68
социальное развитие, самосовершенствование, уважение к личности других людей,
соблюдение гражданских прав и обязанностей, и т.д. В социуме содержится не меньше
объединяющих мужчин и женщин факторов, чем факторов подчёркивающих
уникальность каждого из полов, именно данная тенденция и является первопричиной
распространенности «андрогинности» среди молодежи.
Таким образом, изучение психологических особенностей и поиск методов,
необходимых для успешного становления гендерной идентичности у старшеклассников
является актуальной научной проблемой, требующей своего решения. Следует
отметить, что одной из первостепенных задач педагогов-психологов, работающих со
старшим школьным возрастом, является помощь в сохранении своеобразия полов у
молодого поколения, но в то же время уметь наладить взаимопонимание между
полами. Результаты, полученные в представленной работе, могут быть использованы
для дальнейших разработок и исследований в данной области, а также при организации
психолого-педагогического сопровождения старшеклассников.
Литература:
1.
Электрон. Ресурс: http://strategy2050.kz/ru/president/54
2.
Бэм С.Л. Линзы гендера. Трансформация взглядов на проблемы неравенства полов. М.:
РОССПЭН, 2004. – 336 с.
3.
Бендас Т.В. Гендерная психология. – СПб.: Питер, 2007. – 326 с.
4.
Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования. М., 2001. – 448 с.
ƏОЖ 398.21
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУ
Бейсенова З.Б., Елеусизова Г.И.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
«Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке
басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен
алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгеру үшін
оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі
көрсетудің, мінез-құлық мəдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған» [1] –
деп көрсетілген.
Бұл орайда бастауыш сатыда балалардың жеке ерекшеліктерін дамытуда ертегінің
алар орны ерекше. Ертегілер əрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль
атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-
дəстүрі, əдет-ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы
т.б. бейнеленген. Ұрпақ тəрбиесінде ең тиімді тəрбие құралы ретінде ертегілер тілі
жеңіл,
түсінуі
оңай
болғандықтан,
ертегілердің
балаларға
отансүйгіштік,
еңбексүйгіштік, т.б. тəрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар
қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін
жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік
құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік
69
қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың
айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту – қоғам дамыған
сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мəселелердің бірі. Оның үстіне
еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу, оны оқыту əдістемесін
жетілдіру, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мəселесі əдіскер
ғалымдардың зерттеуінен түспей жүрген мəселелердің бірі.
Бастауыш сыныпта ертегілерді оқытудың маңызы зор. Ертегі –– халық
шығармасы, халық мұрасы. Онда халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы,
əділдік пен шындық, бақыт туралы ойлары тоғысып жатады. Қай халық болсын өзінің
даму жолында қилы-қилы тарихи кезеңдерден өтеді. Жақсылық пен жамандықтың
бітіспес тайталасын бастан кешіреді. Ертегі қаһармандарының үнемі күрес үстінде
көрінетіні жəне осы жолда жеңіске жететіні, əділдіктің əркез үстем болатыны ––
халықтың осынау көкейтесті ой-арманының көрінісі. Халық ойының аса бай құнарынан
жаратылғандықтан да ертегі əрбір оқушы үшін ерекше маңызға ие. Əр алуан
ертегілермен танысу оқушыны қиялдай білуге үйретеді. Халықтық тəрбиенің қасиетті
бұлағынан сусындауға мүмкіндік жасайды. Ел мен жерге деген сүйіспеншілігін
оятады, азаматтық көзқарасының алғашқы негізінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Жалпы алғанда ертегі бастауыш сынып оқушыларын оқуға ынталандыратын
шығармалардың бірі. Қазақ халқы педагогикалық қағидаларды «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің». «Беске дейін піріңдей күт, он беске дейін құлыңдай күт»,
«баланы жастан...» т.б. сияқты түсініктермен толықтай дəлелденген, теориялық
ұғымдар. Халық балаға жастай тəрбие беруде баланың қалыптасып жетілуіне тікелей
ықпал ететін тəрбиелік дүниелерді, ертегілер, батырлар жыры, ұлттық ойындар т.б.
пайдаланған. Ертегіден халықтың əр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-
арманы, дүниетанымы мен көзқарасы, тағы басқа көрініп отырады. Сондықтан да
Белинский мұны «Халық жанының айнасы» деген болатын [2.105].
К.Д.Ушинский бала тəрбиелеудегі ауыз əдебиетінің рөліне ерекше тоқталып,
«Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы жəне тамаша үлгілері. Ертегілердегідей
халықтың асқан даналық тəрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тəрбие құралы жоқ»
деген болатын [3.13]. Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, бала шақтың
болашағын елестетіп, келешекте сеніммен қарауға тəрбиелейтін ең əсерлі ертегілер –
қиял ғажайып ертегілері [4.57]. Ертегілер балалардың жастай ақыл-ой жағынан
дамуында, адамгершілік жағынан жетілуінде ерекше орын алады. Ақыл-ой жағынан
даму дегенде балалардың ертегідегі небір оқиғаларды, қиял-ғажайып суреттерді көз
алдына елестетіп, қиялдарының дамуын, реалды күнделікті өмір сырларын тануға деген
фантазиялық ойлау əрекеттерінің жетілуін түсінеміз. Қазақ ертегілеріндегі бір
қанатының өзі жайып жібергенде айшылық жерді алып кететін самұрық, көзді ашып-
жұмғанша айшылық жерді алты-ақ аттайтын аттар, жүрісіне шаң ілеспейтін желаяқ, бір
тауды көтеріп бір таудың үстіне қонатын таусоғар, бір өзі үлкен дарияны бір-ақ
ұрттайтын көлтауысар бейнелерін көз алдына елестету бала қиялына əсер етіп, ойлау
қабілетіне тікелей ықпал ететін жоғары тəрбиелік дүниелер болып табылады. Бұл қиял
түрлері əртүрлі елестетулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады.
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы
əдіс арқылы ертегілердегі мифологиялық бейнелер (жезтырнақ) т.б. құрастырылады,
сол сияқты қиял бейнелерін жасауға қатысатын əдістердің бірі –– гипербола. Гипербола
деп нəрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Ертегілерді
қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. (жеті басты айдаһар,
самұрық құс т.б.) Адамгершілік деген уақытта ертегінің ең басты ерекшелігі оның
жағымды кейіпкерінің өз мұратына жетуі, өз мұратына жетуі үшін ол кейіпкер əділ,
тапқыр, батыл, күшті, ақылды болып келеді демек, бала ертегіні оқи отырып өмірде
70
бақытты болу үшін, өмірдің ең жоғарғы мұратына жету үшін, адамға керек басты
қасиеттердің не екендігін жастай түсініп қана қоймай, оны өз бойына қалыптастыруға
тырысушылығын көруімізге болады. Керісінше, ертедегі жағымсыз кейіпкерлер яғни,
өтірік айтатын, біреуді алдап, басқа біреудің еңбегі арқылы күн көретін адамдардың өз
мұратына жете алмай, орта жолда қалып отыратынына бала өзінің түсінігіне сəйкес
қарсы сезімде тəрбиеленетінін байқауымыз. Ертегілердің балаға тəрбиелік əсері
жөнінде айтқан уақытта оның құрылысы бала психологиясына соншалықты əсер
ететіндей етіп алынады. Ертегілердің қарапайым өмірді көрсететіні жартысынан аз
бөлігі болса, жартысынан көп бөлігі өмір қиындығын көрсетеді, ал өмір қызығын,
тəттілігін көрсететін бөлігі аз-ақ сөйлеммен беріледі, яғни, ертегінің басты кейіпкері
небір қиындықтарды бастан кешіре жүріп соңынан көздеген мақсатына жетеді. Бұдан
ертегілердің баланың өмірге құштар да, жігерлі, талапты болып өсуіне тікелей ықпал
ететін тəрбиелік жағын көруімізге болады.
Қазақ халқының ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, əділеттікке, еңбек
сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, ерлікке, əдептілікке үйретеді. Жамандықтан,
қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тəрбиелейді. Əрдайым татулық, бірлік,
ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Сондықтан ертегі –– балалардың рухани өмірінің
айырылмас досы. Халықтың ауыз əдебиетінің тəрбиелік мəні күшті болуы да сонда. Ол
баланы алған ісінің аяғына дейін табыспен аяқтауға, қиял шалқытып, ой-өрісін
кеңейтуге себепші болады.
Қорыта айтқанда, ақыл-ойы жақсы дамыған жас ұрпақ тəрбиелеуде халықтық
тəжірибеге негізделген тəрбиенің орны ерекше. Соның негізінде халық өзінің
біртұтастығын сақтап, байтақ өңірді алып жатқан өзен-көлін, жер-суын, жазиралы
даласын қорғап, өркениетті бірыңғай дамуын қамтамасыз етті.
Бүгінгі алда тұрған міндет тарихи қалыптасқан халықтық тəрбиенің атқарған
қызметтерін жан-жақты ашып қою ғана емес, одан қазіргі ұлттық мектеп
қалыптастыруға қажетті баға жетпес тұстарын ала білу. Ол үшін: баланың есін, тілін,
қиялын дамытуда ауыз əдебиетінің туындыларын ғылыми негізде қолдана жəне
бастауыш сыныптарда, балалар бақшаларында бірыңғай ауыз əдебиетін оқытуды
қамтамасыз ете отырып, оның тағылымдық мəнін барған сайын толық, терең пайдалана
білуіміз қажет.
Əдебиет:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. - 2007.
2.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. – Алматы: Санат, 1996. – 368 б.
3.
Райымбекова Қ. Халықтық тəрбиедегі тəрбие теориясына қатынасты түсініктер // Ұлт
тағылымы, 2013. -№ 4.
4.
Табылдиев Ə. Халық тағылымы. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. - 200б.
Достарыңызбен бөлісу: |