Білезіктің кәріжіліктік өзегінің қабырғалары. ------------------------------------------------------------------------ Латералді-трапеция сүйегінің төмпешігі
Артынан- retinaculum flexorum-ның терең талшықтары
Алдынан- retinaculum flexorum-ның беткей талшықтары
-------------------------------------------------------------------------
Өзектің латералді қабырғасы білезіктің кәріжіліктік коллатералді жалғамасымен проксималді толықтырылады, ол жалғама трапеция сүйегінің төмпешігінен басталып, кәріжіліктік сүйекке барады. Кейбір авторлар (Б.И. Хибутия, З.С.Ермолова 1977, Б.С. Гудимов 1984 ж.) былай дейді:
Білезіктің шынтақтық өзегі, canalis carpi ulnaris
Білезіктің шынтактық өзегі білезік сүйектерінің алдыңғы беткейінде, білезік өзегінен медиалдірек орналасады. Бұршақтәрізді сүйек үшқырлы сүйекпен алақан беткейінде бірігіп, алға және латералді ашылатын бұрыш құрайды. Ол бұрыш алдынан бүккіштер ұстағышының сіңірлерінің талшықтарымен қапталып, кейін өзекке, білезіктің шынтактық өзегі (canalis carpi ulnaris) Гюйонов өзегіне айналады.
Білезіктің шынтактық өзегінің қабырғалары: ---------------------------------------------------------------------------------
Медиалді-бњршақтэрізді сүйек;
Артынан-retinaculum flexorum-ның терең талшықтары;
Алдынан- retinaculum flexorum-ның беткей талшықгары;
--------------------------------------------------------------------------------
Өзектің медиалді кабырғасы проксималді білезіктің шынтақтық коллатералді жалғамасымен толықтырылады, ол жалғама бұршақ тәрізді сүйекті шынтақ сүйегімен байланыстырады. Білезіктің шынтактық өзегі бағыты вертикалді, оның ұзындығы 1,0 см-ден аспайды. Өзек арқылы қолдың алақан беткейіне шынтақтық артерия (a. ulnaris), кері бағытта шынтақтық вена (v. ulnaris), екеуінен ішке қарай шынтақтық нерв (n. ulnaris) өтеді.
Сонымен, алақанның алдыңғы беткейінде үш өзек: білезіктік, шынтақтық және кәріжіліктік орналасқан. Өзектердің ең үлкені-білезіктік, қалған өзектердің ортасында орналасады.