Соқаның негізгі міндеті- жердің жоғарғы қабатын аудару. Жер жырту арамшөптердің мөлшерін азайтады, қопсытады және топырақты жұмсақ әрі икемді етеді, әрі қарай егуді жеңілдетеді. Жер жырту процесінде қазірдің өзінде өсіп келе жатқан, бірақ әлі жетілмеген жылдық арамшөптер зақымдалады. Сонымен қатар, жер қыртысының айналымы өсіп жетілмеген арамшөп тұқымдарының құнарлы топырақтың төменгі (терең) қабатына ауысуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде арамшөптердің өнуіне қосымша кедергі келтіреді және ол көптеген тұқымдардың өлуіне әкеледі. Сонымен қатар, жақсы өнгіштігі бар өткен жылдардағы арамшөптердің тұқымдары өседі.
Соқалардың жұмысына қойылатын талаптар:
жер жыртудың тереңдігінің берілген мөлшерден ауытқуы 5%-дан аспаған жөн;
соқалардың кесіп аударатын қыртыстарының геометриялық өлшемдерінің мөлшері тұрақты болуы керек;
қыртыстар аударылғанда арамшөп, өсімдік қалдықтарын және себілген тыңайтқыштарды толық көмуі тиіс;
өңделген жердің беті тегіс, аударылған қыртыстардың үстіндегі жалдар біркелкі болып, 5см аспауы керек;
көрші алымдар арасында кең ашылған қарықтар, болмаса өңделмеген жалдар болмауы тиіс.
Соқаныңбұрандалы, жартылай бұрандалы, цилиндрлі, қайырмасыз, т.б. түрлері бар. Қазіргі трактор соқалары былайша жіктеуге болады:
Қайырмалы(жалпы жұмысқа арналған соқалар мен түренді сыдыра жыртқыштар),торлы қайырмалы (ылғалды және жабысқақ топырақты өңдейтін),жартылай винтті және винтті қайырмалы (тың және тыңайған жерлерді жыртатын) соқалар.
Жалпы жұмысқа арналған соқалар топырақты 27см тереңдікке дейін жыртуға қолданылады.Арнаулы плугтар ерекше операцияларға пайдаланылады. Мысалы: ПЛП-135 жолақты орман соқасын орман дақылдары үшін топырақ дайындауға,өрттен сақтандыру және суару жолақтарын жүргізуге пайдаланады,сондай ақ ол жас ағаштар аралығында ашық алаң жасайды және осы кезде ұсақ бұталар мен түбірлерді қаза отырып,оларды бір жағынан жылжыту жұмысын да атқарады.
Соқа маркалары былайша оқылады: