?
7. 1,230 тығыздыққа ие 3 кг ерітінді алу үшін 1,330 тығыздыққа ие негізгі қорғасын ацетатын қанша мөлшерде алу керек?
8. 1,250 тығыздыққа ие 5 кг ерітінді алу үшін 1,350 тығыздыққа ие негізгі қорғасын ацетатын қанша мөлшерде алу керек?
9. 1,230 тығыздыққа ие 3 кг ерітінді алу үшін 1,330 тығыздыққа ие негізгі қорғасын ацетатын қанша мөлшерде алу керек
10. 200 мл натрий хлориді ерітіндісі дайындалды. Анализ көрсеткендей, ерітіндіде 20% препарат бар. 18% ерітінді алу үшін қанша су қосу керек?
11. 400 мл натрий хлориді ерітіндісі дайындалды. Анализ көрсеткендей, ерітіндіде 20% препарат бар. 18% ерітінді алу үшін қанша су қосу керек?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет