Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшілігі. Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады: 1) Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады; 2) Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді; 3) Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т.б.); 4) Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл; 5) Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары; 6) Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың; 7) Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.
Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:
Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:
1) Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады; 2) Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі – 3 тәуліктен аспайды. 3) Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;
Ішкі қолданыстағы сұйық дәрілік формалар микстура (лат. mixturae — «араластыру») деп аталады. Мұнда дисперсиялық орта болып тек су ғана болып келеді. Микстура үш ингредиенттен құралады. Қатқыл дисперсия тез отыратын және ішу алдында шайқалатын болады. Дәріханалық тәжірибеде оларды шайқалмалы микстура дейди
Сұйық дәрілік формалар технологиясында қолданылатын ерітікіштер. Еріткіштер деп әртүрлі заттарды ерітетін зат. Еріткіштерге мынадай қасиеттері бар заттар жатады: 1) Белсенді ерігіштігі бар; 2) Еритін затқа агрессияшыл емес; 3) Улылығы және өртке қауіптілігі аз; 4) Қолайлы және арзан.