Слайдтарға арналған тезистер



бет4/8
Дата22.12.2022
өлшемі55,93 Kb.
#58996
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
!!!l укороч доклад НысЕН 7 октября 04-10-2022

Слайд 16 1994 жылы ауыл шаруашылығы саласында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми хабаршысы» ғылыми журналы құрылды.
2021 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (БҒССҚК) № 838 бұйрығына сәйкес журнал ғылыми қызметтің Ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бағыттары бойынша негізгі нәтижелерді жариялайтын басылымдар тізбесіне кіреді.


Слайд 17 Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды дамыту инновациялық қызметтегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Университет ғалымдары ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтында және Еуразиялық патенттік ұйымда белсенді түрде патенттейді.
2022 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша университет өнертабыс үшін 38 патент алды.


Слайд 18 Ғылыми-техникалық жобалардың нәтижелері бойынша оларды өндіріске енгізу мақсатында Start-up компаниялары құрылды, олар: «БИО-KATU» ЖШС құс тамшысының технологиясын органикалық био тыңайтқышқа қайта өңдеу бойынша»; «AGRITECH-KATU» ЖШС минералды тыңайтқыштарды сараланған енгізу технологияларын іске асыру үшін техникалық құрал өндірісін ұйымдастыру бойынша; «NFT-KATU» ЖШС ірі қара малдың өнімділігін арттыру үшін ресурс үнемдейтін жемшөп қоспаларын өндіруді ұйымдастыру бойынша.
Биылғы жылы «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбындағы республикалық форум-көрмеде университетіміздің «BALQYMYZ» энергетикалық сусын» жобасы «Ónertabys питч нәтижелері бойынша үздік ғылыми жоба» ретінде Гран-при алды.
Сонымен қатар «Ónertabys питч нәтижелері бойынша үздік коммерцияландыру кеңсесі» номинациясында марапатталды.
2021 жылы «Жерге қамқорлық жасау, адамдарға қамқорлық жасау» бағдарламасы бойынша ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL ЕХРО арнайы байқауы аясында біздің университеттің (ENACTUS KATU) командасы 70 қазақстандық ЖОО арасында 1-орынға ие болды, ол бүгінде бүкіл әлем бойынша 80 000-нан астам студенттерді біріктіріп отыр.
Соның нәтижесінде біздің команда ағымдағы жылдың күзінде ПУЭРТО РИКО-да ауыл тұрғындарының нәтижелі жұмыспен қамтылуын арттыруға және қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған «Құс ауладан үстелге» жобасымен халықаралық біріншілікте Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығына ие болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет