«Академик Е. А. Бөкетов атындағы мектеп гимназия» кмм



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата23.10.2022
өлшемі350,66 Kb.
#45036
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


«Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп – гимназия» КММ  
 
 
 
 
 
 
 
Авторлық бағдарлама 
 
Тақырыбы: «Ебіней Бөкетовтану»
(7 сынып – 34 сағат) 
 
 
 
 
Құрастырған:
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы 
Сергеевка қаласы
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы
мектеп-гимназия» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Оразалина Жулдыз Тураровна
 
 
2018-2019 оқу жылы 


УДК373 
ББК74.268.3 
 
 
Рецензенттер: М.Қайролапова – Шал ақын ауданының «Академик 
Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің қазақ тілінен бірінші 
санатты мұғалімі. 
Б.Мұхамеджанова –Шал ақын ауданының «Қазақ орта 
мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет жоғары санатты мұғалімі. 
Құрастырушы: Ж.Оразалина – Шал ақын ауданының «Академик Е.А.Бөкетов 
атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің бірінші 
санатты мұғалімі. 
Қолданбалы курс «Ебіней Бөкетовтану» 7 сыныпқа арналған қазақ тілі мен 
әдебиет мұғалімдерге қолдануға болады. Авторлық бағдарламада негізгі ереже, 
күтізбелік-тақырыптық және оқу-тақырыптық жоспарлары құрастырылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Пікір 
«Ебіней Бөкетовтану» бағдарламасы базалық бағдарламаға енбеген 
материалдармен қамтылған. Бағдарлама оқушылардың қызығушылығын 
тудыратын мазмұнға ие. Бағдарлама мазмұны оқушылардың зияткерлік
шығармашылық, эмоционалды дамуына септігін тигізеді. Белсенді оқыту 
әдістерін кеңінен қолдануды талап етеді. Қойылған мақсатқа сәйкес бағдарлама 
мазмұны толық және аяқталған. Курс мазмұны алдыңғы базалық курстан алған 
біліммен келесі тақырыптарды оқып, одан әрі дамуына мүмкіндік туғызатындай 
жүйеде құрылған. Бағдарлама көбінесе белсенді оқытудың әдістеріне 
негізделеді. Бағдарламада оқытудың күтілетін нәтижесі мен оларға қол 
жеткізетін тексеру әдістер нақты анықталған. Бағдарлама оқу-әдістемелік және 
материалдық-техникалық құралдарды, мектептің кадрлық мүмкіндіктерін 
пайдалану жағынан шынайы түрде құрылған. Бағдарлама қажетті бөлімдерден: 
түсінік хат, негізгі мазмұндық бөлім, күтілетін нәтиже, әдебиеттер тізімінен 
тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет