Сұлтан екеуміздің қайта табысып, татуласуымыз, Қарасудан балық аулауымыз сөз болады


ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУДА Екі нәрсені жазудың қиындығы айтылады



бет22/29
Дата30.01.2023
өлшемі169,81 Kb.
#63792
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
Mienin\' atym K\'ozha - Bierdibiek Sok\'pak\'baiev

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУДА

Екі нәрсені жазудың қиындығы айтылады


Жоқ, мен Жанарға айтуым керек. Мүмкін ол менің оған шын не екенімді... Япыр-ай осы бір сөздің қорқынышы-ай... Мейлі, ауруды жасырғанмен өлім әшкере қылады дейді ғой. Бүгін жасырғанмен, ертең есейген кез­де бәрібір әшкере болады. Сондықтан не де болса оқу­шыға турасын айтуға тиіспін. Менің оған шын... ғашық екенімді, мүмкін, Жанар білмес. Білсе ол Жантаспен неге солай отырады. Сондықтан мен оған айтуым керек бәрін де. Үлкейгенде кім болатындығымды, менен басқа ешкімді Жанар сүймеуі керектігін – бәр-бәрін жасырмай айтуға тиіспін. Айтайын. Тап қазір са­бақтан тарасымен онымен үйге бірге қайтамын да, жол-жөнекей: – Жанар, ғафу ет. Менің саған айтатын сөзім бар. Ол мынау... – деп, түк қалдырмай айтып берем. Немене, қолымнан келмей ме? Келеді. Мен сужүрек емеспін. Айта алмасам бар ғой... не деп ант ішсем екен.
Міне, соңғы сабақ та аяқталды. Жанарды иықтап, сыртқа қатарласып-ақ шықтым. Жүрегім лүп-лүп етіп, артыма қарасам, Жантас қу ілесіп келеді екен. Оның көз­қарасы маған: айт, айтам деп, кіжінген соң, айтпайсың ба енді? Батыр болсаң айт! – деп, әрі келемеждеп, әрі аңдып келе жатқандай көрінді. Бойым тітіреп, діріл­деп кеткендей болдым. Жантас қана емес, балалардың бәрі Жанар екеуімізге қарап, бұлар не сөйлер екен деп, құлақ түріп бара жатқан тәрізді.
«Жоқ, одан да, хат етіп, жазып берейін. Міне осым жөн, осы дұрыс» деген ойға келдім. «Ауызша айтқанда,­ мүмкін, бірдеңелерді ұмытып, айта алмай қалармын. 
Ал хатта қатырып, тәптіштеп тұрып, бәрін де жазуға болады».­
Күн райы бүгін бұзылыңқы. Күз болғанын білдіргісі келгендей желдетіп, қабақ түйіп тұр. Талайдан бері мөл­діреген ашық еді, сірә, жауатын түрі бар. Жасарын бұ­рынырақ жасап болып, үзіліп түскен бірлі-жарым қуаң сарғыш жапырақтар байқалады көшеде.
Мен тамақтанып отырғанда, тысырлап күн жауа бас­тады. Жынды бір құйын есік алдында зыр қағып, ана босағаға бір, мына босағаға бір соғылды, шаңдатып жі­бер­ді. «Мына қан жауғыр қайтеді» деп, әжем есікті жабуға ұмтылып еді, құйын оны одан бетер ызаландырмақ болғандай лезде аяғының дәл астынан келіп шықты­ да, көйлегін дөңгелентіп кеуектей түріп жіберді.
Кешегі уәдеміз бойынша Сұлтан келіп қалар деп кү­тіп едім. Келмеді. Тап қазір оның келмегеніне мен қуанбасам, ренжігем жоқ. Төр үйге кіріп, столыма жайғасып отырдым да, Жанарға хат жазбақшы болдым. Сағат қазір бір жарым.
Сағат екі болды...
Екі жарым болды...
Үш болды...
Столымның үсті қиқымдалып жыртылған қағазға толып кетті. Осының бәрі Жанарға жазылған хаттар. Жазамын, ұнамайды – жыртамын. Тағы жазам – тағы жыртам, бір дәптерді тауысуға айналдым. Жай сөзбен де жазып көрдім, өлеңдетіп те жазбақшы болдым. Болмайды, көңілімдегі лықсып тұрған көрікті ой қағазға түс­кенде өңезіп, өңі қашып кетеді. Жай ғана әсерсіз бірдеңе болып шығады.
«Жанар, мен сені керемет жақсы көрем!»
Тфу, осы да сөз бе. Жақсы көрудің кереметі, керемет емесі бола ма екен?
«Жанар, мен сүйем сені!»
Қандай тұрпайы – құдды кинодағы секілді.
«Ж... Қозы мен Баян секілді болайық».
Жо, бұл да емес. Іс-міс жоқ, түйеден түскендей етіп, бұл ненің қисыны. Әуелі бас жағын былай... жұқалап жазу керек емес пе. Содан біртін-біртін дамытып... сонда қалай жұқалап, қалай дамытпақшымын?
Екі нәрсені жазудың қиындығына менің көзім әб­ден жетіп болды. Бірі – қызға хат жазу, екіншісі – шы­ғарма. Өлең жазғандай емес, мұның машақаты да же­тер­лік көрінеді. Мінекей, осы повесті жаза бастағаныма­ екі-үш айдың жүзі болды. Қашан аяқтаймын, немен аяқтаймын, ол жағы маған әлі мәлім емес. Не де болса, бір тиянаққа тезірек келіп, бас-аяғын көмкеріп, ал халайық ендігі төрешісі өздерің болыңдар. Мен қолымнан­ келгенін істедім. Бағасын өздерің беріңдер деп, жұрт­шылық талқысына ұсынғанша асықпын-ақ.
Әрине, мен бұл повесті ойдан шығарып, немесе бас­қа біреу туралы жазып отырсам, онда тағы қанша жаза­рымды, оның немен тынарын да күні ілгері тұспалдап білген болар едім ғой. Менің қазіргі мүмкіндігім ондай емес. Өз басымнан кеткен оқиғаларды тізбектеп отырған хатшы тәріздімін. Бірақ сол іркес-тіркес оқиғаларды біріне-бірін қалай болса солай матап, жапсыра бергенмен ол көркем шығарма бола ма. Әрине, болмайды. Сыншылар айтатындай, оны жазушылық електен өткі­зіп өңдеуім, сұрыптауым, бір желінің бойына маржандай етіп тізе білуім қажет. Творчестволық еңбектің осы нәзік жақтары менің қолымнан келіп жатыр ма, келмей жатыр ма? Көрмей оқушымды жалықтырып жібер­ген жоқпын ба, неғұрлым ілгерілей түскен сайын сені осы жай қатты толқытып, жүрексіндіреді.
Бірақ, достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати ма? Қиындыққа құлаш сермеу біздің салтымыз емес пе? Бастап қалған екенмін бұл еңбекті – жеті қабат терім сылынса да, аяқтап шығуға міндеттімін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет