Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Қазақстанда ауытқушылықтың алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. бұл конференцияда ең бірінші рет дамуында ауытқуы бар балаларға арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру проблемалары, оларды оқыту, тәрбие беретін мекемелерден ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстары бойынша мәселелер қарастырылды.

Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдау көрсеткендей, өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар өткізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі Республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдаспаған.

1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Москва, Ленинградтағы педагогикалық институттарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлінген.