Слайдтарға арналған тезистер


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ



бет5/8
Дата22.12.2022
өлшемі55,93 Kb.
#58996
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
!!!l укороч доклад НысЕН 7 октября 04-10-2022

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бүгінде біз жоғары оқу орнындағы көптілді ортаны қалыптастыру арқылы университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде танымалдылығын арттыру; үздік топ-менеджерлерді, танымал шетелдік ғалымдарды тарту; білім алушылар мен оқытушылар арасында академиялық ұтқырлықты кеңейту; шетелдік студенттерді ұлғайту; инвестициялар тарту және халықаралық жобаларға қатысу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Слайд 19 Әлемнің 33 еліндегі жоғары оқу орындармен және ғылыми-зерттеу ұйымдармен 172 халықаралық шартқа қол қойылды.

Біз шетелдік серіктестермен бірлесіп, ҚХР, Еуропа және АҚШ ЖОО-ларында, соның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өту бағдарламасын белсенді түрде іске асырып жатырмыз.


Бүгінгі таңда университеттің 53 ПОҚ шетелдік жоғары оқу орындарының, атап айтқанда, АҚШ, ҚХР, Франция, Ұлыбритания, Түркия және Ресей Федерациясының магистратурасы мен докторантурасында оқиды.
Сондай-ақ біз шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беру туралы шарттар жасасу бойынша мақсатты жұмыс жүргіземіз. Университеттің негізгі серіктестерінің қатарында әлемнің үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына кіретін Италияның Милан университеті де бар.
Серіктестік аясында университетіміздің 13 магистранты қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтады.
Жалпы алғанда, бізде Италия, Германия, Португалия, Түркия және Қытайдың 5 шетелдік жоғары оқу орнымен қос дипломды білім беру туралы шарттар бар.


СЛАЙД 20 Жалпы, халықаралық әріптестермен жұмыс университеттің білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша 2020-2024 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде мақсатты түрде жүргізілуде.


Слайд 21 Білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде шетелдік ғалымдарды ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметі үшін тарту болып табылады.
Қазіргі уақытта университеттің білім беру үдерісіне 14 жетекші шетелдік жоғары оқу орнының 51 профессоры мен оқытушысы қатысады.
2013 жылдан бастап біздің университетте білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Сыртқы академиялық ұтқырлықтың түрлі бағдарламалары (Эразмус+, Мевлана және ДААД және басқалар) шеңберінде 500-ден астам студенттер мен магистранттар оқыды, бұл стипендиялық бағдарламалар шеңберінде мүмкін болатын орындар санын гранттық бөлу кезінде университеттің шетелдік әріптестерінің бізге қатысты жоғары сенімділік дәрежесін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет