Кілегейді пастерлеу. Пастерлеуді микроағзаларды жою және кейбір ферментерді (липаза, пероксидаза және протеаза) бұзу мақсатында жүргізеді. Пастерленген кілегейден майдың өзіндік дәмі мен хош иісі болады. Ережеге сәйкес май өндірісінде 85-98ºС температурада еш ұстаусыз лездік пастерлеу қолданылады, пастерлеу температурасы май түрі мен бастапқы кілегей сапасына тәуелді болады. Осы мақсатта ығыстырып шығарушы барабанды, түтікшелі пастеризатор және кілегейге арналған автоматтандырылған иілгіш пастеризационды-салқындатқыш құрылғылар қолдануы мүмкін.
Жоғары сапалы кілегей өңдеуде пастерлеудің оптималды температурасы келесідей: тәтті сары май үшін 85-87ºС, қышқылдық сары май үшін 90-920С, вологодтық сары май үшін 95-98ºС 10 мин ұстау арқылы пастерлейді. Кілегейді қыздыру кезінде түзілетін хош иістендіргіш заттарды сақтау мақсатында, оларды жабық түрде пастерлейді. Пастерлеу температурасын таңдағанда кілегейдің қышқылдығына байланысты олардың термотұрақтығын есепке алу қажет. Бұл әдістің кілегей шайқау әдісінен пастерлеу ерекшелігі пастерленген кілегейді суытпай, пастерлеген температурамен қайталап сепарирлеуге жіберіледі.
Жоғары майлылықтағы кілегей алу. Пастерленген кілегейді микроағзалардың жойылыуымен ферменттер бұзылуын, сондай-ақ кілегей дәмділігімен исін жақсартатын бакта пастерлеу температурасымен сақталады. Содан кейін оларды жоғары майлылықтағы кілегей алу үшін сепараторға бағыттайды.
Іркіт майлылығы сепаратор өнімділігі мен бастапқы кілегей майлылығына тәуелді. Сепаратор барабанына кілегейдің құйылуы жоғары майлылықтағы кілегей ылғалдылығы 15-15,2%, ал іркіт майлылығы 0,5%-тен аспайтындай реттеледі. Сепаратордың жұмыс режимінің тұрақтылығы кілегейдің барабанға бірдей мөлшерде құйылуы, олардың майлылығы мен температурасының мөлшері бойынша біртектілігін қамтамасыз етеді.
Жоғары майлылықтағы кілегейді қалпына келтіру. Ағынды линияның үздіксіз жұмысы үшін, сондай-ақ жоғары майлылықтағы кілегейдегі ылғал мөлшеріне талдау және оларды қалпына келтіру жоғары майлылықтағы кілегейге арналған 3 ваннада қарастырылған.