Қарапайым қоғам- рулық-тайпалық қатынастарға, табиғи шаруашылдық формасына негiзделген, еңбектiң жыныс пен жас шамасына қарай бөлiнуiмен, стихиялық түрде ұжымды басқару iсiне қатысумен, және көбiнесе көшпендiлi өмiр сүру мен, бiлiмдi ұрпақтан ұрпаққа ауз тiлi және тәжiрибе арқылы жеткiзу мен ерекшеленетiн алғашқы қоғамның типы.
Дәстүрлi қоғам- аграрлы революция нәтижесiнде көптеген әлеуметтiк (орталыққа бағынатың мемлекет, абсолюттi монархия), құқықтық, және бiлiм институттарының қалыптасуы, жазба тiлдiн пайда болуы мен моногамиялық отбасының пайда болуы, қоғамдық сатыда жоғары тұрған элитарлық басқару, өзiндiк пайдалану экономикасы, товар алмасу қатынастарының нығайтылуы және жеке меншiктiң пайда болуы, кәсiби және ауыл шаруашылығына негiзделген еңбек формасының кең тарауы, үлкен мәдени орталықтардың-қалалардың пайда болуы, ғылыми бiлiмдердiн кең өрiс алуы мен ерекшеленетiн қоғам типы (меншiк объектiсi- құлиленушiлiк-адам, феодалдық-жер, капиталистiк-капитал).