Сүлейменова Ф. М



бет13/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Тірек қимыл аппараты

Шап өзегінің пайда болуы
Шап өзегі еннің умаға түсуі жолында пайда болған деген түсінік қате болып саналады. Ол механикалық процесс емес. Ол құрсақ қуысының күші әсеріне байланысты емес. Оған әсер

ететін кейбір факторлар: гипофиздің, еннің және планцетаның кейбір гормондары белгілі роль атқарады.


Шап аймағының төменгі медальді бұрышында, белгілі - бір жергілікті бөлігінде әлі биохимиялық және микроструктурадық өзгерістерге байланысты болар (терең шап сақинасы орнында), ұрықтың үш айлық даму кезеңінде құрсақ қабырғасының барлық қабатының сыртқа қарай шығуы байқалады.

Сурет-6
Мықын аймағының, шап үшбұрышының және шап аралығының шекаралары. (Островерхое Г.Е., Пубоцкий Д.Н. оқулығынан)
АВЕ-шап аймағы; СДЕ-шап үшбұрышы; Ғ-шап аралығы
Соның әсерінен пайда болған көлденең шандырдың түтікше тәрізді өсіндісі іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттердің төменгі будаларымен кезектесіп қоршалған. Кейін, бұл будалар енді көтеріп тұратын бұлшықет құрайды. Алдыңғы құрсақ қабырғасының басқа қабаттары сияқты, іштің сыртқы қиғаш бұшықетінің апоневрозы да алға қарай шығыңқырамайды. Оның төменгі медиалді аймағында саңылау түзіледі, одан ен өткеннен кейін саңылау тесікке айналады, Соның нәтижесінде бала туғанға дейін, алдыңғы құрсақ қабырғасында іш қуысы жағынан көлденең шандырдың дөңгелек тесігі табиғи дефект пайда болады. Ол еннің умаға түсуіне байланысты емес. Умаға дейін бұл тесікке құрсак қуысының қалтасы-ішперденің қынаптық өсіндісі түседі. Ол көлденең шандырдың қоршалған және түтікше тәрізді өсіндісі және іштің көлденең, ішкі қиғаш бұлшықеттерінің төменгі будақтары болып саналады. Жоғарыда аталған қабаттар ен умаға өткенде тұқымдық шылбыр оның қан тамырларын және нервтерін қоршап, тұқымдық шылбыр құрамына кіреді. Туар алдында ішперденің қынаптық өсіндісінің қуысы (енді жауып тұратын бөлігінен басқа бөлігі) бітеліп, құрсақ қуысымен жалғасын жояды. Кейде бұл процесс болмайды, соның салдарынан іштен туа біткен қиғаш шап кірнесі пайда болады. Сол процестердің әсерінен ең соңында шап өзегі пайда болады. Сонымен, шап өзегі ұрықгың 7 айлық даму кезеңінде пайда болады, себебі ұрықтың 8 айлық даму кезеңінің басында ен терең шап сақина сында орналасады. Сондықтан оның бағыты тік. Осы кезеңде оның ұзындығы көденең фасциядан іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозына дейінгі қашықтыққа тең. ІІІап өзегінің қиғаш бағыты жалпы организмнің және скелеттің өсу процесіне байланысты туады. Шап өзегінің беткей сақинасы шат сүйегіне тәуелді оз орналасуын өзгертпейді, себебі, ол іштің сыртқы қиғаш
бұлшықеті апоневрозының аяғымен сол сүйекке бекіген, ал терең шап сақинасы керісінше, жамбастың өсуіне және мықын сүйегінен симфиздің ара қашықтығы ұлғаюының әсерінен латералді бағытталады. Өсу процесі аяқталарда шап өзегі шап жалғамасының ортасынан 1-1,5 см жоғары проекцияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет