Смағұл Елубай «Ақ боз үй» роман –трилогия I. «Ақ боз үй» II . «Мінәжат» III. «Жалған дүние» деп аталатын үш бөліктен тұратын роман желісі
Идея: Халыққа төнген қиын шақ,Сталиндік қуғын-сүргін жылдарын, әділетсіздікті суреттейді.
Авторлық ұстаным: халықты ояту
Көңіл-күй: наздану,күйіну,сағыну
ПЕЙЗАЖ
1. Бесінге еңкейген қиғаш күн сәулесі сынаптай жылтылдап, ұзарып солған алтын шашақ қуалап, тынымсыз сырғанайды. Толқынды толқын қуалап тегіс алқап бетінде күміс ағын жүгіреді. Ақ көде,боз бидайық ақ жайқын теңіз бетіндей толықсиды.
2. Дала кең. Мезгіл сәске түс. Қалай қарасаң да жай созылған сахара. Ауа шыныдай мөлдір,таза. Аспан жайқын,зеңгір биік. Күн ашық,жалтыр. Ыстық емес. Жұмсақ, жайлы қоңыр күз.
Жан-жағын көк шөп көмкерген қазан шұңқырда көздің жасындай мөлдіреп тұнған бастау. Тіс жарғандай салқын екен. Бұндай ғажайып суды, Тұщыбұлақ суындай ғажайып суды еш жерде, ешқашан ішпеген екен Шеге.
ҚҰЛДЫРАУ
1. Өзін-өзі аяды. Дүниедегі ең бақытсыз жан екеніне көзі жетті. Көзінен пора-пора жасы ақты. Жас балаша жылады. Ес білгелі бұндай әлсіздік көрсеткен емес еді..Бұндай күйрек күйге түспеп еді.