Сүлейменова Ф. М


---------------------------------------------------------------------------



бет9/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
---------------------------------------------------------------------------
Алдынан медиалді - тоқпан жіліктің кәріжіліктік нервісінің жүлгесі;
Артынан латералді - иықтың үшбасты бұлшықетінің латералді басы;
__________________________________________________ Иық-бұлшықет өзегінің жоғарғы тесігіне кәрі жіліктік нерв және иықтың терең артериясы кіріп, веналары өтеді. Кейін, өзекте иықгың терең артериясы тоқпан жілікті қоректендіретін тармақтар, өзектен шыққан соң ортаңғы және
кәріжіліктік коллатералді артерияларға (aa.collateralis media et radialis) тармакталады.
6.Шынтақ шұңқыры, fossa cubitalis
Алдыңғы шынтақ аймағында шынтақ шұңқыры, fossa cubitalis орналасады.
Шынтақ шұңқырының шекараралары:
--------------------------------------------------------------------------
Түбі және жоғарғы шекарасы-m. brachialis;
Латералді-т. brachioradialis;
Медиалді-т. pronator teres;
--------------------------------------------------------------------------
Шынтақ шұңқыры тұсында екі жүлге орналасады; латералді жүлге, оның латералді қабырғасы- m. brachioradialis; медиалді- m. brachialis; медиалді жүлге, оның латералді қабырғасы- m. pronator teres; медиалді- т. brachialis;.


Білектің алдыңғы беткейінде үш жүлгені ажыратады.
Кәріжіліктік жүлге, sulcus radialis, латералді-. brachioradialis-пен, медиалді- m. flexor carpi radialis-пен шектеледі, құрамы: a.et v. radiales; ортаңғы жүлге, sulcus medianus, m. flexor carpi radialis пен m. flexor digitorum superficialis аралығында орналасады; құрамында n. medianus өтеді; sulcus ulnaris, латералді жағынан m. flexor digitorum superficialis пен медиалді- m. flexor carpi ulnaris-пен шектеліп, ішінен a.et v. ulnares өтеді.
7. Білезік өзегі, ( canalis carpalis)
Білезік өзегі білезіктің алдыңғы беткейінің терең қабатында орналасады. Білезік сүйектері бір-бірімен бірігіп, білезіктің алдыңғы беткейінде (sulcus carpi) сала құрайды. Бұл жүлге алақанның терең жалғамаларымен (алақан білезік аралық жалғамалармен) қоршалып, қолдың білігіне сәйкес келеді. Білезік аймағында білектің меншікті шандырымен қапталып, жалпақ жалғаманы - бүккіштік ұстағышын (retinaculum flexorum) тузеді, ол латералді жағынан ладьятәрізді және гранеция сүйегіне, медиалді жағынан бұршақ және қармақтәрізді сүйектерге бекиді. Сонымен білезік жүлгесі (sulcus carpi) алдынан retinaculum flexorum- мен жабылып, білезік өзегіне (canalis carpi-re) айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет