Түсінік хат 2021-2022 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы әдістемелік хат (368-бет), 2016-2017 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы әдістемелік хат (136-бет), «Эссені неден бастау керек?» авторы филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы Білім Академиясының директоры Ұлан Еркінбай ғаламтор сілтемесі ChaIIenge.kz және «Эссе әлемі» жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған авторлары: Қасымбек А.А, Байшигашева Е.Б, Құлдарова Ж.Д Астана: «Арман-ПВ» баспасынан шыққан әдістемелікке сүйене отырып жасалды.
Курс барысында оқушыларға эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадын айырмашылығы жөнінде түсінік беріледі. Сонымен қатар эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгілері ұсынылып, оларға талдау жасалады.
Мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылар әдебиет пәні бойынша
шығарма жазуға дағдыланған, ұсынылған тақырыптарды таңдау, оларға жоспар құру, шығарма жазу барысында жоспарды негізге ала отырып, одан ауытқымау сияқты талаптарды игерген. Эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктерін түсініп,бір-бірінен айқын ажырата алуы – аса маңызды қажеттілік.Екеуі де әдебиет пәні бойынша берілетін жазба жұмысы
болғандықтан, оларды жазуға негіз болатын авторлар мен шығармалар да ортақ. Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам, халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік, психологиялық жанды байланыстарды табиғи суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр. Олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанымен, мақсаттары,құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы,стилі әр түрлі. Осыларды ескере отырып, оқушылардың назарына
екі әдеби жанрдың өзіндік ерекшеліктерін курс барысында игерту. Курс барысында эссе мен шығарманың анықтамасы,құрылымы, мақсаты, оларды жазуға қойылатын талаптар дараланып көрсетіліп,қазақ тілінің бай сөздік қорын тиімді дұрыс қолдана білуге дағдыланады.
Мақсаты: Оқушылардың жазу сауаттылықтары мен дағдыларын, шығармашылық ойлауды және өзінің жеке ойын өз бетінше дамыту . Эссе түрлерін саралап жазуға дағдыландыру. Танымдық қабілетін артырып, өзіндік көзқарасы, пікірі, жеке шығармашылығын, жазу стилін қалыптастыру. Көркем сөздің орнын түсінуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға бағдар беру, сөздің берер қуаты арқылы рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту.