Сұлтанәлі Балғабаев


Басын шелекке қайта тығады. Мәлис Әлібаевичтің аяқ-қолдары қайта тырбаңдап кетеді. Саудагер әйел басты шелекке бұл жолы ұзағырақ ұстайды. Сосын қайта шығарады



бет40/41
Дата04.05.2023
өлшемі66,43 Kb.
#89747
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Басын шелекке қайта тығады. Мәлис Әлібаевичтің аяқ-қолдары қайта тырбаңдап кетеді. Саудагер әйел басты шелекке бұл жолы ұзағырақ ұстайды. Сосын қайта шығарады.
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Бітті шаруасы осымен! Жіберіңдер енді!
Бәрі Мәлис Әлібаевичті аяғынан қайта тұрғызады. Мәлис Әлібаевич басынан суы сорғалап біраз тұрады. Сосын айналасына қарайды.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мәке!.. Мәлис Әлібаевич, қалайсыз?!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жақсы!.. Бәрі дұрыс!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мәлис Әлібаевич, біз қателесіп басқа пойызға мініп кетіппіз...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. А, солай ма? /залдағы жұртқа қарап/. Мыналар кім?!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Бұл қазақтар ғой!.. Тойға келген қазақтар!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Осылардың бәрі тойға келген бе?! Странно! /Пойыздың бастығына қарап/. Сіз де тойға келген қазақ па?
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жо-жоқ, мен пойыздың бастығы боламын!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. А, бастығы болсаңыз пойызға неге дұрыстап қарамайсыз?! Мынау – не, бәрі тозған... ескі! Ау, анау Американың пойызын көрмейсіңдер ме?! Неге сол Американың пойызындай болмайсыңдар?!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Е, боламыз ғой... бірақ ақша бермейді!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Міне, ылғи осы!.. Бірдеңе десең бәрі жылай бастайды!.. Ең болмаса, айна бар ма осы пойызда?!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Айна дейсіз бе?! Айна бар менде!.. /купесінен шағын айна алып шығады. / Сатуға әкеле жатыр едім.
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Рахмет!.. Ұстай тұрыңызшы! /Саудагер әйелдің ұстап тұрған айнасына қарап, үсті-басын ретке келтіре бастайды/. Демек, бизнеспен айналысасыз ғой?.. Дұрыс, бизнесті үйрену керек біздің қазаққа!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Иә, үйрендік қой! Бәрін сатамыз қазір!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жақсы, сату керек бәрін! /Билетсіз жолаушыға қарап/. Сізді бір жерден көрген сияқтымын!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Сіз... біздің ауылға ана жолы келіп...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет