«Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ
Баяндама
Тақырыбы:
«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларғажалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету»
Дайындаған: Мукуышева Ш.С.
Ботақара-2021
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға
жалпы білім беру мектебінде психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету
Инклюзивті білім беру" ұғымы білім беру адамның негізгі
құқықтарының бірі болатын және де ол әділ қоғамның негізін құрайтын
тұжырымнан қалыптасқан. барлық оқушылар жеке қасиеттеріне немесе
проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы [2].
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру
қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапа-
лы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік
және басқа да көмекке мұқтаждығы. ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ. психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар ба-
лалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппа-
раты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы
зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық
проблемалары бар балалар.
зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын
меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дис-
калькулия және т.б.). бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны
балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. мінез-құлық
және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлар-
дан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отба-
сы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше
проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл
бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен
және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан
(енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік)
пайда болуы мүмкін.
3-топ. әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени
ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындай-
тын балалар. бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз
қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармай-
тын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке,
нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке
бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не-
месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы
педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі
пмпк жолдамасы бойынша психикалық және дене дамуы бұзылған
бала сыныпта оқыған жағдайда мұғалім мен мамандар сыныптағы
сабақтарда мұндай оқушының оқуы мен мінез-құлқындағы қиындықтарын
зерделей отырып, бірден бақылауға кіріседі. әр маман бір апта ішінде ба-
ланы қадағалайды (алдын ала қадағалап, қандай маман және қандай ба-
ланы алу керектігін жүзеге асырады). бақылау нәтижелерін белгілеу үшін
мұғалімдер мен мамандар үшін бірыңғай бақылау хаттамасы қолданылады
(1-қосымша. 2 а формасы). бақылау бір апта ішінде жүзеге асырылады.
күнделікті бақылау нәтижелері тіркеледі (баға қиындықтар баллында), со-
дан кейін қорытылады (1-қосымша. 2 б формасы). сабақта бірінші бақылау
әдісін қолдану маңызды болып табылады, өйткені мамандар баланың сынып-
та табысты оқуға мүмкіндік бермейтін ерекшеліктерін (өз ерекшеліктері:
күшті және әлсіз жақтар барлық адамдарда болады) анықтауы керек.
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әрбір
маманының жеке-дамытушылық жұмысының басты мақсаты - баланың
құрдастарымен бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес оқу
бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау.
мамандардың міндеті дамытушы жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы,
соның ішінде қысқартылған (бейімделген) білім беру бағдарламасын
меңгерту үшін зиятының, сөйлеу, әлеуметтік-коммуникативтік және жеке
дамудың жеткілікті деңгейін (міндетті емес нормативтік) қамтамасыз ету.
мамандардың міндеті-баланың қажеттілігін ескеру және оқыту
қиындықтарын жеңу мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. бағдарламаны
жасау кезінде баланың әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар күшті
жақтарын да ескеру, оның мүдделері мен қызығушылықтарына сүйену.
бұл приниципті іске асыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет:
- бағдарламаның оқушы үшін қол жетімділігі; оның міндеттері баланың
жақын даму аймағы ескеріле отырып қойылуы тиіс;
- оқу мен мінез-құлықтың қиындықтарын жеңуге ғана емес, оларды ту-
дыратын себептерге де бағдарлануы;
Оқушы сабақ тақырыбына сәйкес келмейтін тапсырманы өзінің жеке
бағдарламасы бойынша орындайды. бұл тапсырманы сабақта сынып
мұғалімі дайындайды және ұсынады. Ол үшін мұғалімге арнайы педагогтың
кеңесі қажет. сондықтан бұл педагогтар автономды емес, ынтымақтастықта
жұмыс істейді.
Жетістіктерді бағалау қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберінде
жүзеге асырылады. бағдарламаның әрбір мақсаты үшін бақылау-
диагностикалық тапсырмалар іріктеледі
Достарыңызбен бөлісу: |