Сүлейменова Ф. М


Білезік өзегінің қабырғалары



бет10/29
Дата07.09.2022
өлшемі6,07 Mb.
#38612
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
Тірек қимыл аппараты

Білезік өзегінің қабырғалары:
---------------------------------------------------------------------------
Алдынан- retinaculum flexorum
Артынан- sulcus carpi (апақанныћ терең шандырымен қапталган)
_________________________________________________
Білезік өзегінен 9 сіңір және орталық нерв (n. medianus) өтеді. Латералді (кәріжіліктік) жағынан синовиалді қынапта жататын үлкеи саусақты бүгетін ұзын бұлшықет өтеді, ал медиалдірек бірінің үстіне бірі орналасып, екі қатар 4-4 тен 8 сіңір, тереңдеу -саусақтарды бүгетін терең бұлшықетінің және беткейірек-саусақтарды бүгетін беткей бұлшықетінің сіңірі орналасады. Орталық нерв өзек арқылы өткенде, аталған сіңірлерден беткей орналасады. Алақан беткейіне шығып, өзектен шыққан соң, өзінің ең соңғы тармақтарына таралады.

Білезіктің деңгейіндегі алақанның көлденең кесіндісі ( оң, схема түрінде. Б.С.Гудимовтың оқулығынан өзгертілген)
1-os trapezium; 2- canalis carpi radialis-тағы m. flexorum carpi radialis-тің сіңірі; 3- m. flexor pollicis longus-тың сіңірі;
4 - n. medianus; 5 - retinaculum flexorum; 6 - canalis carpi radialis-тағы mm. flexorii digitorum longus et brevis-тің сіңірлері; 7- a., v. et n. ulnares-canalis carpi ulnaris-Ta; 8 - os pisiforme; 9 - бас бармақ бұлшықеттерінің сіңірлері; 10 - m. extensor carpi radialis-тің сіңірі; 11- алақанның терең жалғамалары; 12 - m extensor digitorum-ның сіңірлері; 13 - mm. extensor carpi ulnaris et digitiminimi- дің сіңірлері:
8.Білезіктің кәріжіліктік өзегі,
canalis carpi radialis
Білезіктің кәріжіліктік өзегі білезік сүйектерінің алдыңғы беткейінде, үлкен бармақ төмпешегінің медиалді бөлігінде жатады, білезік өзегінен латералдірек орналасады.
Трапеция сүйегінің алақан беткейінде төмпешігі (tuberculum trapezii) болады. Ол сүйек денесімен алға және медиалді ашылатын кішкене жүлге түзеді. Ол жүлге алдынан бүккіштер ұстағышы сіңірлерінің талшықтарымен қапталып, кейін кішкене өзекке, білезіктің кәріжіліктік өзегіне ( canalis carpi radialis-ке) айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет