Сүлейменова Ф. М



бет12/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Тірек қимыл аппараты

Шап аймағы
Шап аймағының анатомиясы мен топографиясы көптеген авторлармен зерттелген, бірақ олардың көзқарастары қарама- қарсылық тудырады. Сондықтан, қателік жібермеу үшін мына анықтамаларды білуіміз керек: шап аймағы, шап үшбұрышы, шап аралығы.
1. Шап аймағы (regio inguinalis) немесе мықын-шап аймағы, ол алдыңғы құрсақ қабырғасының төменгі-бүйір сегменті. Ол төменгі және латералді жағынан шап қатпарымен, жоғарғы жағынан-мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қырлары аралығындағы өтетін сызықтың сыртқы бөлігімен, ішінен іштің тік бұлшықетінің сыртқы шетімен шектеледі. Шап аймағының пішіні үшбұрышқа сәйкес немесе жеке адамның жамбасы мен ішінің пішініне байланысты болуы мүмкін. Шап аймағы тұсында алдыңғы қабырғасының құрылысы қабатты болып келеді. Тері мен тері асты майлы клетчаткасынан соң, ең беткей іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің (m. obliguus externus abdominis) апоневрозы (кең жалпақ сіңір), оның астында ішкі қиғаш бұлшықет, одан терең іштің көлденең бұлшықеті орналасқан. Одан тереңірек көлденең шандыр (fascia transversalis), кейін ішперде алды клетчаткалық кеңістігі және париеталді ішперде (peritoneum parietale) орналасады.
2.Шап үшбұрышы-шап аймағының бір бөлігі, және онымен төменгі-латералді шекаралары бір болып келеді. Үшбұрыштың жоғарғы шекарасы шап жалғамасының сыртқы және ортаңғы үш бөлігі шекарасынан іштің тік бұлшықетінің сыртқы шетін қиып өтетін горизонталді сызыққа тең.
3. Шап аралығы-шап аймағының терең төменгі-ішкі бөлігі, төменнен және латералді шап жалғамасының (Пупартов) медиалді бөлігімен, жоғарыдан-іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшыкетінің төменгі шетімен, ішкі жағынан іштің тік бұлшықеті қынабының төменгі шетімен шектелген.
Шап аралығының пішіні мен көлемі (жоғарыдан) іштің көлденең бұлшықеті мен ішкі қиғаш бұлшықетінің (ішінен), іштің тік бұлшықеті қынабының сыртқы шетінің (төменнен және латералді), шап жалғамасының орналасуына және даму дәрежелеріне байланысты өзгеріп отырады. Оның көрінісі (іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің төменгі шетінен шап жалғамасы аралындағы) жіңішке саңылау сияқты немесе әртүрлі мөлшерлі үшбұрышқа сәйкес, медиалді жағы іштің тік бұлшықеті қынабының сыртқы шеті болып табылады.
Ящинский бойынша шап аралығының негізгі үш пішіні болады: үшбұрышты, ұршық тәрізді, саңылаутәрізді.
Шап көрінісінің пайда болу дәрежесі жеке адамның шап аралығының
пішініне байланысты болуы мүмкін: үш- бұрышты пішінде ол ауру жиі, ал саңылаутәрізді пішінде аз кездесуі мүмкін Кейбір авторлар (Н.И.Кукуджанов 1949 ж.) «шап үшбұрышын» және «шап аралығын» бір ұтым ретінде қарайды. Әрине, шап аралығы үшбұрыш пішіндес және көлемі үлкен болған жағдайда ол шап үшбырышын толық қамтып, олардың шекаралары сәйкес келеді. Бірақ, басқа авторлар (Т.О. Островерхое, Б.С. Гудимов, М.Г. Привес т.б.) бұл ұғымдардың жеке түсінік екендігін мәлімдейді. Әсіресе, олар шап аралығын саңылау және ұршықтәрізді пішіндер ретінде көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет