Сұлтанмахмұт шығармашылығы академик З. Ахметов зерттеуінде



жүктеу 30.3 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.01.2017
өлшемі30.3 Kb.

Сұлтанмахмұт шығармашылығы академик 

З.Ахметов зерттеуінде 

                                                   



А.С.Еспенбетов, 

ф.ғ .д., профессор 

                            Қазақстан, Семей 

 

Зәки  Ахметов  –  қазақ  әдебиеттану  ғ ылымының  аса  ірі  ӛкілдері  санатынан.  Әдебиет 



теориясы  мен  классикалық  әдебиеттің  күрделі  мәселелерінің  қым  қуат  құпиялары  мен 

шешілмеген  түйіндеріне  жауапты  оқымыстының  байсалды  тұжырымдарғ а  толы  кең  тынысты 

еңбектерінен табасыз. 

Қазақтың  қиырдағ ы  ауылында  дүние  есігін  ашқан,  аңсар-арманы  ғ ылым-білімге  ауғ ан, 

асқақ арманын  Қазақстан оқу орындарының қарашаңырағ ы КазГУ-ден тапқан он бес жасар бала 

Зәки  Ахметов  болатын.  Жиырма    жасында  университеттегі  оқуын  үздік  дипломмен  тәмәмдап, 

ғ ұлама  Мұхтар  Әуезов  бастатқан  ұстаздарының  ақ  батасымен  Ленинградтағ ы    Шығ ыстану 

институтының  аспирантурасына түседі. Жиырма үш жаста ғ ылым кандидаты, отыз жетіде ғ ылым 

докторы дәрежесіне жету тумысынан дарынды, барынша еңбекқор тұлғ аның ғ ана қолынан келер 

қиын  асу,  жемісті  ізденіс,  олжалы  табыс  еді.  Келер  ұрпақ  кәдесіне  жаратуғ а  бек  лайық  қазақ 

ӛлеңінің  құрылысы,  жалпы ӛлең сӛздің  теориясы,  әдебиеттер байланысы, абайтану, мұхтартану, 

шәкәрімтану,  мәтінтануғ а  арналғ ан  фундаментальды  еңбектері  әдебиет  ғ ылымын  жүрек 

қалауына айналдырғ ан бірнеше буынғ а пайдасы тиері айдан анық. 

Зәки  Ахметов  жүріп  ӛткен  ғ ылыми  жол  –  аса  күрделі,  қайшылығ ы  мол,  қалтарыс, 

бұралаңдары  жетіп  артыларлық  қатерлі  ӛткел  деуге  әбден  лайық.  Бұл  жӛнінде  досы,  сырласы 

академик  С.С.Қирабаев  пікіріне  құлақ  асқан    абзал:  «Зәки  қорғ ағ ан  тұс  (1951)  қазақ  халқының 

рухани  ӛміріндегі  ең  бір  жүдеушілік  кез  еді.  Қазақ  ұлтшылдығ ы  деген  айып  тағ ылып,  ұлттық 

ғ ылым мен мәдениеттің бас кӛтерер азаматтары түгелге жуық қудалау астында болды. Қ.Сәтпаев, 

М.Әуезов, Ә.Марғ ұлан, А.Жұбанов, Б.Кенжебаев, тағ ы басқалар қызметтерінен қуылып, әр жерде 

бой тасалады. Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Қ.Мұхамедханов сотталып 

кетті.  Осындай    жағ дайда  ғ ылымының  ӛркендеуі  тоқырап,  әрі-сәрі  күйге  ұшырады»  [1,  485]. 

С.Қирабаев  бояуды  қоюлатып  отырғ ан  жоқ, ӛткен ғ асырдың  елуінші  жылдарының шырқырағ ан 

шындығ ын шынайы ашып кӛрсеткен. 

Зәки  Ахметов  басынан  кешкен  сұрапыл  уақыттың  сұрқия  келбеті  жас  ғ алымды  

сескендіргенімен жолынан тайдыра алмады. Шындықты ту етіп ұстағ ан ақкӛңіл азамат, парасатты 

зерттеуші  зерттеушілік  ұстанымын  белгілеп  алды.  Ӛткінші,  желбуаз  ұрандардың  ықпалына  бой 

бермей,  ғ ылымдағ ы  принципшілдікті,  әділдікті,  еңбекқорлықты  адастырмас  Темірқазық  етіп 

ұстап,  толайым  табыстар  биігінен  кӛрінді.  Ана  сүтімен  дарығ ан  қарапайымдылық,  жайсаңдық, 

жібектей  есілген  мінез  жемісті  баспалдақтарғ а  ӛрлеуіне  кең  жол  ашты.  «Зәкидің  кісілігі  кең 

болғ анда, мәдениеті биік, білімі терең екені бәрімізге мәлім. Ӛзінде адам баласын жек кӛру сезімі 

жоққа  жақын,  тек  қана  хисапсыз  жақсы  кӛру  қабылеті  ғ ана  бар.  Жан-  дүниесінің  жылуы  мен 

жарығ ы  қазақ  -  қырғ ызғ а  түгел  тарап  еді.  Бар  қасиет  бір  ӛзінде  болғ ан  соң  шығ ар,  ешкімнен 



ешнәрсені  қызғ анбайтын.  Рухани  мағ ынада  ӛзінде  бардың  бәрін  ӛзгелерге  үлестіріп  беретін. 

Сондықтан  шығ ар,  досы  кӛп,  дұшпаны  аз  еді»  [2,  26],  -  деп  қанаттас  досы  академик  Зейнолла 

Қабдолов ӛзіне тән сұлулықпен сыр тӛккен.  Сыр емес ау жыр тӛккен. Жүрегіндегі қалтқысыз сезім 

достықтың, сыйластықтың символына айналып жүре берген. 

Академик  Ахметов  қазақтың  ірі  ақыны  Сұлтанмахмұт  Торайғ ыров  шығ армашылығ ына 

арнайы монографиялық еңбек жазуды мақсат етпеген. Алайда «Казахское стихосложение»[3],  «О 

языке казахской поэзии» [4], «Ӛлең сӛздің теориясы» [5]   іргелі зерттеулерінде қазақ поэзиясының 

болмыс-бітімі,  ішкі  әлемі,  құрылысы  тӛңірегінде  ой  ӛрбіткенде  С.Торайғ ыров  шығ армаларын 

кӛзауласында ұстайды. Ӛлең парасаты мен техникасының үздік үлгілері қатарында ақын мұрасына 

қайта-қайта оралып соғ ады. 

Осы орайда: «Абайды ұлы ізашар ақын деп қарағ анда оның шығ армашылық дәстүрлерін 

дамытып  жалғ астырғ ан  ізбасар  ақындар    деп  қазақ  поэзиясының  біртуар  аса  кӛрнекті 

қайраткерлерінен  Шәкәрім,  Сұлтанмахмұт,  Мағ жан,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатовты 

алдымен атаймыз» [6, 245],  -  деп  бӛліп алуы Абайдан  кейінгі  әдебиеттегі  Торайғ ыров  орнының 

маңыздылығ ына  мән  беруінде.  Әдеби  процестегі  дәстүр  мен  жаңашылдық  ұғ ымдарының 

жарасты  келісім  табуының  тағ ылымдық  сипатын  жете  ұғ ынуында,  әрі  Абай  дәстүрінің  сыр-

сипатын классикалық деңгейде пайымдауғ а жетісуінде. 

Зәки  Ахметов  қазақ  поэзиясының  ірі  қайраткері  С.Торайғ ыровтың  орыс  тіліндегі 

басылымының  дүниеге  келуіне  зор  қолқабысын  тигізген  [7].  Ӛткен    кеңестік  дәуірде  ұлттар 

мәдениеті мен ӛнерінің онкүндігін Мәскеуде ӛткізу әдеті қалыптасқан-ды. 1958 жылы қазақ ӛнері 

мен әдебиетінің онкүндігі  қарсаңында баспа кӛрген аталмыш кітап. Алғ ысӛзін жазғ ан З.Ахметов, 

аудармалардың  басым  кӛпшілігі  А.Жовтистікі,  «Кедей»  поэмасынан  үзінділер,  «Қамар  сұлу» 

романы  мен  бірнеше  кӛсемсӛздік  үлгілерін  тәржімалағ ан  С.Мартьянов,  жинаққа  енген  

шығ армаларына түсініктер жазғ ан Бейсембай Кенжебаев. 

Бірден  айту  керек,  бұл  Сұлтанмахмұттың  орыс  оқырмандарының  назарына  кеңінен 

ұсынылуы    еді.  Толық  шығ армалар  жинағ ы  қызметін  атқармағ анымен  орыс  тілді  оқырманғ а 

барлық  жанрдағ ы  мұрасының  жол  тартуында  З.Ахметов  жазғ ан  кіріспе  мақаланың  кӛтерген 

салмағ ы қомақты болатын. С.Торайғ ыров ӛмір сүрген дәуір сипаты, ондағ ы қайшылықты саяси-

әлеуметтік  құбылыстар,  қазақ  қоғ амының  ахуалы,  жазушының  шығ армашылық  табысы,  ӛмір 

жолы, артында қалғ ан бай мұра шағ ын ғ ұмырбаяндық очеркте тізбектеліп ӛтіп жатады. Аз сӛзбен 

кӛп  мағ ына  жеткізуді  мұрат  ететін,  жылтырауық,  желбуаз,  кӛпірме  тіркестерден  гӛрі  ғ ылыми 

байыпты  ойлар  тұжыруды  зерттеушілік  кредосына  айналдырғ ан  З.Ахметов  ұстанымы  мен  

мұндалап тұр. 

Алғ ысӛзді парақтай бастағ анда алғ ашқы беттегі толғ амғ а еріксіз кӛз тоқтатасыз, автормен 

бірге  ой  кешесіз.  «Султанмахмут  резко  выступал  против  произвола  и  жестокости,  сатирически 

изобличал  старое,  косное  в  социальных  отношениях,  в  быту  и  семейной  жизни,  клеймил 

отсталость  и  невежество.  Он  страстно  жаждал  торжества  правды  и  справедливости,  неустанно, 

мучительно  искал  путей  преобразования,  обновления  жизни.  Настоичивых  исканий  был  полон  

весь  творческий  путь  Султанмахмута»  [7,  5].  Қандай  ойлы  тұжырым.  Шыққан  ортасы,  жүрген 

жолы,  саяси  -  әлеуметтік  сілкіністер    уақытындағ ы  ұстанғ ан  кӛзқарасы,  саяси  платформасын 

жіліктеймін  деп  байырғ ы  таптаурынғ а  түсіп  кетпей  қаламгер  туралы  нақты,  затты  пікір  түйеді. 

«Шындықтың  аулын  іздеген»  қайсар  ақынның  ішкі  сырын  да,  сыртқы  айбынды  тұлғ асын  да 

оқырман зердесіне ұялатады. 


Ол  уақыттағ ы    ӛлшемге  сайсақ  бүкілодақтық  әдебиетті  сүйер  қауымғ а  асырып  айтпай, 

жасырып  қалмай  ақын  ӛмір  жолының  шындығ ын  ерекше  ғ алымдық  ыждаһатпен  тарата 

тарқатады.  Келісті  лирикалық  ӛлеңдерімен,  болмысы  ерек,  бітімі  бӛлек,  соны  сипаттағ ы 

поэмаларымен,  қазақтың  алғ ашқы  романдары  сапынан  берік  орын  алғ ан  кең  тынысты 

шығ армаларымен,  әрқайсысы  дара  табиғ атымен  қазақ  кӛсемсӛзінде  сүбелі  үлес  саналатын 

проблемалық мақалаларымен Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің даму жолында ойып алғ ан орны 

бар  Сұлтанмахмұт  Торайғ ыров  феноменінің  басты  белгілерін  межелеп  тастағ андай  әсер 

қалдырады. 

Бір  сӛзбен  түйгенде,  З.Ахметовтің  Торайғ ыров  жӛніндегі  ой-қорытындылары  әлі  де 

қайырыла қарап, тереңдей зерттеуге сұранып тұрғ андығ ы ақиқат. 



 


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет